189
мазмұнын жүзеге асыру барысына байланысты ғылыми зерттеулерге талдау
жасай келе, білім беру құрылымы және мазмұны жаңаша бағыт ала
бастағанадығы байқалады. Оған мектепке дейінгі кезеңге арналған тәрбиелеу
мен білім беру бағдарламалары мен оқу әдістемелік еңбектердің жарық көруі
негіз бола алады. Атап айтқанда: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
Мемлекеттік жалпы міндетті туғаннан бес алты жасқа дейінгі балаларға білім
беру стандартының дайындалып, жаңартылуы, төл туынды Балбөбек
бағдарламасының
қайта
басылымының
дайындалуы,
(Б.Баймұратова,
М.Сәтімбекова, Ф.Н.Жұмабекова т.б) міндетті мектепалды дайындау
тұжырымдамасы мен бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендерінің (ОӘК)
дайындалып, оқу-әдістемелік кеңесте (ОӘК) бекітіліп баспадан жариялануы.
Мектеп жасына дейiнгi кезеңдегі тіл дамыту, сауат ашу және айнала
қоршаған ортамен таныстыру мәселелерімен айналысқан отандық ғалымдар:
Баймұратова Б.Б, Дүкенбаева Г.Х, Әмірова Ә.С, Жусупова Р.З, т.б оқу
әдістемелік еңбектер жазуға қатысқан әдіскерлер Ә.С.Анартаева К. Жұмаділова
Б.Ж, М.И. т.б
Мектеп жасына дейiнгi жаста балаларға математика ілімінің элементтерін
оқыту ерекшеліктері мен қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыруда:
Т.В.Торунтаева, А.М.Леушина, Сәтімбекова М.С, Наурызбаева Ә т.б
Мектеп жасына дейiнгi кезеңдегі эстетикалық тәрбие мәселесін жан-жақты
қарастырған педагог ғалымдар: Т.Н.Доронова, В.С.Ветлугина, В.А.Езикеева,
В.М.Изгаршева, В.Б.Косминская, Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, Н.П.Сакулина,
Н.Б.Халезова, С.Г.Якобсон, Қазақстанда: Левченко Т.Н, Жұмабекова Ф.Н,
А.Ж.Салиева, Курочкина Т.В, Нұрмағанбетова Р.Н, Долженко Г.И,. т.б.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы
бойынша баланы мектепке дайындауға арналған әдістемелік нұсқау, балаларға
арналған дәптерлер мен дидактикалық материалдар Алматыкітап, Аруна және
Мектеп баспаларынан 83 аталымда жарық көріп, Республика көлемінде жаппай
тәжірибеге
енгізілді.
Төмендегі
кестеде
балабақша
тәжірибесіндегі
қолданыстағы оқу-әдістемелік кешендерді пайдаланудағы қойылатын
талаптарды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: