Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет67/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

А. Балалардың ойын- зерттеу іс- әрекетін жүргізуде төмендегі ережені 
сақтай білу: 
1. Балаларды өз бетінше әрекет етуге үйрету. 
2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару. 
3. Талқылау кезінде балаға баға беруге асықпау. 
4. Білім алу барысында балаға көмектесу. 
- өз бетінше проблеманы шығару; 


 
173 
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру; 
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау: 
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау; 
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну; 
5. Балаларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, 
шыдамдылық танытуға үйрету; 
Балалардың зерттеу әрекетін төмендегідей бірізділікте жүргізу көзделді: 
1. Зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау. 
2. Зерттеу тақырыбын таңдау. (зерттеу міндеттерін анықтау) 
3. Зерттеу әдістерін анықтау. 
4. Зерттеуді жүргізу.(ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент) 
5. Алынған материалды талдау және тарату(алынған материалды белгілі бір 
ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру) 
6. Қортындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, 
зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау) 
7. Презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру) 
8. Аяқталған жұмыс қортындысын талқылау. Рефлексия.  
   Ә.  Балалардың  ойын-зерттеу  іс-әрекетін  жүргізуде  мақсат,  міндеттерді 
дұрыс  қоя  білу.  Балабақша  тәжірибесінде  қарапайым  зерттеу  іс-әрекетін 
жүргізуде  оның  мақсат,  міндеттерін  айқындап  алу  тәрбиешінің  кәсіби 
құзіреттігін жетілдіруге ықпал етері сөзсіз. Мұнда мекепке дейінгі жасағы білім 
мазмұнын    жаңартуда  алға  қойылатын  мақсат  айқын  және  міндеттер  нақты 
болуы тиіс.  
Мақсат:  зерттеу  жұмыстарын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу,  білім  беру 
мазмұнын қандай пәндер арқылы жаңартуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;  
Бұл мақсаттарды жүзеге асрыуда төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: 
- зерттеу тақырыптарын таңдау және жоспарын құру; 
- зерттеу әдістерімен балаларды таныстыру; 
- арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізу; 
- тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау дайындау; 
    Бұл  міндеттерді  шешу  бағытындағы  жұмыстардан мектепке  дейінгі  жастағы 
балалармен зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері, мектепалды  тобында – 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  әдістері,  дербес  зерттеулер  жүргізу
тәрбиешілерге 
әдістемелік 
нұсқау, 
баланың 
балабақшадағы 
зерттеу 
тәжірибесінен  үлгі  сабақ  жоспарлары  дайындалды.  Баланың  зерттеу 
қабілеттерінің  дамуы-бүгінгі  білім  беруді  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  міндеттерді  шешу,  әрбір  педагогикалық  міндеттерді  шешу 
тәрізді педагогикалық проблематиканың жалпы контекістінде қарау қажет. 
Б.  Балалардың  ойын-зерттеу  іс-әрекетін  жүргізуде  төмендегі  зерттеу 
әдістерін  тиімді  пайдалана  білу:  өздігінен  дербес  ойлану;  басқа  адамдардан 
сұрау;  кітаптардан  қарап  көру;  теледидардан  қарау;  бақылау  жасау; 
эксперимент  жүргізу;  компьютерден    немесе  интернет  арқылы  ақпараттар 
жинау;  мамандардан  сұрап,  байланыс  жасау.  Осыған  орай,  айнала  қоршаған 
ортамен таныстыру және валеология сабақтарында балалармен бірлесе отырып 
зерттеу  жұмыстарын  жүргіздік.  Теориялық  мәліметтерді  басшылыққа  ала 


 
174 
отрып,  балалармен  өзіміздің  тәжірибелік  жұмыстарымыздың  барысында 
аталған әдістерді тәжірибелік байқаудан өткізіп, оның тиімділіне көз жеткіздік. 
    Біз  зерттеу  әдістерін  нақтылап  алу  үшін  оқытудың  біртұтас  әдістеріне  шолу 
жасап  аламыз.  ХХ  ғасырдың  70-  ші  жылдары  белгілі  ғалымдар  М.Н.Скаткин 
және И.Я. Лернер оқу  әдістерін екі топқа бөлуді ұсынған: репродуктивті  және 
продуктивті  (өнімді)  Аталған  топтарға  сәйкес  оқытудың  негізгі  бес  әдіс-
тәсілдері белгілеген. Олар: 
-  түсіндірмелі-көрнекі; 
-  репродуктивті; 
-  проблемалы баяндау; 
-  жекелей ізденеу; 
-  зерттеу жасау (байқап көру, бақылау жасау);  
    Бұл  әдістердің  алғашқы  екі  түрін-репродуктивті,  ал  соңғы  екі  түрін  – 
продуктивті  (өнімділер)  әдістер  қатарына  жатқызып,  проблемалық  баяндауды 
аралық  топ  деп  есептейміз.  Бұл  әдістердің  бірінші  тобында,  балалар  алған 
дайын  білімдерін  пайдаланады  немесе  өздеріне  таныс  іс  –әрекет  барысында 
жүзеге  асырады.  Әдістердің  екінші  тобында,  балалар  зерттеу  жұмыстары 
барысында  шығармашылықпен  өздігінен  дербес  әрекет  етіп,  жаңа  білімдер 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет