184
Кеплер бұл екі терминнің қарама қайшылығы жайлы
төмендегідей түсіндіріп берді:
«Астрология — ақымақ қыз. Бірақ, оның аса ақылды
анасы астрономия, егерде ақымақ қызы астрология
болмаса не істей алар еді. Жарықтың өзі ғана жеткіліксіз.
Ал, кәрі ақылды анасынан пайда болу үшін, ақымақ қызы
өтірік шындыны араластырып сөйлей беруі қажет.
Математиктердің шағымдануы ештеңе емес, егерде қызы
ештеңе таппаса анасы аш қалатын еді ғой…»
Орта ғасырлық астрономдар үшін
өзін және жанұясын
асырау үшін астрологияны қатар алып жүру қажет болды.
Кеплердің өзіне де жұлдыз жорамалдар құрастыруға тура
келген. 17 ғасырдағы сияқты қазірде астрология табысы
мол бизнес болып саналады. Алайда, бүгінде астрологиямен
қоса айналысатын астроном-ғалымдарды жиі кездестіру
мүмкін емес. Астрологиямен
көбінесе болжаушылар
айналысады. Жыл сайын өз жұмыстарында, күнделікті
тіршілікте, романтикалық сәттерінде және басқа да
қатынастарында «жұлдыздар жорамал жасап жатыр» деген
сенімдегі көптеген адамдар астрологтарға барып,
қомақты
қаржыларын жұмсайды. Басқа да балгерлер сияқты
астрологтар да құрастырылған астрологиялық жұлдыз
жорамалдың негізінде көптеген келушілердің әңгімелерін
қолдана отырып, тиімді жорамалдар жасайды.
Неліктен
миллиондаған
адамдар
астрологтар
жасаған жұлдыз жорамалдарға сеніп келеді? Біріншіден,
адамдардың көпшілігі
астрологияны қолдамайтын, оның
псевдо-ғылым сипатында екендігін дәлелдейтін ғылыми
зерттеулермен таныс емес. Екіншіден, «бір аптаға арналған
жұлдыз жорамал» (газеттерде, телеарналарда, радиоларда)
сияқты қысқа бағдарламалар сенімділік
туғызатын тілді
қолданып, адамдар тез сеніп қалады. Үшіншіден, адам өте
185
қызықтағыш болып келеді. Сондықтан да жұлдыз жорамал
белгісіз, құпия дүниелерді ашады дегенге қалай болғанда
да сенгісі келіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: