Монография Астана, 2010. 250 бет


 - кесте - Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешінің шығармашылығын



Pdf көрінісі
бет56/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

11 - кесте - Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешінің шығармашылығын  
дамытуға қойылатын талаптар 
 
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің 
шығармашылығын дамытуда жетекші 
Тәрбиеші ретінде 
Ғалым ретінде  


 
152 
- өз пәнін жеттік білуі; 
-  сабақты  өткізуде  инновациялық 
технологияларды 
пайдалану  
әдістемесін меңгеруі; 

педагогикалық 
міндеттерді 
шешудегі  кәсіптік  шығармашылық 
іскерлігі; 
- шығармашылық шеберлік; 
- іргелі және кіріктірілген білімдердің 
жоғары деңгейі; 
-ұйымдастырушылық шеберлігі; 

балалармен 
қарым-қатынас 
мәдениеті; 
- талап қоя білу қабілеті. 
 

ғылымның зерттеу әдістерін 
меңгеруі; 

балалардың оқу-зерттеу іс-
әрекеттерін қалыптастырудың 
әдістемесін игеруі; 

кең дүниетанымдық көзқарас; 

кәсіптік-педагогикалық  қасиетке 
жаңаша көзқарас; 

балалардың 
оқу-зерттеу 
жұмыстарын  ұйымдастырудағы 
шығармашылығы; 

балалармен  ізгі  ниетпен  қарым-
қатынас жасау; 

ғылыми  ізденіске  құлшыныстың 
болуы. 
 
Кестеде 
көрсетілген 
мектепке 
дейiнгi 
ұйымдарда 
инновациялық 
технологияларды пайдалану  арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамытуда 
жетекші тұлғаның кәсіби-педагогикалық және ғылыми ізденушілік қабілеттері 
бірігіп,  тәрбиешіге  осы  іс-әрекеттің  түрін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді. 
Тәрбиеші  ретінде  ол  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  пайдалана  отырып, 
балаларға қарапайым-зерттеу іс-әрекеті туралы мағлұмат бере алады. Ал ғалым 
ретінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізудің  жолдары,  зерттеу  әдістері  орынды 
пайдалана  білу  сияқты  оқу-зерттеу  іс-әрекетін  тиісті  бағытта  қалыптастыруға 
қажетті білімдерді меңгеруі маңызды. 
Сонымен қатар тәрбиеші тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз, 
оған  қоса,  оларда  төмендегідей  тұлғалық  қабілеттері  болуы  шарт:  балаларға 
деген  шексіз  сүйіспеншілік,  қарым-қатынас  жасай  алу,  ізгілік,  талап  қоя 
білушілік,  кеңпейілділік,  әділеттілік,  рухани  байлық,  адалдық,  оқушымен  тең 
дәржеде қарым-қатынас орната алушылық т.б.  
Осыған  байланысты  А.И.  Савенков  педагогтың  іс-әрекеті  оң  нәтиже  беруі 
үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:  
  осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз; 
  қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз; 
  балалардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз; 
  бағалауға асықпаңыз; 
  олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар 
үшін жасамаңыз т.б. 
Ал  отандық  ғалымдар:  Ү.Б.Жексенбаева  және  Б.Қ.Игенбаевалар  бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқу-зерттеу  іс-әрекеттеріне  жетекшілік  жасау  үшін 
төмендегі ережені сақтауы тиіс дейді:  
  оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйрету; 
  нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару; 
  талқылау кезінде баға беруге асықпау.  


 
153 
    Жоғарыда  айтылған  ойлардан  біз  төмендегідей  қорытынды  жасадық: 
тәрбиеші 
балалардың 
білім 
мазмұнын 
мңгертуде 
инновациялық 
технологияларды  пайдалану  барысында  бұл  үдерістің  оқыту  мен  тәрбиелеу 
үдерісінің  айырмашылығын  түсініп,  қарым-қатынас  жасауда  «субъкт-объект» 
бағытында  емес,  «субъект-субъект»  бағытын  ұстануы  маңызды.  Яғни,  баланы 
«әріптесі» ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар беруден алшақ 
бола отырып, олардың өз ойын, пікірін, жасқанбай, қысылмай айтуын қадағалау, 
қарым-қатынаста демократиялық стилді басшылыққа алу. Тәрбиешінің осындай 
әрекеті  балалардың  бойында  өздеріне  деген  сенімділік,  өздерін-өздері  бағалай 
біліушілік, ойларын еркін жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар іс-
әрекетке  қызығушылықтарын  арттырады.  Балалармен  жүргізілетін  кез-келген 
жұмыстың  табысты  болуының  80%  қарым-қатынас  стиліне  тәуелді  екендігін 
осы уақытқа дейін көптеген педагог-зерттеушілер дәлелдеп келгені белгілі.  
    Жалпы,  педагогикалық  шығармашылық  нақты  нұсқаулар  мен  ережелерге 
бағынбайды. Өйткені әр тәрбиешінің шығармашылығы әр қырынан, әр бағытта 
көрінуі  мүмкін.  Алайда  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  іс-әрекетін 
қалыптастыру  олардың  шығармашылығын  қалыптастыру  түсінігімен  бара  бар 
болғандықтан,  шығармашылық  қабілетті  тұлға  тек  шығармашылықпен  жұмыс 
жасай  алатын  ұстаз  еңбегінің  нәтижесінде  қалыптасады.  Осыған  байланысты 
В.И.Загвязинский: «шығармашылықтың үш дәрежесі бар дейді. Олар: жаңалақ 
ашу,  жаңа  зат  ойлап  табу  (изобртение),  бар  нәрсені  дамыту».  Ал  мектепке 
дейінгі  жаста  балалардың  өз  бойларындағы  бар  білімді  дамытып,  көптеген 
ізденістің  нәтижесінде  жеңіске  жетеді,  өздеріне  әлемнің  тылсым  сырларын 
жаңалық ретінде ашып, таниды. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы шығармашылықты дамытуда төмендегідей мәселелерді ескеру қажет:  
  шығармашылық  жұмыс  жасау  дегеніміз  міндетті  түрде  жаңа  нәрсе  ойлап 
табу емес екендігін түсіну;  
  бар  білімді,  білікті  тиімді  жолдар  арқылы  дамыту.  Соған  байланысты 
педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып, озығын таңдай алу;  
  осы мақсаттарды жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу жүргізу; 
  оқыту мен тәрбиелеудің оқушының жан-жақты дамуына бағытталып, 
адамгершілік құндылықтардың қалыптасуын назардан тыс қалдырмау; 
  оқытудың  мақсаттарын  түгел  шешуге  бағытталған  іс-әрекет,  яғни  бір 
уақытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерін қамту.  
    Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы  шығармашылықты  дамытуда  оқытудың  білімдік,  тәрбиелік, 
дамытушылық мақсаттарын қатар жүзеге асыруды көздейді.  
    Кестеде 
тәрбиешінің 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда 
инновациялық 
технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда алға қоятын 
мақсаттары мен соған сәйкес міндеттер және соңғы нәтиже көрсетілген.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет