362
4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі
дүдәмал естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазылады.
5. Жалғаулар. Түбір сөзге де туынды сөзге де қосылып жазылады.
1925 жылғы оқулықта:
1. «Әр түбір сөз, туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен
бірге, тұтас жазылады, бірақ үзілетін қаріптер келген жерде үзіледі
(үзілетін қаріптер:
а, д, з, р, о, ү, е).
2. Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен (–) айы-
рылып жазылады.
3. Жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен (–) айырылып
та, айрылмай да жазылады.
4. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы сөзбен
сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір сөзбен
жалғаудың арасында айтылатын болғанда түбір сөзге сызықшамен
жалғанып жалғаумен бірге жазылады.
5. Үндестік заңына келмейтін «-гер», «-дікі», «-паз» сықылды
жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
6. Қосалқы «-ма», «-ба»-лардан «еді», «екен» деген сөздер бөлек
жазылады.
7. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады, жұрнақ ішіндегі
дыбыстар естілу қалыбынша жазылады.
8. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де қосыльгп жазылады.
1914 жылғы оқулықтың соңында «Мұғалімдер үшін баянда-
ма» атты мақала берілген. Мұнда А.Байтұрсынұлы жаңадан сауат
ашқалы отырған жастарға қазақ тілінің грамматикасын түсіндірудегі
туындайтын қиыншылықтарды
51
көрсете отырып, сөйлем басында,
ор тасында, аяғында әpүрлі таңбаланатын әріптерді бір-бірінен қалай
ажырату керектігі, оны қарапайым түрде қалай түсіндіру жолдарын
баяндайды.
Ал, 1925 жылғы оқулықта мұндай тақырыпша беріл-меген. Бұл
– 1914-1925 жыл аралығында қазақ тілінің грамматикасының толық
қалыптасып, бір жүйеге түскендігін, оқытушыларға түсіндіру бары-
сында қиындық тумағандығын аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: