ІІ. «Жазу-оқу» деген түрі. Былай деп біреулер жазу мен
оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы
үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары
дұрыс келеді. Үйткені – бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді
оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді.
Мұны былай дәлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан
жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді.
Оқу білмейтін адамды үйреткенде, жазу мен оқудың пайда
болған жолымен жүру керек дейді.
Бұл әдістің өзі онша дүниеге көп жайылмағанымен, өзге
жайылған әдістерді түзетуге дақылы болды. Мұнан бұрын
оқу алда жүріп, жазу сонда жүруші еді. «Жазу-оқу» әдісі
шыққаннан кейін оқу мен жазу екеуі қатар жүретін болды.
Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, әдістер оқытқанын жаз-
дырып отыратын болды. Жазу дан бастаса жаздырғанын, не
жазғанын оқытып отыра тын болды.
Бұл «жазу-оқу» әдісін орыстар, орыстан үлгі алған Ресейдегі
басқа жұрттар көп қолданады.