Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет145/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   164
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
157
«Естімеп пе едің? Қарауылдың бірін өлтіріп, қашып 
кеткен құлды ұстады. Бүгін оны өлгенше сабайды. 
Тіпті Патшаның өзі келеді екен».
Қолымдағы бәліш толы ыдысыммен қалың топты 
жарып өте алмайтынымды біліп, салынып біте қой-
маған қабырғаға шықтым. Ол жерден маған тіпті ал-
тын күймемен келген Навуходоносор патшаның өзін 
көру сәті түсті. Бұған дейін мен мынадай ұлылық 
пен көзге ұрып тұрған байлықты көрмеген едім.
Байғұс құлдың шыңғырғанын естісем де, оны қа-
лай өлтіргенін көре алмадым. Бұған дейін мен адам-
ның соншалықты жапа шегуіне неге жол берілетінін 
ұқпай келген едім. Бірақ патшаның өзіне жақын 
жандармен емен-жарқын жүздесіп, әзілдескенін бай-
қап, оның жүрегі соншалықты қатал екенін және бе-
кіністі салып жатқан құлдарға деген қаныпезерлікке 
патшаның өзі жол беріп отырғанына көзім жетті.
Құлдың жаны шыққанда, оның мүрдесін аяғынан 
бағанаға іліп, жұрт назарына қойды. Жұрт ыдырап, 
сиреген кезде кеудесінен қос жыланның бейнесін кө-
ріп, Қарақшыны таныдым.
Арад Гуламен келесі жолы кездескенімде, ол тіп-
ті басқа адам болып көрінді. Ол мені көре сала, қуа-
нышты жүзбен жарқын сәлемдесті де, сөйлей берді: 
«Саған таныс ана бір құл еркіндік алыпты. Сенің 
сөздерің айнымай дәл келді. Менің ісім алға басты. 
Әйелім қуанып жүр. Ол күң емес, ерікті ғой, қожа-
йынымның немере қарындасы еді. Әйелім бір кезде 
құл болғаным балаларымызға әсер етпейтін және 
ол жайында ешкім білмейтін басқа қалаға барып 
тұрғанымызды қалайды. Жұмыс менің ең жақын 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет