Монография Астана, 2010. 250 бет


 – кесте Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жаңартуда



Pdf көрінісі
бет79/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

18 – кесте Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жаңартуда 
ОӘК-ді тиімді пайдаланудың жұмыс жоспары  
 
№  Орындалатын жұмыс түрлері  
мерзімі  
жауаптылар 
1.  Оқу- әдістемелік кешендерін 
эксперименттен өткізудің мақсат, 
міндеттерімен таныстыру. Эксперимент 
кезеңдерін анықтау. 
2001-2002 
ж. 
Зерттеуші және 
балабақша 
әкімшілігі. 
2.   Балабақшаларда оқу- әдістемелік 
кешендеріне талдау жасау, 
эксперименттен өткізуге алдын ала 
дайындық. 
2002-2003 
ж. 
2003- 
2004 ж 
 
Зерттеуші, 
меңгеруші, 
әдіскер, 
психолог, 
тәрбиешілер 
3.   Оқу- әдістемелік кешендеріне 
эксперименттік байқау жасауға арналған 
жоспар құру. 
2004-2005 
ж. 
2005- 
2006 ж 
 
Зерттеуші, 
меңгеруші, 
әдіскер, 
психолог, 
тәрбиешілер 
4.  Ақпараттық карта дайындау (барлық іс 
әрекет түрлері бойынша анықтама 
жасау): 
- балабақшалардың  әкімшілік басқару 
құрамы жайындағы мәліметтер, 
балабақшаны басқару жүйесі туралы 
мәліметтер,  білім мазмұнын жаңартудың 
негізгі бағыттары  жайында мәліметтер 
жинақтау;   
- эксперимент кезеңдерінің нәтижелеріне 
талдау жасау; 
2006-2007 
ж 
2007-2008 
Оқу 
жылының 
басында 
және 
соңында. 
 
 
 
Зерттеуші, 
меңгеруші, 
әдіскер, 
психолог, 
тәрбиешілер 
 
5.  Оқу- әдістемелік кешендеріне 
эксперименттік байқау жүргізу 
нәтижелерінің мониторингін талдау, 
өңдеу. 
2008- 
2009 жж 
 
Зерттеуші, 
меңгеруші, 
әдіскер, 
психолог, 
тәрбиешілер 
6.  Эксперимент нәтижелерін рәсімдеу. 
2009-2010 
жж 
Зерттеуші, 
меңгеруші, 
әдіскер, 
психолог, 
тәрбиешілер 
 
    Қазақстанның әлеуметтік экономикалық өзгерістеріне байланысты білім беру 
туралы  негізгі  құжаттардың  талаптарына  сай  оның  мазмұнына  да  түбегейлі 


 
199 
өзгерістер  жасалуда,  атап  айтқанда:  оқу  пәндерінің  мазмұнында,  педагог 
мамандар  дайындау  және  басқару  жүйесінде,  ұйымдастыру  формасында 
(біртұтас  педагогикалық  үдеріске  ата-аналардың  белсенді  қатысуы).  Ең 
маңыздысы  балабақшаның  жеткен  жетістігі,  кез-келген  нәтижеге  жетуде 
қойылатын  талапқа  сай,  тек  балалар  мен  тәрбиешілердің  іс-әрекетіне  талдау 
жасау ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметінің құрылымына 
талдау  жасау  негізінде  обьективті  нәтижелер  мен  қорытындыларға  қол 
жеткіздік.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  оқу-тәрбие  үдерісінің  сапасын 
анықтаудың  мониторинг  жүйесін  жобалауда  жаңа  басқару  құрылымын 
қалыптастыру  моделін  құру  тиімді  педагогикалық  шешімдер  қабылдауға  негіз 
болды.  Біздің  зерттеуімізге  мониторинг  жасау  мен  оны  басқару  жүйесін 
мемлекеттік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес және қоғамдық бақылау 
болуы қадағаланып оның барлық оқу-тәрбие үдерісіне қатысушыларға көрнекі, 
түсінікті  және  тиімді  болуына  баса  назар  аударылды.  Жалпы  білім  беру 
ұйымдарында мониторинг жүйесін жасау төмендегідей теорияларға негізделді: 

 
Білім  беруді  басқару  мәселесін  зерттеуде  (П.С.Гершунский,  В.И.Зверева, 
Ю.А.Конаржевский,  М.И.Кондаков,  В.С.Лазарев,  С.Г.Молчанов,  А.Я.Наин, 
М.Н.Поташник, Г.Н.Сериков, В.П.Симонов, В.С.Татьянченко, П.И.Третьяков, 
П.В.Худоминский т.б.); 

 
Құрылымдық-жүйелілік 
тұрғысында 
(Ю.К.Бабанский, 
Р.А.Инне, 
Ю.А.Конаржевский, С.А.Репин, Г.Н.Сериков т.б.); 

 
Ғылыми моделдеу (В.Г.Афанасьев, А.Ф.Зотов, В.А.Штофф т.б.); 

 
Мектепішілік  басқару  (Ю.А.Конаржевский,  В.С.Лазарев,  М.М.Поташник, 
П.И.Третьяков, В.А.Черкасов, Т.И.Шамова т.б.); 

 
Педагогикалық 
шығармашылық 
теориясы 
негіздеріне 
байланысты 
(В.И.Загвязинский, Н.П.Раченко, В.А.Сластенин т.б.); 

 
Мектепке дейінгі ұйымдарды басұару және бақылау мен басшылық жасауда 
(Белая  К.Ю,  Бондаренко  А.К.Васильева  А.К,  Стеркина  Р.Б,  Колодяжная  Т.П, 
Поздняк Л.В, Фалюшина Л.И Фролова А т.б) 
    Педагогикалық  мониторингтің  анықтамасы  ақпараттарды  талдау  және 
педагогикалық  жүйенің  сақталуы  туралы  мәліметтерді  жинақтап,  оның  қазіргі 
жай  күйіне  үзіліссіз  бақылау  жасау,  дер  кезінде  түзету  жүргізіп,  даму 
болашағына  болжау  жасау.  Сондай-ақ,  педагогикалық  мониторинг  арқылы 
әртүрлі  дерек  көздерінен  түскен  мектепке  дейінгі  ұйымдар  қызметі  туралы 
ақпараттарды жүйелеуге қол жеткізуге болады. 
Педагогикалық мониторингтің міндеттерін төмендегідей анықтадық: 
- мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту қызметіне сараптау 
жүргізу:  ұйымды  басқару,  ұйымдастыру,  тәрбиелеу  мен  білім  беру, 
психологиялық әлеуметтік, тәжірибелік т.б  
-  балабақшадағы  білім  беру  сапасын  бағалау,  оның  мемлекеттік  стандартқа 
сәйкестігін анықтау; 
-  тәрбиеші  педагогтардың  кәсіби  шеберлігі  мен  педагогикалық  деңгейіне 
бақылау жасау; 


 
200 
- балаларға дәрігерлік, психологиялық әлеуметтік диагностика жүргізу; 
- балабақшаның инновациялық қызметі және оның тиімділігін бағалау; 
    Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  мониторинг  нәтижелерінің  ақпараттар  көзі 
педагогикалық  ұжымның  балалармен  жүргізетін  жұмыстарына,  жеке 
тәрбиешілермен ата-аналардың қарым-қатынасына байланысты болады да, оны 
педагогикалық  үдеріс  барасында  пайдаланады.  Педагогикалық  мониторинг 
балабақшаның  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнына  диагностика  жасау  мен 
қалыптасуының  бағыт-бағдарын  айқындау  ретінде  жүргізілсе,  ол  біріншіден, 
зерттеу жүргізу апектісінің бағыттарын нақтылау және оны талдау;  екіншіден, 
әрбір  аспектінің  бағалау  өлшемдері  мен  оны  тексерудің  әдіс  -  тәсілдерін 
анықтау;  үшіншіден,  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  сапасына  бақылау  мен 
басшылық жасау және алынған деректерді талдап, қорытынды шешім қабылдау 
болып  табылады.  Осы  орайда,  мониторингке  берілген  ғалымдардың 
анықтамалары  мен  оның  мақсаты  және  педагогикалық  мониторингтің 
айырмашылығын 
айқындап 
алдық. 
Мектепке 
дейінгі 
ұйымдардың 
тәжірибесінеде  педагогикалық  мониторинг  жүйесін  енгізу  ол  балабақшаның 
педагогикалық  үдерісіне  толық  бақылау  мен  басшылық  жасауға,  талдау 
жүргізуге,  алға  қойған  міндеттерді  жүзеге  асыруда  нәтижелерді  салыстыруға, 
басқару  қызметіне  түзетулер  жасауға,  ең  бастысы  тұтас  педагогикалық 
үдерістің тиімділігі мен сапасына қол жеткізуге болады.  
Мониторинг  –  белгілі  бір  маңызды  аспектілер  бойынша  жүйелі  және  тұрақты 
түрде  мәліметтер  жинақтау  болып  табылады.  Мониторинг  –  мәліметтерді 
жинақтау, талдау, ақпараттарды тарату, сақтау және қандайда бір жүйе немесе 
аталған  жүйені  басқаруға  байланысты  ақпараттармен  қамтамасыз  етудің  жеке 
элементтері жайында, олардың маңызы, қазіргі жағдайы және оның дамуы мен 
болашағы жайындағы болжамдар жасауға арналады. 
Мониторингтің  негізгі  мақсаты  –  басқаруда  дер  кезінде  және  толық 
ақпараттармен қамтамасыз етіп, шешім қабылдау. 
Ал педагогикалық мониторинг – педагогикалық үдерістің мақсаты, міндеттерін 
және құралдарын анықтаудың тиімді жолдарын қарастырудың үзіліссіз ғылыми 
диагностикалық, прогностикалық көрсеткіштері. 
Педагогикалық  мониторинг  –  педагогикалық  процесстің  мақсаты,  мазмұны, 
формасы,  әдістері,  дидактикалық  және  техникалық  құралдары,  жағдайы  мен 
оқытуда нәтижеге жету, жеке тұлғаны дамыту. 
Педагогикалық  мониторинг  –  оқушы  мен  мұғалім  іс  –әрекетінің  сапалық 
нәтижесін талдау мен оның даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі. 
(Таңатарова П) 
Осылайша,  мониторинг  білім  беру  ұйымдарының  дамуын  басқарудың  құралы 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет