Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет178/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Дыбыспен жаттығу
Оқу үйренгендегі бас мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған 
сөзді оқи білу. Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз 
айту – дыбысты ауызбен тізу. Сөз жазу – дыбыстардың белгісін 
қағаз  бетіне  тізу.  Оқуға  келген  балалар  сөйлей  білсе  де,  ды-
быстарды  тізіп  сөз  шығара  білмейді.  Себебі  олар  сөздің  ды-
быстан  тізілетінін  білмейді.  Оқуға  балалар  дыбыс  үйренеміз 


287
деп келмейді, оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ дыбысты 
білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену 
қиын. Сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға 
хәріп  көрсетпей  тұрып,  әуелі  дыбыспен  жаттықтырады.  Ды-
быспен жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, онан келетін пайда 
көп: дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмай-
ды. Сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айы-
руды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды.
Бұл  –  усул  сотиенің  ең  жақсы  жолы.  Мұны  түсініп,  біліп 
істесе, бұл үйретудің ауырлығын көп жеңілтеді. Мұндағы не-
гізгі қағида мынау: әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін 
білдіру, екінші, балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде 
қандай  дыбыстар  барын  айырту;  үшінші,  бөлек-бөлек  дыбы-
старды тіздіріп сөз айтуды білдіру. Мұны білген соң, балаларға 
хәріп  көрсетіп  оқытса,  оларды  құрастырып,  сөз  етіп  айтуға 
балалар қиналмайды. Мұны білмей тұрғанда балаларға хәріп 
көрсету  жарамайды.  Ол  жайпақпен  жүрмей,  жармен  шыққан 
сықылды  балалардың  күшіне  тиеді.  Балалар  дыбыспен  оқып 
жүрген  уақытта,  оларға  хәріптердің  сүгіреттерін  жаздырып 
үйрету керек. Мысалы: . (ноқат), .. (қатар ноқат), : (қабат ноқат), 
(үш ноқат), (жоғарғы), (төмендегі), (мәд), (таяқ), (тұтқа), (ілгекті 
тұтқа), (қармақ), (шеңбер), (ілгекті шеңбер), (тұяқ), (шана бас), 
(шақша),  (шоқпар),  (ирек),  (құстұмсық),  (таға),  (ашық  ауыз), 
(шәйнек иін),  (ожау), (шығыршық)
41
, бұларды хәріп деп жаз-
дыру  емес,  жазылған  әрқайсысының  атымен  жаздыру  яғни 
сүгіретін салдыру. Мысалы: ноқат, қармақ, тұтқа басқа да.
Енді дыбыспен қалай оқыту жайын айтайын.
Мұғалім созып « ا » деп айтады да, балалардан сұрайды, не 
дыбыс естілді? Балалар: « ا » деген дыбыс естілді. Мұғалім со-
зып басқа бір дыбыс айтады. Мысалы: « ز », мұның турасын-
да  да  «не  дыбыс  естілді?»  деп  сұрайды.  Балалардың  жауабы 
дұрыс болса, мұғалім тағы бір басқа дыбыс айтады. Мысалы: 
« س » мұның турасында жоғарғыдай сұрайды. Онан соң, «ل », 
« ر ». Онан басқаларын алады. Осылай бірнеше дыбыстарды 
айтқаннан кейін балалар дыбыстың әртүрлі болатұғынын біледі 
41
 
Аталған бірнеше таңбаны көрсете алмадық (ред.)


288
һәм бір дыбыстан бір дыбысты айырып тануға күші жетеді. Со-
нан соң сөз ішіндегі дыбыстарды айыруға да шамалары келеді. 
Сөз ішіндегі дыбыстарды балаларға айырту үшін әуелі бір бу-
ынды сөздер алынады. Мысалы: را (ар), زا (аз), لا (ал), سا (ас), 
لوا (ол), روا (ор), زوا (оз), басқа да. Сонан соң екі буынды сөздер. 
Мысалы: ار - ا (а-ра), از -ا (а-за), اس - ا (а-са), لا - ا (а-ла), ار - وا (о-
ра), ار - اس (са-ра), لا- اس (са-ла), басқа да, онан соң үш буынды 
сөздер. Мысалы: لا - ار - ا (а-ра-ла), اس - لا - ا (а-ла-са), ۋۇن - ار- وا 
(о-ра-ну), ام - ار - وا (о-ра-ма) басқа да, мұғалім « را » (ар) деген 
сөзді анық етіп айтып, балалардан сұрайды: – Бұл сөзде неше 
дыбыс? Олар не дыбыс? Баста қай дыбыс? Аяғында қай ды-
быс? – деп. Балалар айта алмаса, мұғалім сөзді созып, ...ا... ر (а... 
р...) деп айтады. Созып айтқанда сөздің әр дыбысы анықталып 
балалар  танырлық  болып  естіледі.  Балалар  неше  дыбыс  бар 
екенін  айтқаннан  кейін,  не  дыбыстар?  деп  сұрау,  оған  дұрыс 
жауап бергеннен кейін басында не дыбыс? Аяғында, не дыбыс? 
– деп сұрау. Оған дұрыс жауап бергеннен кейін, басқа бір буын-
ды сөзден. бір сөз алу. Мысалы: «زا» (аз) деген сөзді. Бұған да 
«را» (ар) деген сөз турасында айтылғанның бәрін істеп, келесі 
бір буынды сөздерді аларға керек. Солай бірнеше сөзді алып 
дыбыстарын айыртқаннан кейін, балалар бір буынды сөздердің 
ішіндегі дыбыстарды айыруды біледі.
Мұнан соң екі буынды сөздің ішіндегі дыбыстарды айыру-
ды үйрету, бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру 
керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып 
айту. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Сөз 
ішінде  неше  буын  бар  екенін  білу  балаларға  қиын  болмай-
ды.  Мысалы:  «  (аға)  деген  сөзді  созып  ...اغ...  ا  (а...  ға...)  деп 
айтқанда екіге бөлінеді. «رلااغا» (ағалар) деген сөзді созып .......ا
رلا....اغ  (а...  ға...  лар)  деп,  айтқанда  үшке  бөлінеді.  «اغرلااغا» 
(ағаларға)  деген  сөзді  созып  ...اغ...رلا...  اغ...ا(а...  ға...  лар...  ға) 
деп айтқанда төртке бөлінеді. Осылай бірнеше сөзді созып ай-
тып көрсеткеннен кейін балалар да әр сөзді созып айтып, қай 
сөзде қанша буын бар екенін айыруды біледі. Сөзді буындап 
бөлуді білгеннен кейін мұғалім екі буынды, үш буынды алып, 
әуелі  әр  сөзді  буын-буынынан  бөлдіріп,  әр  буындағы  дыбы-
старды айыртқызып, сонан соң тұтас сөздің ішінде қанша һәм 


289
қандай  дыбыс  барлығын  көрсетеді.  Мұғалім  алады,  мысалы: 
«ازا» (аза) деген
 
сөзді. Анықтап айтады да балалардан сұрайды: 
неше  дыбыс  бар?  деп.  Балалар  айта  алмаса,  сөзді  буындай 
бөлгізеді. Сонан соң бас буында неше дыбыс? – дейді. Бала-
лар: бір дыбыс. – Мұғалім: – ол не дыбыс? Балалар – «ا» (а). 
Мұғалім: – соңғы буынында неше дыбыс? Балалар: – екі ды-
быс. Мұғалім: – олар не дыбыс? Балалар: – «ز» (з) һәм «ا» (а).. 
Мұғалім: – әуелі қайсысы? Сонан соң қайсысы? Балалар: әуелі 
«ز» (з), сонан соң «ا» (а). Мұғалім: – олай болғанда «ازا» (аза) 
деген сөздің ішінде баршасы неше дыбыс һәм қандай дыбыс 
екен? Балалар: – «ازا» (аза) деген сөздің ішінде үш дыбыс бар, 
әуелгі дыбыс «ا» (а), сонан соңғы «ز» (з), онан соңғы тағы «ا» 
(а). Өзге екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздердің ды-
быстарын айырту үшін осылай істеу.
Балалар  сөзді  буындап  бөле  білгеннен  кейін,  сөздің  әр 
буынындағы  дыбыстарды  айырып,  тұтас  сөздің  ішіндегі  ды-
быстарды білетін болған соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды 
үйрету.  Бұл  үшін  әуелі  дыбыстарды  емес,  сөздің  буындарын 
бөлек-бөлек  айтып,  оларды  қосқызып  сөз  айтқызу.  Мұғалім 
балаларға:
«لا» (ал) менен «ام» (ма)-ны қосыңдар не сөз шығар екен деді. 
Балалар: – املا (алма) деген сөз болады. Мұғалім: «رام» (мар) менен  
«اق»  (қа)-ны  косыңдар!  Балалар  –  «اقرام»  (марқа)  деген  сөз. 
Мұғалім: اق (қа)-ны һәм «ار» (ра)-ны қосыңдар! Балалар: «اراق» 
(қара) деген сөз. Мұғалім: «ا» (а)-ны һәм «اس» (са)-ны қосыңдар! 
Балалар: – «اسا» (аса) деген сөз. Мұғалім: «ا» (а)-ны һәм «ار» 
(ра)-ны қосыңдар! Балалар: «ارا» (ара) деген сөз. Мұғалім: «ا» 
(а)-ны һәм «ر» (р)-ды қосыңдар! Балалар: «را» (ар) деген сөз. 
Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «ز» (з)- ны қосыңдар! Балалар: – «زا» 
(аз) деген сөз. Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «س» (с)-ны қосыңдар! 
Балалар – «سا» (ас) деген сөз. Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «ت» (т)-
ны қосыңдар! Балалар: – «تا» (ат) деген сөз? Сөздің ішіндегі 
дыбыстарды айыра һәм қоса білуге аз болса бір жеті, көп бол-
са екі жеті уақыт керек. Балалар әбден білгенше асырып хәріп 
көрсетпеске керек. Балалар сөздің буындарын һәм дыбыстарын 
қосып үйренгеннен кейін, хәріптерді көрсету мұны бұлай етеді. 
Мұғалім балаларға айтады: біз талай «لاا» (ала) деген дыбысты 


290
айттық. Ол дыбыс талай сөздің ішінде келді. Бұл дыбысты айта 
білесіңдер. Біреу айтса танисыңдар. Бірақ жаза білмейсіңдер. 
Жазу  дегеніміз  –  дыбыстың  таңбасы.  Әр  дыбыстын  әр  елдің 
таңбасындай  таңбасы  болады.  Таңбасына  қарап  қай  дыбыс 
екенін  танимыз.  Мысалы:  «ا»  (а)  деген  дыбыстың  таңбасы 
мынау «ا»
42
 мұны көрсеңдер «ا» (а) дыбыс екенін танып «ا» (а) 
деп айтасыңдар. Сонан соң мұны не дейсіңдер деп, бір-бірлеп 
бірнеше баладан сұрайды. – Балар «ا» (а) деп айтқаннан кейін, 
мығым балаларға «ا» (а)-ның хәріпін жазғызады. Жазғызарда 
айтады: таяқты жаза білесіңдер, мәдті жаза білесіңдер, таяқты 
жазып  үстіне  мәд  қойсаңдар,  «ا»  (а)-ның  таңбасы  болады. 
Балалар  қайта-қайта  бірнеше  рет  жазғаннан  кейін,  мұғалім 
олардың қисық яки қата жазғанын түзеткеннен кейін «ر» (р)-
дің хәріпін көрсету бұл турасында да «ا» (а) хәріпіне айтқанды 
айтып,  соған  істегенді  бұғанда  істейді.  Яғни  көрсеткеннен 
кейін  оқытады,  оқытқанан  кейін  жазғызады,  жазғанда  қисық 
яки қата жазғандарын түзетеді.
Сонан соң «ا» (а)-ны «ر» (р)-ды балаларға қосып айтқызады. 
Балалар «ا» (а) һәм «ر» (р)-ды дыбыспен қосуды біледі. Олардың 
хәріпіне қарап қосуға қиналмас. Хәріпіне қарап қосуды бала-
лар жатырақ көріп қиналғандай болса, бұл екі дыбысты әуелі 
хәріптерге  қарамай  қосқызып,  сонан  соң  хәріптерге  қарап 
қосқызу, олай еткенде оңай қосады. «ا» (а)-ны «ر» (р)-дың ал-
дына қойып қосқызғаннан соң, «ا» (а)-ны «ر» (р)-дың соңынан 
қойып та қосқызу, балалар «را» (ар) деп те «ار» (ра) деп те қосуды 
білген соң, «ارا» (ара) деген сөзді оқуға қосу – бұл үшін әуелі  
«ار»  (ра)-ны  балаларға  айтқызады,  сонан  соң  «ا»  (а)-ны  «ار» 
(ра)-ның алдына қойып айтқызады, балалар бірден қоса алмаса,  
«ا» (а)-ны созып айтқызып, үзбей барып «ار» (ра)-ны айтқызса, 
қосылып айтылып кетеді. Балалар бұрын екі буынды сөздердің 
буындарын  қоса  білетін,  сондықтан  бұл  сөздің  де  екі  буы-
нын қосып «ارا» (ара) деген сөз етіп айту оларға қиын болмас. 
Мұнан соң «ر» (р)-дың жазуын көрсетіп, балаларға жазғызады. 
Бұрынғы шана, бас деп талай жазған нәрсесі болған себепті, 
42
 
Тақтаға жазады, я баспа ірі харіптерін алып яки мұғалім өзі үлкен етіп 
жазған әріптерінен «әліпті» (а)-ны алып көрсетеді.


291
мұны жазуға балаларға еш қиындық болмайды «ر» (р) бірнеше 
рет  жазғаннан  кейін,  балалар  «را»  (ар),  «ارا»  (ара)  деп  қайта-
қайта  дәптердің  бір  беті  толғанша  жазады.  Осымен  хәріп 
оқудың 1-нші сабағы тәмам болады.
Келесі бір күні балалардың жазғанын оқытқызып, онан соң 
әліппедегі баспасын оқытқызып, екінші сабаққа түсу. Екінші 
сабақтағы хәріп «ز» (з). Бұл хәріпті көрсетуден бұрын мұғалім 
ішінде «ز» (з) келетін бірнеше қысқа сөздерді айтып, балаларға 
қандай дыбыстар барын айыртқызады. Сонан соң «ز» (з) деген 
дыбыстың хәріпі мынау деп көрсетеді һәм жазғанда қалай жа-
зылады, оны да көрсетіп, «زا» (аз), «ازا» (аза), «راز» (зар), «رازا» 
(азар) деген сөздерді кеспе әліппеменен я болмаса тақтайға жа-
зып, ең болмаса әліппедегі баспаларын оқытады. Бірден қосып 
оқи  алмаған  жерлерде  сөздерді  буындап  бөліп  қосқызады. 
Мұнан  арғы  сабақтардағы  хәріптерді  үйрету  жөні  һәм  реті 
осылай болады. Яғни әр жаңа хәріп үшін әуелі сол жаңа хәріп 
ішінде келетін қысқа-қысқа сөздерді айтып, дыбысын айырту. 
Екінші, үйрететін дыбыстың хәріфін кеспе әліппеден алып яки 
тақтайға жазып көрсету; үшінші, ішінде сол хәріп бар сөздерді 
оқыту, жазғызу; төртінші, жазғандағы қаталарын балалардың 
көзінше түзету.


292


293
Қазақстан Оқу комиссариатының білім ордасы
БAЙТҰРСЫН ҰЛЫ AҚЫМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет