340
Жұмыстың бір ұшы оқытушыда, бір ұшы балаларда болып,
бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебінде болмай немесе
бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемек, екі жағы да зер
салып істейтін болады.
Мұнысы алдыңғы әдістерден артық бір жері болма-
са, екінші бір артық жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп
сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан,
бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне де жайылады. Жұрт
өзінің тілінің, емлесінің жүйесіне қарай түрліше ыңғайлап
қолданады. Сондықтан пәлен әдіс, түлен әдіс деп түрлі ат-
пен аталады. Атына қарамай, затына түптеп қарағанда бәрінің
негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған әліп-
би кітабы үйрететін әдістер, татарлардан, мәселен, түрлі атпен
аталған әліп-би кітабы үйрететін әдістер, біздің қазақта да әліп-
би кітабымен үйрететін, олардың бәрі де шағын сөз әдісінің
негізінен құр емес.
Достарыңызбен бөлісу: