кітап, қазақ-қырғыз білімпаздарының 1-інші тобының қаулысы бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы, Қызыл-Орда, 1925 жыл). «Тіл тағылымында» (1992) берілген «Тіл-құрал» (1925) оқулығы
түпнұсқасымен салыстырылды.
Тіл мүшелері. Сөйлеу мен сөйлем. Түпнұсқадағы: «Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық»(1-бет) деген сөйлем «Тіл
тағылымында» (174-6.) жоқ. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:«...ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген»(1-б) деген сөйлем «Тіл тағылымында» түсіп
қалған. Түпнұсқадағыдай берілді.
Түпнұсқадағы: «сұмсұнғанға»деген сөз «Тіл тағылымында»: «сомсынғанда»(174-б.) деп берілген. Түпнұсқадағы қалпына
келтірілді.
Түпнұсқадағы:«І-ші бөліміндегі дыбыс жүйесі»(12-бет) деген
сөйлемдегі «бөліміндегі» сөзі «Тіл тағылымында»:«біліміндегі» (174-бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқадағы:«Солай бірнеше рет істеп көрсеткеннен кейін...» (3-бет) деген сөйлемдегі «істеп»сөзі «Тіл тағылымында» (175-бет)
жоқ. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:«... белгі «дәйекші» � бар»(11-б.) деген сөйлемдегі
мына белгі «
� » «Тіл тағылымында» (174-б.) кездеспейді. «
� » – (араб
грамматикасынан алынған) сөзді жіңішкертіп айтуға арналған белгі.
Түпнұсқадағы:«үй»деген сөз «Тіл тағылымында»:«із»деп
берілген. Түпнұсқа орнына келтірілді.
Түпнұсқадағы:«ал»сөзі «Тіл тағылымында»:«сол»деп берілген.
Түпнұсқада: «ти», «Тіл тағылымында»: «тіл» деп жазылған.
Түпнұсқа қалпына келтірілді.