Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет147/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   164
8-775-909-01-77
159
Саси топас та дөкір біреу болып шықты. Ол мені 
көше бойлап ертіп келе жатқанда Нана-наидта жақ-
сы жұмыс істегенімді айтып, енді оған да солай се-
німді еңбек ететінімді жеткіздім. Оның жауабы мені 
есеңгіретіп жіберді:
«Маған да, менің қожайыныма да ондай жұмыс-
тың қажеті жоқ. Патша мені үлкен су арнасының құ-
рылысына жібер депті. Сондықтан қожайын маған 
көбірек құл сатып алып, жұмысты тезірек бітіруді 
бұйырды. Сондай үлкен құрылысты қалайша тез бі-
тіруді білмей, басым қатып жүр».
Шөлейт даланы бір ағашсыз елестетші. Айнала 
тола сирек өскен бұталар ғана, күннің ыстықтығы 
сондай – құтыдағы судың өзі қайнап кетеді. Енді 
оны ішу мүмкін емес.
Бозала таңнан қара кешке дейін терең ордан ауыр 
себетпен жоғары қарай құм тасыған адамдар тіз-
бегін көзіңе елестетіп көр. Тамақты бізге шошқаға 
құйғандай етіп, ортақ үлкен астаумен берді. Күннен 
қорғанарға бастырма жоқ, астымызға төсер сабан 
да болмады. Мен осындай жағдайға тап болдым. 
Әмиянымды көзден қалтарыс жерге жасырын көміп 
тастадым, бірақ оны қайта қазып алатын жағдай туа 
ма, жоқ па, білмедім. 
Алғашқыда жұмысқа барымды салдым, бірақ ай 
артынан ай өте келе, менің жігерім мұқала бастады. 
Безгек ауруына шалдықтым. Тәбетім болмай, шө-
кімдей қой еті мен аздаған көгөністі талғажау еттім. 
Түн болса, ұйқы қашып, дөңбекшіп шығамын.
Мен енді Забадоның қолынан келгенінше жұ-
мыстан жалтаруға тырысатын әдетін дұрыс әдет 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет