Монография Астана, 2010. 250 бет


  Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешілердің



Pdf көрінісі
бет64/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

 
3.2  Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешілердің 
инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілгін 
жетілдіру бағыттары 
 
    Қоғамның  алға  басуы  көп  ретте  бүгінгі  ұрпақтардың  қандай  дәрежеде  білім 
алып  тәрбиеленуіне  байланысты.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  білім  беруде 
инновациялық  технологияны  енгізу  мен  таратудың  көпшілігі  оны  зерттеуші 
және  таратушы  ғана  емес,  оны  қолданушы  болып  табылатын  адамға  тәуелді. 
Бүгінде  мектепке  дейінгі  ұйымдар  біркелкі  бағдарламамен,  біртектес 
әдістемемен,  біркелкі  оқу  жоспарларымен  жұмыс  істейді.  Сондықтан 
балабақша  тәрбиешілері  жаңа  инновациялық  технологияларды  тиімді 
қолдануға  даяр  емес.  Тәрбиеші  педагогтар  қауымы  заман  талабы  қойып 
отырған ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру үшін инновациялық 
технологияларды  тәжірибеде  қолдана  білуге  дағдылану  керек.  Тәрбиешінің 
оқыту  әдістерін  үйлесімді  етіп  таңдап  алуы  білім  берудің  нәтижелі  болуына 
мүмкіндік  жасайды,  ол  үшін  тәрбиеші  балалардың  өмір  тәжірибесін,  білім 
қорын, іскерлік дағдыларының қалыптасуын есепке алуы қажет. Жаңаша әдіс-
тәсілдермен танысып, оны үнемі өз тәжірибесінде қолданып, жетілдіріп отыруы 
шарт.  Сондай-ақ,  жаңашыл  педагогтардың  іс-тәжірибесімен  танысып,  дамыта 
оқыту,  модульдік  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлау,  іскерлік  ойындарды  өткізу, 
тренинг  жүргізуді  және  балаларды  қарапайым  зерттеу  жұмыстарын  жүргізе 
білуге  үйрету  жолдарын  өздері  меңгеруі  керек.  Балалардың  ақыл-ойын 
дамытып,  дүниетанымдық  өрісін  кеңейтуде,  ұлттық  рух  пен  сана  сезімін 
қалыптастыруда  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүйелі  жүргізіп,  тәжірибеде 
тиімді  пайдалану  негізгі  міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  міндеттің 
шешімін  табу  үшін    балабақша  ұжымдары,  әрбір  тәрбиеші  күнделікті  ізденіс 
арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қадам жасап, 
оқыту  түрлерін,  әдістері  мен  құралдарын  одан  әрі  жетілдіріп,  тиімді  әдіс-
тәсілдерді  нәтижелі  қолданудың  жолдарын  іздестіруі  қажет.  Соңғы 
жылдардағы  ғылым  мен  тәжірибені  зерделейтін  болсақ,  балабақшалардың 
дамуы  мен  қалыптасуында  білім  берудің  жаңа  бағыты  ретінде  инновациялық 
технологиялар  біртіндеп  ендірілуде.  Олар  ғылыми-әдістемелік  еңбектерде 
«Инновация, 
инновациялық 
үдіріс-деп 
отырғанымызды 
білім 
беру 
ұйымдарының  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға 
байланысты қызметі»-деп дәлелдеген.   
    Инновация  ұғымын  көрнекті  ғалымдар:  Т.И.Шамова,  П.И.Третьякова, 
М.М.Поташник,  отандық  ғалымдар:  Н.Нұрахметов,  Ж.Қараев,  Ш.Таубаева, 
С.Лактионова,  С.Мұқанова  т.б  еңбектерінде  қарастырылған.  (2.41).  Аталған 
мәселеге  сәйкес  А.И.Савенковтың  еңбектерінде  жаңаша  бағыт  –  бағдарлар 
ұсынылған. Мектепке дейінгі жаста зерттеу жұмыстарын жүргізу  жолдары өте 
қарапайым, түсінікті, дәлелді түрде жас ерекшелігіне сәйкес жан-жақты талдау 
жасалған.  Бұл  еңбекті  басшылыққа  ала  отырып,  эксперимент  алаңдарындағы 


 
170 
мектепке  дейінгі  жастағы  балалармен  тәжірибелік  жұмыстарды  жүргізуде 
тәрбиешінің  кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру  жолдарына  сипаттама 
бермекпіз.  Мұнда  ең  алдымен  тәрбиеші  балаларға  берілетін  білім  мазмұнына 
сәйкес зерттеу тақырыбын қалай таңдау қажеттігін анықтап алуы керек. Кез-
келген  қарапайым  зерттеу  жұмысының  басталуы  –  бұл  әрбір  баланың  зерттеу 
жұмысының тақырыпты дұрыс  таңдауынан басталады.  Тақырып таңдау қиын 
емес,  ол  үшін  бала  қазіргі  кезеңде  өзін  не  қызықтыратынын  нақты  біліп  алуы 
қажет.  Баланың  балабақшадағы  зерттеу  тәжірибесі.  Мектеп  жасына  дейінгі 
баланың  тәжірибесі–ол  айналамен  танысудың  тағы  бір  жолы.  Оны  оқытудың 
жай ғана бір түрі–деп қарастырмай, оны білім мазмұнын жаңартудың барынша 
жақын  негізгі  жолы  деп  қарастыруымыз  керек.  Балабқшадағы  ұжымдық 
жұмыстар  балалардың  тәжірибе  алуына  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  сабақтарда 
баланың  зерттеу  белсенділігіне  шек  қоюға  болмайды.  Сондықтан  біз  мекепке 
дейінгі  жастағы  қарапайым  ойын-зерттеу  іс-әрекетін  ұйымдастырудағы 
бірқатар 
қиындықтарды 
жеңу 
бағытындағы 
тәрбиешінің 
кәсіби 
құзіреттіліктерін жетілдірудің ерекшеліектеріне осы тарауда тоқталамыз. 
    Білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
арқылы  тәрбиеші  педагогтардың  кәсіби  құзіреттіліктерін  жетілдірудің  басым 
бағыттарына  тоқталамыз.  Тәрбиеші  педагогтің  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 
оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруда  тікелей  басшылыққа  алатын  негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет