Монография Астана, 2010. 250 бет


- кесте - Арнайы курстың тақырыптық жоспарын ұсынамыз



Pdf көрінісі
бет63/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

14- кесте - Арнайы курстың тақырыптық жоспарын ұсынамыз. 


 
167 
 
№ 
Ұсынылатын тақырыптар 
сағат 
Сан 
дары 
 
 
Дәріс  Практ.  ТӨЖ 
1  «Білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық 
негіздері» арнайы курсының мақсаты, міндеттері. 
Білім мазмұнының анықтамасы. 



2  Білім  мазмұнының  мәні  және  оның  тарихи 
сипаттамасы.  Білім  мазмұнын  қалыптастырудың 
теориялық, логикалық, әдіснамалық негіздері. 



3  Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың 
тұжырымдамасы.  



4  Білім мазмұнын арнайы іріктеудің өлшемдері. 
Білім мазмұнын таңдау ұстанымдары. 



5  Білім мазмұныны және оның мәні туралы 
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың 
педагогикалық негіздері.  



6  Білім мазмұнын құрудың  қағидалары. 



7  Білім мазмұнының ғылыми негіздері және білім 
мазмұныны қалыптастыру көздері. Білім 
мазмұнын жаңарту және оның құрылымдық 
ерекшеліктері. 



8  Білім мазмұнындағы инновациялар. Білім 
мазмұнын қалыптастыруда инновациялық 
технологияларды пайдалану. 



9  Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 
балаларға  білім беру стандарты, тәрбиелеу мен 
оқыту бағдарламасы мазмұнының базалық 
минимумы. Оқу жоспары. Базистік оқу жоспары. 



10  Балаларды ойын үстінде дамыту. Денсаулық 
сақтау және физикалық дамуының мазмұны. 



11  Тіл дамыту. Сауат ашу. Балалар көркем 
әдебиетімен таныстыру мазмұны. 



12  Айналамен таныстыру, экология негіздері, сезім 
тәрбиесі, математикалық қарапайым түсініктерді 
қалыптастыру мазмұны. 



13  Көркем эстетикалық білім мазмұнын жаңарту. 



14  Мектепке дейінгі кезеңдегі оқу тәрбие үдерісін 
ұйымдастыру формалары мен құралдары. 



15  Тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық 
педагогикалық  жағдайларын қалыптастыру 
мазмұны. Білім мазмұнына бақылау мен 
басшылық. Білім мазмұны сапасын  анықтау 
диагностикасы. 



 
Барлығы - 45 
15 
15 
15 


 
168 
 
Арнайы  курс  мазмұны  15  сағат  дәріс,  15  сағат  семинар  және  15  сағат  өздік 
жұмыстарда  (ОСӨЖ)  қамтылды.  4  курс  студенттері  кәсіби  педагогикалық  іс- 
әрекет  технологиясын  меңгеруде  және  тәрбиешінің,  әдіскердің  жұмысын 
меңгеру  кезеңдерінде  болғандықтан  бұл  уақытта  олардың  білім  мазмұнын 
жаңартуды  теориялық,  әдіснамалық,  педагогикалық  тұрғыдан  негізделуіне 
талдау жасай отырып, мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың құрылымы, 
принциптері мен тұжырымдамалық негіздерімен таныстырып, білім мазмұнын 
жаңартудың  мүмкіндіктерін  айқындауды  және  оны  тәжірибеде  тиімді 
пайдалануды  меңгерету  көзделді.  Сонымен  қатар  студенттер  инновациялық 
технологияларды  тәжірибеде  пайдалану  жолдарын  қарастырып,  тәжірибе 
жинақтады. Арнайы курсты ұйымдастыру арқылы студенттер мен тәрбиешілер 
шығармашылықпен  ойлай  білуге,  тұтас  педагогикалық  үдерісті  басқаруға 
дайындығы қалыптасты, сондай ақ, мектепке дейінгі жаста оқу тәрбие үдерісін 
ұйымдастырудың  тиімді  әдіс  тәсілдерін  меңгеріп,  педагогикалық  мониторинг, 
психологиялық  диагностика  жүргізуге  байланысты  ұйымдастырыушылық, 
коммуникативтік,  конструктивтік  қабілеттері,  іскерлік  дағдылары  қалыптасты. 
Болашақ  тәрбиешілер  мен  тәжірибелі  тәрбиешілердің  кәсіби  педагогикалық 
іскерлігін  шыңдау,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  дамытушылық,  білімдік  және 
тәрбиелік  мақсаттарының  жүзеге  асырылуында  білім  мазмұнын  жаңарту 
мәселесіне  баса  назар  аудару  қажеттігіне  көз  жеткіздік.  Тәрбиешілердің 
бойында мұндай білім, білік, дағдыларды қалыптастырумен қатар мемлекеттік 
стандартта  көрсетілген  міндетті  пәндермен  қоса  арнайы  курстар  дың 
өткізілуінің  маңызы  зор  екендігі  дәлелденді.  Өйткені,  арнайы  немесе  таңдауы 
бойынша  курстардың  мазмұны  міндетті  боып  табылатын  пәндердегі  білім 
мазмұнын  толықтыра  түсуге  және  педагогикалық  іс  әрекеттердің  кейбір 
мәселелерін толықтыра түсетіндігімен маңызды болмақ. Ал біздің зерттеуімізге 
сәйкес  өткізілген  арнайы  курс  білім  мазмұнын  жаңартудың  теориясы  мен 
әдістемесі және оның тәжірибеде пайдалануға байланысты  толық мағлұматтар 
берілуімен  құнды  болмақ.  Арнайы  курс  бағдарламасы  Күлтегін  баспасынан 
жарияланып  тәжірибеге  енгізілді.  Зерттеу  нәтижелерін  саралай  келіп,  арнайы 
курсты ұйымдастыру барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік: 

мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңартудың  тұжырымдамасы,  арнайы 
іріктеудің өлшемдері, ұстанымдары, қағидалары қарастырылды; 

білім  мазмұны  және  оның  мәні,  ғылыми  негіздері  және  білім  мазмұнын 
қалыптастыру көздері, құрылымдық ерекшеліктері қамтылды; 

білім  мазмұнындағы  инновациялар  мен  инновациялық  технологияларды 
пайдалану жолдары көрсетілді;  

мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі балаларға білім беру стандарты, 
тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламасы  мазмұнының  базалық  минимумы,  оқу 
жоспары мен базистік оқу жоспарына талдау жасалды; 

тәрбиелеу мен оқытуда білім мазмұнына бақылау мен басшылық жасау, білім 
сапасын анықтау диагностикасын жасау жолдары белгіленді; 
   Өткізілген зерттеулер нәтижесінде тәрбиешілердің шығармашылығын дамытуды 
әр  қырынан  қарастыра  келіп,  оны  білім  мазмұнын  жаңартудағы  тәрбиешінің 


 
169 
кәсіби  құзіреттілігін  жетілдіру  тұрғысынан  келесі  тармақшада  қарастыратын 
боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет