1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
Құрметті оқырман, осы кітапты қолға алмас бұрын
сіз өз-өзіңізге «мен дәл қазір, осы, не істеп жүрмін?»
деген ойға біраз тоқталуыңызды өтінеміз. Шамамен сіз
«оқып отырмын» немесе «жай отырмын» деуіңіз мүмкін.
Дей тұрғанымен, біз «жаңаша білімге кез болдым» деп
ойлағаныңызды қалар едік (солай деп үміттенеміз). Ал сіз
«оқып отырмын» және «жай отырмын» деген сөздердің
арасында басыңызда осы ойға жетелеп тұрған, ешбір
өлшемге сыймайтын «ми нейрондарын» пайдаланып
жатқан таңғажайып бір процесстер жүріп жатқанын
аңдадыңыз ба?!
Ал, дәл осы процесс қанша ғасырдан күні бүгінге дейін
философтар мен оқымыстыларды сарсаңға салып, оның
мақсаты мен құрылымын анықтаудың соңында сабылумен
келеді. Бастағы мидың ақпаратты қорытуы «ойлау» деп
аталатын процесс екендігін әрине сезіп отырсыз. Осы
кітапты оқи отырып, жаңа ақпаратты қорыта аласыз.
Қай-қайсымыз да не істеуіміз керек, мұны не үшін
жасауымыз керек деген ойға тірелеміз. Ой ойлау кез-келген
адамның күнделікті тіршілігі, қызметі, біз Құдайдың құтты
күні түр-тұлғамыз тартымды болсын деп әдемі киіну
қажеттігін ойлаймыз. Бойымыздан қуат кетпесін деп ас-ауқат
ішеміз, сабаққа дейін немесе жұмысқа дейін немесе одан кейін
не істесек екен деп ойланамыз. Одан кейін тіршілігіміздің
өзегі болып табылатын мәселелерді – қандай мамандықты
игерсек екен, ол үшін қай жоғары оқу орнына түскеніміз жөн,
10
кіммен араласып, кімнен аулақ жүруіміз қажет, өмірлік жарды
қалай таңдасақ екен деген ойға берілеміз.
Әрине, біз сіздерге қалай ойлау, не ойлау керектігін
үйретейін деп отырған жоқпыз. Бұл кітаптың мақсаты
– «критикалық ойлау» деген мәселеге назар аудартуды
ғана, соны танып-білуге сізге де мүмкіндік беруді мақсат
етіп отырмыз. Осы «критикалық ойлау» сіз дұрыс ойлай
білесіз
бе,
және
сіздің
туыс-туғандарыңыз,
дос-
жарандарыңыз,
жазушылар,
оқымыстылар және журна-
листердің
қалай
ойлап-
пішетінін
сараптауға
мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, «критикалық ойлау»
кімге сеніп, кімдерден аяқ тартып жүруді қаперге салады.
Шамамен, «критикалық ойлау» деген сөзді естіген кезде
ең алдымен, әлдекім туралы жағымсыз ой келуі мүмкін.
Өйткені, біреуді критикаға салу сынау дегенді білдіреді.
Сіз өзіңізге ұнамайтын нәрселерді сынға алып немесе сізді
ата-анаңыз, мұғалімдеріңіз, дос-жарандарыңыз сынауы
мүмкін. Алайда, сіз критикалық ойлай тұрып, жағымсыз
ойларға берілмегеніңіз жөн. Критикалық ойлау қисынды
және дұрыс ойлауды, сонымен қатар, қисынсыз, ақылға
қонымсыз ойларды немесе әлдебір нәрселерді талқыға
салуды да ілестіре жүреді. Былайша айтқанда, критикалық
ойлау дегеніміз – кез-келген нақты ойға аса мән бермеуге,
салмақты, толық қорытылмаған ойлар кесе-көлденеңдеп,
дәлелсіз небір нәрсені негізге алмауға, жаңаша әдістемелер
мен бастамаларға ашық болуды меңзейді. «Критикалық
ойлау» деген сөздің өзі гректің kritikos (κριτικός) яғни
«ойлай білетін» деген мағына беретін сөзінен алынған.
11
Критикалық ойлау – неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде
саналы ойлай білу. Оны жадыңнан шығармай немесе оқып
ала салу мүмкін емес. Критикалық ойлауды үйреніп алу
мүмкін емес; ол күнделікті тәжірибемен келетін нәрсе.
Критикалық ойлай білетін адам өзіне мына тақылеттес
сауалдар қоя білу керек:
- Мен неге сеніп, нені білдім?
- Мен қандай жаңа нәрсе үйрендім?
- Менің ойлау жүйем өзгерді ме? Қалай, қай жағына
өзгерді?
- Бұдан маған қандай пайда бар?
Осы сауалдарға жауап тауып, критикалық ойлай білетін
адам өзінің ойлау жүйесін бағалай біледі.
Критикалық ойлау өзгелерді жақсы түсінуге қатысты
тиімді ойлай білуге дағдыландырады. Ол дағдылар
мыналар:
• өзгелердің түйінді пікірлері мен дәлелдерін дұрыс
түсіне білу;
• қарсы түйінді пікірлер мен дәлелердерді бағалай білу;
• өзіңнің түйінді пікірлерің мен дәлелдеріңді
дайындап, оны түйіндей білу.
Критикалық
ойлау
әсіресе
ғалымдар
мен
саясаткерлерге, дәрігерлер мен басқа да саланың
өкілдеріне аса қажет. Ғалымдарға құбылыстың мәнін
жете түсініп, тәжірибе барысында дұрыс қорытынды
жасай білу үшін керек болады. Ал, саясаткерлер саяси
шешімді дұрыс қабылдауы үшін критикалық ойлауды
игергені жөн. Бизнесмендер ахуалды дұрыс сараптап,
дұрыс шешімдер қабылдауы үшін критикалық ойлай
білу керек. Ал, дәрігерлер диагнозды дұрыс қоюы үшін
критикалық ойлауға сүйенгені жөн.
12
Критикалық ойлау ғалымдар мен саясаткерлерге
немесе басқа топтарға артықшылық етпейтіні анық.
Критикалық ойлай білу – қай-қайсымыз үшін де аса бағалы,
өте қажет дүние. Рас, сіз ғалым да, саясаткер де, бизнесмен
де, дәрігер де болғыңыз келмейтін шығар, дей тұрғанмен
сіз үшін осы адамдардың айтқан сөздері мен келтірген
дәлелдері анық па, жоқ па, оң ба, теріс пе соны сараптай
білу мақсатында қажет.
Егер сіз мемлекеттің жауапты тұлғасы немесе
экономиканың жетекші өкілдерінің бірі болсаңыз, тек сіздің
жеке өз басыңызға ғана емес, басқа адамдардың тағдырына
қатысты саяси немесе қаржылық шешімдер қабылдауға
жауапты тұлғаның бірі болып табыласыз. Сондай кезде
немесе басқа да жағдайларда сізге критикалық ойлай білу
қажеттілігі туындайды.
Критикалық ойлаудың мәні өзінің немесе басқа біреудің
ойын бағалап, сараптау кезінде іс-әрекетке және көз
жеткізуде озық ойды қалыптастыруда жатыр. Критикалық
ойлаудың өзегі қате ойлау түсінігі, қорытындыны
айқындау, нақтылық пен дәлелді бағалау, және нәтижені
сараптай білу секілді бірқатар дағдыларда жатыр.
Критикалық ойлаудың қорытындысы деректер мен бөтен
біреудің пікірін өзіңе сіңіріп алу емес, пікірге төрелік айта
білу және өз пікіріңді алға тарта білуде жатыр.
|