СӨЗ МҮШЕЛЕРІ СӨЙЛЕУ ҺӘМ СӨЙЛЕМ
1. Жер жұтуға тоймайды; От отынға тоймайды; Құлақ естуге тоймайды; Кісі ойға тоймайды; Бөрі қойға тоймай- ды. Бұл сөйлеуде бес сөйлем сөз бар.
2). Еділ бойы тоғай бар, тоғай толган ноғай бар; Бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге, балға бар, сомсынғанға Алла бар. Бұл сөйлеуде алты сөйлем сөз бар.
Жоғарыда жазылған екі сөйлеуден көрінеді: бір сөйлеудің
ішінде бірнеше сөйлем болатындығы. Алайық тағы да басқа
бір сөйлеу, мәселен, «Аш бала тоқ баладай ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген мақалды.
Бұл сөйлеудің ішінде екі сөйлем сөз бар. Оның бірі: «Аш бала тоқ баладай ойнамайды». Екіншісі: «Тоқ бала аш болам деп ойламайды».