14
Жұмыста
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің кәсіптік
біліктілігіне назар аударып қана қоймайды. Олар
ақпаратты өңдеп, оны талдап, сараптай білу қабілетіне,
шығармашыл
деңгейде ойлай білуіне, сөйлер сөзін
жұптап, алынған мәліметтерді орнымен пайдаланып ойын
нақты, тұжырымды, сенімді жеткізе білу қасиетіне де ден
қояды. Былайша айтқанда, пікірі айқын, бәрін ой елегінен
өткізіп, ықшам, ұқыпты, дер кезінде қимылдап, берілген
істе тиянақты орындай білетін ширақ қызметкерлерді
қабылдауға ниетті. Критикалық
ойлау нақты осы
дағдыларды адам бойына сіңіріп, оны өз қызметіңді, ісіңді,
кәсіптік біліктілігіңді күн сайын жетілдіріп отыруға жақсы
көмектеседі. Критикалық ойлауға бағынып, оны қажеті мен
игілігіне пайдалана білген, ойы, мақсаты айқын қызметкер
өз ортасында, сол командада, бастамшылдық танытып,
берілген тапсырма мен өзі қолға
алған ісін тиянақты
орындап, кез-келген жұмысты тез игеріп, меңгеріп кетуге
дайын тұрады. Ал, жұмыс берушілер негізінен осындай
икемді, ілкімді критикалық ойлауға бейім мамандарды
танып, бағалайды.
Критикалық ойлау дағдысын дамыту – ұжымдарда
өткізіліп жататын тимбилдинг жөніндегі семинарлардың
бір бөлігі болуы мүмкін. Солайша, барлық қызметкерлерді
қамтитын іс-шара болуы қажет. Соның нәтижесі ұжымда
және жекелеген адамдарға жақсы жағдай туғызуға оңды
ықпал етіп, әр адамның өз қызметі тұрғысынан жай,
қалыптағыдай емес, парасатпен, түпкі
нәтиженің жақсы
болуы үшін мен не істеп отырмын, оны дұрыс жасап
отырмын ба, жоқ па деген сұрақтарды қою арқылы нәтиже
мен сапаны жақсартуға тырысады.
15
Күнделікті өмірде
Критикалық ойлау жұмыста немесе оқу процесінде
ғана емес күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдайда да аса
бағалы болып келеді. Критикалық ойлау дағдысының
арқасында Сіз оқу процесінен тыс өмірде де кез-келген
жағдайға, мысалы біреуді тыңдау қажет болғанда, сонымен
қатар өз пікіріңізді өзгертпеуді талап ете алатын кездерде
мұқият дайындықта бола аласыз.
Критикалық ойлау Сізге
өз ойыңызды (жазбаша және ауызша түрде де) әлдеқайда
анық айтуға және де айналаңыздағы адамдарды өз
пікіріңізбен иландыра алуыңызға көмектеседі.
Сондай-ақ, критикалық ойлауды қолдану Сізге қате
шешім қабылдаудан аулақ болуға көмектеседі. Біздің
әрқайсымыз өмірінде бір рет болсын сауда жасауға,
екеуара жеке қатынаста, жеке басының тәртібінде, оқуға
қатысты тиімсіз шешімдер қабылдайды. Қабылдап болған
соң ғана шешімнің қате немесе тиімсіз екендігін түсінеді.
Критикалық ойлау Сізге осындай қате шешімдердің
болмауына,
өз шешіміңізді тереңірек, нақтырақ ойлап
барып қабылдауға жәрдемдеседі.
Критикалық ойлау өзіндік дамуға жол тарту мен
қайтадан нанымға, қайтадан көз жеткізу сияқты артық
жұмыстан алыс болуға септігін тигізеді. Өкінішке орай,
(бірақ, кейде қуанышқа орай) көптеген адамдар өз
уақыттарының көбісін олардың өздеріне айтқандарды
логикалық және дұрыс ойлау туралы талқыға салмай еш
сұрақсыз қабылдай береді және соған сенеді. Адамзат
тарихының көптеген бөлігінде құлдықты,
әйел еркекке
жол беруді, соғыс қажеттілік, т.с.с. қалыпты құбылыс деп
қабылдап келді.