Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет55/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

дәрежеде көрініс табуы, тиісті нәтиже беруі мынадай факторларға байланысты. 
Олар:  а)  нақты  мақсатқа  бағытталған,  бірізділікте  құрылған,  арнайы  жүйемен 
байланысты, тәрбиешінің объективті іс-әрекеті;  
ә)  тәрбиешінің  субъективті  мүмкіндіктерімен  байланысты.  Түрткі, 
құзіреттілік, қабілеттері басты рөл атқарады.  
б) кәсіби ортаның ұйымдастырылуына байланысты.  
Ал  нәтижесі  төмен  дәрежеде  сипатталатын  шығармашылық  тек  әкімшілік 
тарапынан берілген тапсырмалар, ережелерді жетекшілік ететін тәрбиешілердің 
іс-әрекетінен  байқалады.  Өз  қызметінде  жеке  мақсаттарын  өзінің 
тәрбиеленушілерінің 
қызығушылықтарынан 
жоғары 
қойып, 
айналасындағыларды  өзіне  қаратуды  көздейтін  тәрбиешінің  жұмысында 


 
149 
шығармашылық  нәтиже  болмайды.  Осыған  байланысты  әрбір  тәрбиеші  өзінің 
білімін,  іскерлігін,  дағдыларын  тиісті  талаптарға  сай  дамытып  отыруы  керек. 
Ол  білім  саласындағы  өзгерістерге,  жаңаруларға  жалпы  қоғамның  дамуына 
байланысты жүреді. Педагогтың білімін дамытып, шығармашылығын шыңдауы 
үлкен  еңбек  пен  талапты  қажет  ететіні  сөзсіз  екендігін  мойындай  келе, 
шығармашылықты дамытудың төмендегідей кезеңдерін ұсынады:  
Кәсіби даму –  шығармашылықтың  өте  қарапайым  түрі,  тәрбиешінің    өзінің 
жіберген қателерін қайталамауға бағытталады.  
Арнайы  әдістемелік  –  тәрбиешінің  баршаға  танымал  әдістемелермен 
танысуы және өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, сол тәжірибелерді күнделікті 
іс-әрекетінде пайдалана алудағы шығармашылығы.  
Жоспарлау–  тәрбиешінің  әріптестерінің  тәжірибесін  пайдалана  отырып, 
өзіндік жұмыс жасау жүйесін құрай алу шығармашылығы.  
Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру – тек жоспарлаумен шектелмейтін, тұтас 
педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудың  тиімді  қағидаларын  ескере  отырып 
жүзеге асатын шығармашылық түрі.  
Ғылыми ұйымдасқан іс-әрекет – шығармашылықтың дамуының ең жоғарғы 
деңгейі.  
Педагогтің шығармашылығының бұл деңгейіне барлық тәрбиеші дерлік жете 
бермейді, осы дейгейге жетуді маңызды санап, осыған байланысты зерттеулер 
жүргізген ғалымдар: С.И. Архангельский, Ю.К. Бабанский, В.Е. Гмурман, М.А. 
Данилов,  В.И.  Журавлев,  Л.В.  Занков,  В.И.  Загвязинский,  Ф.Ф.  Королев,  В.В. 
Краевский,  Н.В.  Кузьмина,  М.Н.  Скаткин,  В.М.  Полонский,  Я.С.  Турбовской, 
Н.Д.  Хмель,  В.С.  Черепанов,  В.С.  Шубинский,  Г.П.  Щедровицкий  және 
отандық зерттеушілер: А.Е.Әбылқасымова, М.А. Құдайқұлов, И.Н. Нұғыманов, 
Т.С. Сабыров, Ш. Таубаева және т.б. Олардың ойынша педагогтардың ғылыми-
зерттеу  жұмыстары  тұтас  педагогикалық  үдерісті  тиімді  ұйымдастыруда 
маңызы  зор.  Сонымен  қатар  әр  тәрбиеші  осы  іс-әрекет  арқасында  білімін 
толықтырып,  қоғамдағы  өзгерістер  мен  талаптарға  сай  қызмет  атқара  алады 
балалардың  бойында  шығармашылық  қабілеттерді  қалыптастыру  деңгейі 
біршама көтеріле түседі. Тәрбиешінің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы 
оның  кәсиби  мәдениетінің  дамуына  жол  ашады  деп  танып,  зерттеушілік 
мәдениетті 
әрқырынан 
қарастырған 
ғалымдар: 
зерттеу 
мәдениетін 
педагогикалық  қабілет  деп  көрсеткен  -  М.И.Скаткин,  зерттеу  туралы  білімі, 
білік дағдысының болуы керек деген - Л.Горбунова, педагогикалық қызметтегі 
кәсіби  шеберлік  ретінде-  И.Д.Богаева,  педагогикалық  шығармашылық  - 
В.И.Скляной, 
зерттеушілік 
іс-әрекет–Н.В. 
Кухаров, 
А.И.Кочетов, 
педагогикалық  мәдениеттіліктің  бір  бөлігі–А.А.Молдажанова,  ғылыми-
шығармашылықтың  синонимі–И.Я.  Понаморев,  мұғалімнің  методологиялық 
мәдениетінің бір бөлігі–В.А. Сластенин, В.Э.Тамарин, педагогикалық ойлаудың 
белгілі бір деңгейі–Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, мұғалімнің кәсіби-зерттеу 
мәдениеті–З.А.  Исаева,  зерттеу  еңбегінің  құралы–П.Т.  Приходько,  кәсіби 
құзіреттіліктің  даму  деңгейі–А.К.  Маркова,  кәсіби  мәдениеттілік  -  В.А. 
Сластенин,  методологиялық  ойлаудың  пайда  болуы–О.С.Анисимова,  ғылыми 
қызметкердің  еңбек  ету  мәдениетінің  пайда  болуы–К.М.  Варшавский,  зерттеу 


 
150 
қабілеттілігі–Е.И.  Регирер,  оқу  үдірісінде  зерттеу  нәтижелерін  жүзеге  асыру  - 
Т.И.  Шамова,  инновациялық  әрекетің  құралы–Л.С.Подымова,  И.И.Циркун, 
педагогикалық  технологияларды  меңгеру  факторы–Г.К.Селевко,  мұғалімнің 
кәсіби  іс-әрекетке  іргелі  дайындығы–З.А.Исаева,  М.С.Молдабеков,  рухани 
мәдениеттің бір бөлігі – М.М.Мухамбетова. 
    Инновациялық  педагогикалық  технологияларды  теориялық  және  ғылыми-
қолданбалы  бағыт  тұрғысынан  зерттеу  арқауы  етiп,  оларды  оқу  процесiн 
жетiлдiру 
бағытында 
қолдану 
мәселелерiмен 
отандық 
ғалымдар: 
Д.М.Жүсiбалиева,  Б.Ә.Әбдiкәрiмұлы,  М.С.Мәлiбекова,  Г.Қ.Нұрғалиева,  Қ. 
Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева,т.б өз зерттеулерiнде қарастырған. 
Дегенмен,  жоғарыда  айтылған  мәселелердiң  барлығы  бiлiм  беру  мазмұны 
сабақтастығын  сақтауда  инновациялық  педагогикалық  технологияларды 
пайдалану  мүмкiндiктерiн  нақтылау  қажеттiгiн  айқындай  түсуде.  ғылыми 
ортада  және  тәжiрибелi  мамандар  арасында  үзiлiссiз  бiлiм  берудiң  әрбiр 
сатысындағы 
бiлiм 
мазмұнын 
жаңарту 
барысында 
инновациялық 
педагогикалық  технологияларды  пайдалану  мәселесi  де  күн  тәртiбiнен  түспей 
үнемi талдану үстiнде.  
    Ресей  ғалымдары:  балабақша  мен  бастауыш  мектептегі  білім  беру 
мазмұнының 
сабақтастығы 
тұрғысынан: 
Л.А.Венгер, 
Т.К.Воробьева, 
В.В.Давыдов, В.Т.Кудрявцова, Л.А.Парамонова, Е.Ю.Пратасова, Г.К.Широкова, 
мектептегi  бiлiм  мазмұны  сабақтастығын  Г.В.Дорофеева,  Ш.И.Ганелина, 
М.Н.Лебедева, кәсiптiк бiлiм беруде С.М.Годник, А.М.Новиковалар қарастырса, 
орта  мектеп  пен  жоғары  мектептегі  білім  беру  мазмұны  мәселелерін 
Г.Н.Александрова,  О.В.Кузнецова,  Ю.А.Кустова,  т.б.  зерттеген.  Олардың 
пiкiрiнше, балабақша мен бастауыш мектептiң арасындағы бiлiм беру мазмұны 
сабақтастығының сақталмауының басты себептерi: 
-  iстiң  жайының  бiр–бiрiне  байланыссыз  "екi  жақты"  шешiлуi  және  олардың 
өзiндiк тұрғыдан жеке қарастырылуы; 
-  оқыту  мен  тәрбиелеу  мазмұнының  жиi  қайталануы  және  олардың  жас 
ерекшелiгiнiң нақты ескерiлмеуi; 
-  мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешiлердiң, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң 
арнаулы мамандар болмауы; 
-  кәсiби бiлiктiлiктің жеткiлiксiздiгi; 
-  "сабақтастық" ұғымын бiржақты түсiну; 
-  бiлiм  беру  тиiмдiлiгiн  арттырудағы  сабақтастық  сақталуының  маңызын  жете 
сезiне алмау; 
-  екi  жақты  дамытушылық  ортаның  және  материалдық  базаның  толық 
жабдықталмауы; 
-  ата-аналардың  педагогикалық  мақсаттылыққа  сәйкес  бала  тәрбиесiне,  бiлiм 
алуына  ықпал  ете  алмауы,  т.б  обьективтi  және  субективтi  факторлар  ықпал 
етуде деп ой түйiндейдi. 
    Бұл  кемшiлiктердi  жоюдың  жолдарын  қарастырғанымызда  балабақша, 
отбасы  және  мектептiң  бiрлескен  еңбегiнiң  нәтижесiнде  қол  жеткiзуге 
болатындығы  байқалды.  Балабақша  мен  бастауыш  мектепте  бiлiм  мазмұны 
сабақтастығын қалыптастыруда баланы мектепке дайындауда осыған дейiн 6-7 


 
151 
жасты  қамтыса,  ендi  5-6  жасты  толық  қамтамасыз  ету,  оларға  жағдай  жасау 
қажеттiлiгi  туындап  отыр.  Бiлiм  мазмұны  сабақтастығын  айқындайтын  негiзгi 
факторлардың  бiрi  -  оның  мазмұнына  талдау  жасау.  Мұнда  берiлетiн  бiлiм 
мазмұнын  саны  жағынан  көбейту  емес,  мазмұнды  тереңдету,  қарастырып 
отырған фактiлер мен құбылыстардың өзара заңдылығы мен байланыстылығын 
және  сол  байланыстың  басты  себеп-салдарларынан  тек  мағлұмат  берiп  қана 
қоймай негiзгi түсiнiктердi беруге көңiл бөлу қажет деп ойлаймыз. 
Көптеген  ғалымдар  тарапынан  сан  түрлі  бағытта  сипатталған  тәрбиешінің,  
шығармашылық  әрекет  етуді  талап  ететін  шарттарға  негізделіп,  олардың 
шығармашылық  қабілетінің  дамуына  жол  ашады.  Сондай  жағдайда  тәрбиеші 
тек қана оқу үдірісін тиісті дәрежеде ұйымдастыруды ғана меңгермей, сонымен 
қатар  ғылымдағы  жаңалықтардан  қалыс  қалмай,  ұдайы  білімін  жетілдіруге 
мүмкіндік  алады.  Яғни,  балалардың  қарапайым  ойын  зерттеу  іс-әрекеттерін 
қалыптастыруға лайық болады.  
    Ойымызды  нақтылай  түссек,  мектепке  дейiнгi  ұйымдарда  инновациялық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  тәрбиешінің  шығармашылығын  дамыту 
үшін  шығармашылықтың  ең  жоғарғы  деңгейде  қалыптасуын  қамтамасыз  ету 
шарт.  Өйткені  тәрбиеші  балалардың  тәрбиелеу  мен  білім  беру  іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру  барысында:  олардың  шығармашылықпен  дербес  әрекет  етуін, 
қарапайым  тәжірибелер  жасай  білу  әдістерімен  таныстыру,  олардың    өздерін 
жетілдіруге  жол  ашу,  өзін-өзі  және  құрбыластарын  бағалай  білу  т.б  күрделі 
мақсаттарды  көздейді.  Соған  байланысты  балаларды  іс-әрекетке  қызықтыра 
білу, олардың қызығушылықтары мен танымдық түрткілерін анықтау, өздеріне 
деген  сенімділік  тудыру  сияқты  міндетерді  тәрбиеші  тек  қана  педагогикалық 
іскерлік  дағдылар  мен  өзінің  шығармашылығының  арқасында  және 
ғылымының негізін игеруі арқылы жүзеге асырады.  
    Тәрбиеші  шығармашылық  ізденіс  таныта  отырып  педагогикалық  дағылар 
мен  іскерліктерінің  арқасында,  ғылыми  бағытта  жұмыс  жасай  алуы  - 
балалардың  ойын-зерттеу  іс-әрекеті  ғылымның  қарапайым  логикасы  мен 
зерттеу әдістері арқылы жүзеге асатындығына байланысты басты талаптардың 
бірі  болып  саналады.  Тәрбиеші  осы  мәселелерді  меңгеру  мақсатында, 
балалардың қызығушылықтарын толық қанағаттандыру үшін жан-жақты білім 
жинауда    ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналыса  алуы  керек.  Осы  мәселеге 
қатысты  А.В.Леонтович:  балалардың  оқу-зерттеу  жұмыстарына  жетекші 
тәрбиешінің  жоғары  кәсіби  педагогикалық    дайындығының  болуы,  сонымен 
қатар  ғалым  ретінде  ғылымның  маңызын  түсініп,  біз  жоғарыда  атап  өткен 
шығармашылықтың  жоғарғы  деңгейі  болып  саналатын  ізденіс  жұмыстарын 
жүргізе білуі маңызды деп санайды. Бұл мәселе төмендегі кестеде қамтылған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет