342
Буынды айыра білгеннен кейін дыбыстарын айыруға түседі.
Ол айыруға қолайлы буын табылатын сөздерді алып, әуелі
буынға бөледі де сонан өзінің керек қылған буынын алып, ды-
быстарын бөлектей айтады неме се әнге салған сияқты созып
айтады. Балалардың тез айырып үйренуіне соңғысы қолайлы.
Буынды созып айтқанда, оның ішіндегісі нендей дыбыс екені
біліне қалады. Мәселен, «ара» деген сөздің «ра» деген буы-
нын алып, әр дыбыспен созып айтса, әуелі «р», сонан соң «а»
естілетіндігін құлақ қазір айырады. Мұндағы бір керек нәрсе,
ол – алғашқы кезде алған буындардың әріптері созылатын болу
тиіс: ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңілдетеді.
Дыбыстарды айыра білгеннен кейін оларды қоса білуге
кіріседі. Дыбыстарды қосып буын жасап, буыннан сөз жасау
керек дейтіндер де бар, оның керегі жоқ дейтіндер де бар. Ке-
рек деушілердің пікірі де екі бөлінеді: Біреулері әріп көрсетуден
бұрын балалар сөзді дыбыстан құрап жасай білу керек дейді,
екіншілері – ды быс құрастыру әріптермен таныстырып, со-
ларды құрастырып, сөз қылып, қосар жерде істелу керек дейді.
Әуелі, бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек емес
дейтіндер дұрыс емес. Дыбысты әдіс болмасқа керек десе, онда
жөн, ал дыбысты әдіс болса, онда дыбыстарды қостыру болма-
са, ол шала болмақ. Екінші, әріптерді құрастырып оқыр кезде
істелу керек деген пікір де дұрыс емес. Онда кеш болады, ол
жерде еш пайдасы тимейді. Олай болғанда сөздің дыбыстарын
айыртып үйретудің де қажеті жоқ, оны жазу кезінде істетуге
болады.
Сөздің дыбыстарын айыра білу – соңыра жазуға керегі бар
нәрсе, дыбыстарды құрастырып сөз қыла білу – ол соңыра
оқуға керегі бар нәрсе. Дыбысты дыбысқа қосу әріпті әріпке
қосудан жеңіл болады. Үйрету жеңілінен басталу керек. Ол
үйретудің негізгі дабыл жолы.
Достарыңызбен бөлісу: