Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет61/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Тәрбиеші  педагогтардың  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастырудың  негізгі 
бағыттары:  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  –  қазақстандық 
білім  беру  жүйесін  өзгертудің  негізгі  бөлігі  болып  табылады.  Білім  беру 
реформасын  жүзеге  асырудағы  негізгі  тұлға  педагог  болып  табылады. 
Мемлекеттің  педагог  мамандарға  бағдарланған  әлеуметтік  тапсырысы  ең 
алдымен,  балабақша,  мектеп  таңдау  жағдайында  өз  бетімен  жауапты  шешім  
қабылдай  алатын,  ынтымақтастыққа  икемді,  ел  тағдырына  жанашырлықпен 
қарайтын жоғары құзыретті адамдарды қалыптастыруды көздейді. Алайда білім 
берудің сапасы мен тиімділігін арттыру міндеттері мен осы міндеттерді жүзеге 
асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктері арасындағы 
қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айтуға болады.  
Осы  өзекті  мәселені  шешудегі  негізгі  рөл  елдімізде:  білім  беру 
қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  мен  қайта  даярлау  жүйесі;  кәсіби  білім 
беру  жүйесі.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  біліктілікті  арттыру 
жүйесін жаңғыртуда төмендегі мәселелер басшылыққа алынды: 


 
163 

әрбиеші,  педагогтар  мен  басшылардың  біліктілігін  арттыру  мен  қайта 
даярлауды жаңа білім мазмұны мен оқыту әдістемесінің, технологиясындағы 
өзгерістерді ескере отырып, жүзеге асыру;  

инновациялық технологияны, ізденгіштікті, зерттеушілікті, шығармашылық 
іс-әрекетті, ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын  игерген, 
көптіліді меңгерген, кәсіби құзіретті маман даярлау; 

педагогикалық білім беру мазмұнын жетілдіру, барлық деңгейлер 
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, оны тереңдету және кәсіби 
бағдарын күшейту; 

педагог-мамандарды  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайындағы  өнімді 
кәсіби әрекетке дайындау. 
Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының енгізілуі. 
Білім  беру  стандартының    өзгертіліп,  жаңартылып  отыруы  барлық 
деңгейлердегі  жаңа  білім  мазмұнынан  бастап,  бағалау  жүйесіне  дейін 
әзірленуіне  байланысты.  Білім  беру  саясатындағы  басым  бағыттардың  бірі  – 
білім беру процесін құзыретті тәсілге бағдарлау. Білім мазмұны мен оны жүзеге 
асыру жолдарындағы жоғары сипатқа ие, өзгерістердің жалпы бағыты мен оны 
іске асыру жолдарын қамтамасыз ететін маңызды міндеттер:  

педагогтарды  білім  берудің  жаңа  технологияларын  меңгеруден,    кәсіби 
рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор) 
сәйкесінше  игеруден  тұратын  құзыретті  тәсілдері  аясындағы  жұмыстарға 
даярлау,  

педагогтарды денсаулық сақтау технологиясымен қамтамасыз ету;  

білім  беру  процесін  барынша  дараландыру  жағдайындағы  іс-әрекетке 
даярлығын қалыптастыру;  
   Баланың  негізгі  құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейін  бағалауға  дайындық 
педагогтың  негізгі  құзыреттіліктерінің  деңгейімен  тікелей  байланысты. 
Педагогтарды  жаңа  білім  беру  стандартының  талаптарына  сәйкес  даярлау 
жалпы алғанда педагогтың: 
 
- жаңа білім беру стандарының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;  
 
- білім беру процесін бағдарламалық және әдістемелік өзгертуге;  
 
- педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;  
 
-  білім  берудің  дәстүрлі  және  тың  нәтижелерін  бағалауға  мүмкіндік 
беретін  бағалау  әрекетінің  жаңа  тәсілдерін  қолдануға  даярлығының 
қалыптасуын көрсетеді.  
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру. 
Ақпараттық-коммуникативтік технологияның  білім беру процесінің ресурсына 
айналуы тәрбиеші педагогтың өзіндік жұмысқа арналған  тапсырмалар жүйесін 
пайдалануы  және  түрлі  педагогикалық  жағдаяттар  арқылы  ақпараттық-
коммуникативтік  технологияның  мүмкіндіктерін  қолдануға  бағдарлау 
қабілетіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан  педагогты  даярлау  мынадай 
міндеттерден тұрады: 
- АКТ озық қолданыс деңгейінде игеру;  


 
164 
-  ақпараттық  ортада  тәрбиешінің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  әдістері  мен 
дидактикалық тәсілдерін игеру;   
Кәсіби  педагогикалық  білім  беру  жүйесін  жетілдіруде:  Жоғары  және  орта 
кәсіби  педагогикалық  білім  беру  жүйесіндегі  жаңарту    бағыттарының 
ортасынан  ең  алдымен,  педагогикалық  кадрлық  ресурстарға  қойылатын 
талаптарды бөліп алуға болады: 
-  құзыреттілік-бағдарлы  білім  беруге  көшу  негізгі  кәсіби  құзыреттіліктерді 
қалыптастыруды көздейді;  
-  тар  мамандандырудан  түлектің  кәсіби  белсенділігінің  базасын  құратын  кең 
профильді даялыққа өту; 
- кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту;  
Білім  беру  жүйесін  жаңарту  жағдайында  кәсіби  қызметтің  жаңа  тәсілдерін, 
педагогикалық  процеске  қатысушылар  арасындағы  жаңа  қатынас  құрылымын 
игерген,  жан-жақты  даярлығы  жеткілікті  маман  даярлаудағы  қажеттілік 
туындайды.  
Кәсіби  құзіреттердің  білім  беруді  ақпараттандыруға  байланысты 
талаптарға  сәйкестігі  -  педагогикалық  оқу  орындарының  түлектері  соңғы 
уақыттарда бастапқы қолдану  дағдыларын игергенін көрсетіп жүр. Біліктілікті 
арттыру  жүйесі  мен  түрлі  серіктестіктер  жобалары  жалпы  алғанда  жұмыс 
істеушілердің  компьютерлік  сауаттылығын  қамтамасыз  ету  міндеттерін 
орындап  келеді.  Сонымен  қатар  тәрбиеші  педагогтар  ақпараттық  ортадағы 
өзіндік  жұмысты  ұйымдастыруға  дайын  емес.  Ақпараттық-коммуникативтік 
технологияны қолдануға оқыту теориясы мен практикасы педагогикалық білім 
берудің базалық білім мазмұнына енгізілмеген.  
Кәсіби  педагогикалық  білім  беру  мамандар  даярлауға  қойылатын  талаптар: 
Жалпы  даярлығы:  Тәрбиеші:  -негізінде  философиялық  және  мәдени 
тұжырымдар жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын білуі тиіс;  
- жалпы психология негіздерін, педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын білуі 
тиіс; мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс; 
- шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай білуі тиіс;  
-  табиғаттың,  қоғамның,  адам  өміріндегі  өзгерістерді  тұжырымдай  отырып, 
техникалық дамудың қарқындылығын сезінуі тиіс;  
- ақпараттық-коммуникативтік технологияны еркін игеруі тиіс; 
- оқытудың техникалық құралдарын меңгере білуі тіис. 
Кәсіби даярлығы: - жас және жеке ерекшелік психологиясын;  
- педагогика тарихын;  
- педагогиканы;  
- түзету педагогикасының негіздерін;  
- тәрбие теориясын;  
- қазақстанның қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді;  
- педагогикалық технология мен әдістеменің мәнін ажырата білуі тиіс;  
- саралап оқытуды, жобалар әдістерін, денсаулық сақтай оқыту технологиясын; 
-  тұлғалық-бағдарлы  оқыту,  құзыретті  бағдарлы  оқыту,  академиялық, 
прагматикалық, құрылымдық тәсілдерін білуі тиіс;  
- оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың құқықтық нормаларға қатынасын;  


 
165 
-  ақпаратты  сақтау,  талдау,  жеткізу  негіздерін  білуі  тиіс.  қосымша  білім  беру 
бағыты бойынша білім беру саласының мазмұнын білуі тиіс;  
-  қосымша  білім  беруді  іске  асыруға  мүмкіндік  беретін  жекеленген  әдіс-
тәсілдерді білуі тиіс;  
-  бағдарламаға,  оқу-әдістемелік  кешенге  талдау  жасай  білуі;  сондай-ақ 
дидактикалық материалдарға, электронды тасымалдау тәсілдеріне талдау жасай 
білуі тиіс;  
- педагогикалық зерттеу жүргізе білуі тиіс;  
- тренинг ұйымдастыруға және өткізуге икемді болуға тиіс;  
- элективті курстың жеке бағдарламасын жасай білуі тиіс;  
-  элективті  курстар  мен  қосымша  білім  беруге  қажетті  дидактикалық 
материалдарды әзірлей білуі тиіс;  
-  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-аналармен    жүргізілетін  жұмыстардың 
формаларын,  әдістерін  жетік  білуі  шарт;  (материалдар  в  –  қосымшада 
ұсынылды).  Негізгі  құзыреттілктерді:  кәсіби  коммуникативтік,  проблеманың 
шешімін  табу,  ақпараттық  құзіреттіліктерді  игере  білуі  тиіс.  Осыған  орай, 
төменде тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін жетілідірудің моделін ұсындық.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет