37
лады «мысығына» деген сөзді буынға бөліп, харіфтерін түгел
жазсақ, мәселен, «мы-сы-ғы-на» деп төрт буын болады. Бас
буынға «ың» жазбаймыз: басқа «сы», «ғы» буындарға жаза-
мыз, үйткені бұлар ашық буындар
8
.
Сынау. Төмендегі создерді көшіріп, «ы» жазылатын буын-
дарына «ы» жазыңдар.
Алтын алма алғыс ал, алғыс алтын емес пе? Асың-асың
асына, береке берсін басыңа. Сабасына қарай піспегі, мұртына
қарай іскегі. Жақын жолдың алысы жаман. Құлды құл
десең өлгісі келер, биді құл де сең күлкісі келер. Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт,
құты қашсын. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз,
жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Дәм-тұзым тат,
расыңды айт. Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады.
Арамзаның құйрығы тұтам. Жарлының байлығы – денінің
саулығы. Ерте тұрғанның ырысы артық. Төсегіңе қарап,
аяғыңды көсіл. Жарлылықтан жақсы жоқ: жатып ішер ас болса.
Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғызын сойғызар.
Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді. Шөбі жоқ деп
жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме.
Достарыңызбен бөлісу: