Кесте – 17 - Білім мазмұнын жаңарту бағытында дайындалған оқу-
әдістемелік кешендердің сипаттамасы
№
Авторы, аталуы
Баспасы,
жылы
Білім мазмұнын жаңартуда
қойылатын талаптар
1
Баймұратова Б.Б
Тіл дамыту
Алматыкітап
2001-2009
жж
Тілдің дыбысталу мәдениетін,
сөздің граматикалық формаларын
қалыптсатыру,
сөздік
қорын
байыту, байланыстырып сөйлеуге
үйрету.
2
Сәтімбекова М.С,
Наурызбаева Ә.Н
Математика
Алматыкітап
2001-2009
жж
Сан және санауға үйрету,
кеңестікті, уақытты бағдарлай
білу, көлем, пішіндерді ажырата
190
алуға үйрету.
3
Маженова Р.С т.б
Сауат ашу
Алматыкітап
2001-2009
жж
Ауызекі сөйлеуде сөздерді әртүрлі
граматиклық формада түрлендіріп
қолдана білу, дауысты дауыссыз
дыбыстарды ажырата алу, буынға
бөлу, әріптерді тану білуге үйрету.
4
Манкеш А.Е
Қоршаған ортамен
таныстыру
Алматыкітап
2001-2009
жж
Қоршаған
ортамен,
жыл
мезгілдерімен, өлі және тірі
табиғатпен
таныстыру,
экологиялық тәрбие беру.
5
Әмірова Ә.С т.б
Көркем әдебиет
Алматыкітап
2001-2009
жж
Көкем әдебиет шығармаларын
оқып беру, түсіндіру, жаттау,
әңгімелеу, әңгімелету.
6
Жұмабекова Ф.Н т.б
Бейнелеу өнері
Алматыкітап
Просвещение
Қазақстан.
2001-2009
жж
Көкем
өнер
туындыларын
қабылдау,
заттық,
мазмұндық
және сәндік сурет салу, мүсіндеу,
жапсыру және байланысты
іскерлік
дағдыларды
қалыптастыру.
7
Жұмабекова Ф.Н
Ойшыбаева А.А
Құрастыру және қол
еңбегі
Алматыкітап
2001-2009
жж
Мектеп жасына дейiнгi кезеңде
қол еңбегі негізінде баланы
еңбекке баулу, қағаз, мата, табиғи
материалдар, өндіріске қажетсіз
заттармен жұмыс істеуге және
құрлыс
материалдары,
лего
конструкторлармен құрастыру іс-
әрекеті
дағдыларын
қалыптастыру.
8
Бәтібаева С.Ғ,
Қоңыратбай Ф.
Музыка
Алматыкітап
2001-2009
жж
Музыкалық
алғашқы
сауаттылығын ашу, музыкалық
шығармаларды тыңдау, ән айту,
күй тыңдау, би билеу, қимыл
қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
9
Данашева А.Е,
Нүсіпбекова М.И т.б
Денешынықтыру
және валеология
Алматыкітап,
Аруна
2001-2009
жж
Денсаулықты сақтау, салауатты
өмір
салтын
қалыптастыру.
Жалпы дамыту, негізгі қимылдар,
қимылды
ойындар,
спорттық
ойындарды ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту оқыту мен тәрбиелеу
үдерісінде пайдаланатын бағдарламалар мен ОӘК-рі арқылы жүзеге асырылады.
ОӘК-дің мақсаты-берілетін білім мазмұнының жүйелілігін сақтауға ықпал ету,
сапасын арттыру, көрнекілігін қамтамасыз ету, баланың өзіндік әрекетінің
дамуын жетілдіру. ОӘК-дер тәрбиелеу мен білім берудің дидактикалық
191
принциптерін басшылыққа ала отырып, білім мазмұнын жаңартуды және оның
сабақтастығының сақталуына кепілдік береді.
Біз зерттеуімізде білім мазмұнын жаңартуға негізделген оқу-әдістемелік
кешендердің қызметін қарастырдық.
Дамытушылық–тәрбиелей отырып жан-жақты дамыған жеке тұлғаның
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Балаларға берілетін қарапайым білім
мазмұнын үйлестіру, белгіленген мақсаттарға қол жеткізу.
Жүйелеушілік–білім мазмұнын жаңартуда бірізділіктің сақталуы және
баяндаудың жүйелілігін қамтамасыз ету.
Жинақтаушылық–оқу материалдарының ғылыми-теориялық, дүниетанымдық
құндылықтарын дидактикалық ұстаным негінді беру.
Кіріктірушілік–балалардың әр алуан іс-әрекетінде алған білімдерін, біртұтас
кешенді тұрғыда меңгерулеріне мүмкіндік жасау қарастырылды.
Білім мазмұнын жаңартуға арналған ОӘК-ді дайындауға қойылатын талаптар:
-
бағдарламалар–тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының, ғылыми-
әдістемелік бағыт-бағдарының айқындалуы;
- оқу-әдістемелік
құралдарда
баланың
білім-білік,
дағдыларын
қалыптастыруға байланысты әдіс-тәсілдердің нақтылы көрсетілуі;
- мектепке дейінгі жасқа арналған ОӘҚ-дары көркем безендірілген, бояу
түстері қанық баланы бірден қызықтырып өзіне тарта алатындай болуы шарт;
-
ұсынылатын материалдар педагогтің де балалардың да талап-
тілектерін қанағаттандыратындай болуы;
- заман талаптарына сай жаңа әдіснамалық көзқарастрады қалыптастыруға
және жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануға қолайлы болуы;
- ОӘК-дің ғылыми негіздерінің оның идеялық мазмұнымен тығыз байланыста
қарастырылуы;
- Республика көлемінде аймақтық ерекшеліктердің, ұлттық салт-дәстүрлер
мен әдет-ғұрыптардың ескерілуі;
- ОӘК-нің қосымшаларының мазмұны бір-бірімен тығыз сабақтастықта
жасалуы;
- пән аралық және пән ішілік сабақтастық сақталып, дидактикалық
ұстанымдарға сай, танымдық, тәрбиелік мазмұнының айқын, анық болуы;
- мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептегі білім мазмұнының
сабақтастығының қамтамасыз етілуі;
Аталған талаптар тәжірибеде нақты шешімін табатын болса, мекепке дейінгі
жаста білім мазмұнын жаңартуға қол жеткізуге болады. Енді осы ОӘК-дің
тиімділігін және әдістемелік бағыт-бағдарын анықтауда, оның болашақтағы
өміршеңдігін болжау, оны одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілеп алу
қажеттілігі туындады. Ол үшін ОӘК-ді тиімді пайдаланудың құрылымдық
жүйесін ұсынамыз.
Бірінші жүйе: мәселенің қойылысын анықтау, ғылыми-әдістемелік
әдебиеттермен танысыу, білім мазмұнын жаңартуға арналған мәліметтер мен
деректер жинақтау;
Екінші жүйе: зерттеу пәнін нақтылап, мақсат, міндеттерін айқындап, білім
мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеу;
192
Үшінші жүйе: әдістемелік құралдардың мазмұнын қоғамдық-әлеуметтік
сұраныстарға сай жаңарту, құрылымын талдау, тәжірибеде байқаудан өткізу;
Төртінші жүйе: білім мазмұнын жаңартуда оны эксперименттік байқаудан
өткізетін тірек балабақшаларын бекіту;
Бесінші жүйе: ОӘК-ді жоспарлы түрде тәжірибелік байқаудан өткізіп, оған
бақылау мен басшылық жасау;
Алтыншы жүйе: байқау мен бақылау жұмыстарына талдау жасау, саралау,
сраптау, педагогикалық, психологиялық диагностика жүргізу;
Жетінші жүйе: зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздерін салыстыру,
барлық деректерді қорытындылау, тәжірибеде пайдаланудың технологиясы
мен оның құрылымын нақтылап алу қажет.
Сурет 6 - Ол төмендегі суретте көрсетілді.
193
Достарыңызбен бөлісу: |