177
Барлық үлкен адамдарға немесе балаларға сұрақ қоюға болады. Алғашқы
кездерде бұл үлкен қиындық тудырады. Балалар жас ерекшелігіне байланысты
кей кезде объективті, менменшіл немесе ұялшақ болып келеді, осыған орай,
оларға біреуден сұрақ сұрауға, басқа адамның жауабын қабылдауында,
түсінуінде қиындықтар кездеседі. Ақпаратты сұрау және қабылдау қабілеттерін
арттыру педагогикалық жұмыстың өте маңызды мақсаттарының бірі. Біз
бәрімізде білеміз, кейбір ересек адамдар тыңдауды, сұрауды білмейтін және ең
негізгісі басқа адамдарды тыңдай білмейді. Егер баланың осы қабілеттерін
арнайы дамытсақ, біз оның менменшілдігін, өзімшілдігін жеңе аламыз.
Баладағы менменшілдікті жұмсартудағы маңызды кезең баланы мектепке
дайындау кезеңінде. Балалар бір-бірін, мұғалімді тыңдауды білмейді деп
бастауыш мектеп мұғалімдері жиі айтады.
Психолог мамандар осы мәселерді шешуді алдыңғы қатарға қойып отыр.
Баладағы шығармашылық әлеуеттің дамуына ойыншықпен зерттеу маңызды
проблема болып табылады. Басқа адамдардан сұрау кезінде бала өзіне жаңа
жаңалықтар ашатынына көңіл аударып, өзіне белгілеп қоюы керек. Мысалы,
біреу айтуы мүмкін, кірпі жабайы жануарларға жатады, жылы елдерде өмір
сүреді деп. Бұл ойды бекіту үшін бірнеше нұсқаларды ұсыну арқылы
дәлелдеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: