Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет146/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   164
8-775-233-72-57
158
жәрдемшім болды. Ол бойыма күш бітіріп, өзіме де-
ген нық сенім орнатты».
Бір кезде оның тарапынан қолдау сөз естіген едім, 
соны бүгін, шамалап та болса, қайтара алғаныма 
қуандым.
Бірде кешқұрым Свасти маған жылап келді:
«Қожайының масқараға ұшырады. Ол үшін қор-
қамын. Бірнеше ай бұрын ойынханада көп ақша 
ұтқызыпты. Шаруаларға астық пен бал ақысын тө-
леуді қойыпты. Өсімқорға қарыз көрінеді. Енді бәрі 
қожайынға тісін қайрап жүр».
«Оның ақымақтығы үшін біз неге мазасыздануы-
мыз керек? – дедім мен ойланбастан. – Біз оған бала 
күтуші емеспіз ғой». 
«Ақымақ, сен ештеңе түсінбейсің. Өсімқорға ке-
пілдік ретінде саған тиісті меншік құқығын беріп жі-
берді. Заң бойынша ол сені сатып жібере алады. Не іс-
тейтінімізді мен білмеймін. Ол қайырымды қожайын 
ғой. Бұл масқаралық бізге қайдан тап бола кетті?».
Свастидің қауіптенуі тегін болмай шықты. 
Ертеңіне таңертең наубайханада нан пісіріп жатқа-
нымда, өсімқор Саси деген біреуді ертіп келе қалды. 
Анау маған қарады да, менің өзіне еріп жүруім ке-
ректігін айтты.
Өсімқор менің қожайынымды күтпестен, Свастиге 
мені алып кететіндігін ескертті. Содан соң наубай-
ханадағы жұмысымды бітіруіме мұрша бермей, бір 
жаққа алды да кетті. Үстімдегі киім мен әмияным-
нан басқа ештеңе алғаным жоқ.
Менің арманым мен үмітімнің құйын тигендей 
ұйқы-тұйқысы шықты. Тағы да ойынхана мен арпа 
сырасы бақытсыздыққа ұшыратты.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет