Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет144/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   164
8-775-233-72-57
156
Дамаскіге жеткізді емес пе? Сен оны Вавилонда бей-
шара құл болды дейсің.
– Ол Вавилонда құл болып қалған жоқ қой. 
Құлдық кісенін сындырып кетті. Өзінің мықты-
лығы арқасында Дамаскідегі сый-құрметке лайық 
адамдар қатарына қосылып, құдайлар оның өткенін 
ұмыттырып, құрмет пен абыройға бөледі ғой, – деп 
Шарру Нада жауап қайырып, сөзін әрі қарай жал-
ғады. – Арад Гула маған өзінің құл екенін айтып, 
бостандыққа ұмтылып жүргенін жеткізді. Бұл үшін 
өзінде ақша жеткілікті екенін, бірақ оны әрі қарай 
не істеу керектігі ойландыратынын да жасырмады. 
Өйткені ұзақ уақыттан бері оның ісі кері кете бастап-
ты, енді ол өз қожайынының қамқорлығынан айы-
рыламын ба деп қорқады екен.
Мен оның батыл шешім қабылдай алмағанына сын 
айттым: «Дүние шеті сенің қожайыныңа тіреліп тұр-
ған жоқ. Өзіңді ерікті жандай сезініп, ерікті адамдай 
әрекет ет. Өзіңе не керек, әуелі, осыны анықтап ал, 
содан соң мақсатыңа қол жеткізуге барыңды сал».
Ол менің шындықты тура айтып, намысын қайра-
ғаныма алғысын білдірді де, өз жөніне кетті
2
.
Бірде қала сыртына тағы шыққанымда, онда жи-
налған көп адамдарды көрдім. Сұрастырсам, біреуі: 
2
   Ежелгі Вавилон құлдарына тән әдеттер бізге ерсі және қисынсыз 
көрінуі мүмкін. Бірақ ол кездегі жағдай заңмен қатал реттеліп оты-
рды. Мысалы, құл кез келген меншікті, соның ішінде құлдарды да 
иеленуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда бұның барлығы да оның 
қожайынының меншігі болып есептелмейтін. Құлдар ерікті әйел-
дерге үйленіп, ерікті әйелден туған балалар ерікті болып саналды. 
Сол кезде қалалық саудагерлердің көпшілігі құлдар болатын. Олар-
дың басым бөлігі өз қожайындарына серіктес бола жүріп, ауқатты 
адамдарға айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет