Инновациялық іс–әрекеттің бағытын таңдау. Инновациялық іс–әрекеттің
мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының приоритетті бағыттағы
бағдарламаларының
(республикалық,
аймақтық,
өлкелік
немесе
муниципиальдық) және мектепке дейінгі педагогика мен психология,
әлеуметтану, медицина саласындағы ғылыми–зерттеу жұмыстарының
нәтижелері негізінде анақталады. Бұл бағыттар зерттеу жұмыстарын жобалау
және оқып үйренетін пәндердің біртұтастығы мен бірлігіне байланысты
жіктеледі.
Инновациялық іс–әрекеттің бағыты: – балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуына
жағдай жасау, өмірін қорғау.
160
Балалардың дамуы – балардың денсаулығын қорғауға, нығайтуға арналған
технология. Балалардың экологиялық – валеологиялық дамуы. Баланы алуан
түрлі іс–әрекет барысында дамыту. Әр түлі іс – әрекет барысында балалардың
шығармашылық қабілеттерін, әлеуетін дамыту. Мектепке дейінгі ұйымдар мен
бастауыш сыныптардың сабақтастығын қамтамасыз ету. Баланың жеке тұлға
ретінде қалыптасуына байланысты жалпыадамзаттық құндылықтар мен
ізгілендіру бағыттарын басшылыққа алу. Денсаулық сақтау, мәдениет және
білім беру, әлеуметтік ортаның өзара тығыз байланыстылығын қалыптастыру.
Педагогтар мен мамандардың кәсіби дамуы – мектепке дейінгі жастағы
балалардың біртұтас дамуын кіріктірілген педагогикалық үдеріс ретінде
қарастыру. Балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және түзету
жұмыстарының технологиясы. Отбасымен және серіктестермен жұмыс.
Балабақша мен бастауыш сыныптардың сабақтастығының сақталуы. Отбасы
мен балабақшаның әлеуметтік дамуы.
Мектепке дейінгі ұйымдарды басқаруды жетілдіру–білім беру ұйымдарының
жаңа моделін құру. Білім мазмұнының сабақтастығын сақтау, жаңарту
бағытындағы жаңа педагогикалық технологиялар мен балама (альтернативті),
вариативті бағдарламалар дайындау. Дамытушы ортаны жобалау. Жаңа
ақпараттық технологияларды білім беруде және мектепке дейінгі ұйымдарды
басқаруда пайдалана білуге мамандарды үйрету көзделеді.
Инновациялық іс–әрекет бағдарламаларын жасау. Мұндай іс –әрекеттер
негізінен эксперименттік тәжірибе арқылы жүргізіледі. Эксперименттік
тәжірибе – бұл ғылыми–педагогикалық қызметке бағытталған. Оның мазмұны
педагогикалық құбылысты зерттеу, табиғи немесе жасанды жағдайларда
педагогикалық проблеманы шешудің жаңаша жолдарын іздестіру, оған бақылау
мен басшылық жасау. Тәжірибелік–эксперимент (ТЭ) жұмысы – ол білім беру
ұйымдарындағы ғылыми–тәжірибелік ерекше қызметтің түрі болып табылады,
оның негізінде педагогикалық жүйенің дамуына үлес қосылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәжірибелік эксперимент алаңы ретінде жүзеге
асырылады. Оның педагогикалық шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде
білім берудің жаңа тенденциялары пайда болады.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылық іс–әрекеттердің инновациялық
қызметке қатынасын төмендегідей үш түрде ұсынады:
– модификациялық–бұл белгілі бір бағдарламаларды (әдіс–тәсілдерді)
жетілдіру, тиімділігін айқындау, өзгерту, өңдеу, толықтыру бағытында
жүргізіледі. Мұнда педагогикалық тәжірибеде қолданылған іс–әрекеттің
жетістіктері тиімділік тұрғысынан қарастырылады. Мысалы: Монтессори
жүйесі немесе Вольдорф педагогкасы.
– комбинаторлық – бұл белгілі бағдарламалар мен әдістемелердің
элементтерін біріктіре пайдалану болып табылады.
– радикальды шығармашылық іс–әрекет– бұл білім беру жүйесінде ұқсастығы
жоқ, педагогикалық теория мен тәжірибеде бұрын соңды қолданылмаған жаңа,
тың идеяларды енгізу болып табылады.
161
Тәжірибелік–эксперимент
жұмыстары
бірнеше
кезеңнен
тұрады:
диагностикалық, прогностикалық, ұйымдастыру және тәжірибелік: талдау,
айқындау, тәжірибеге ендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |