Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


«Тіл-құрал»  (Қазақ  тілінің  сарфы,  2-ші  жылдық».  Орынбор



Pdf көрінісі
бет221/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

«Тіл-құрал»  (Қазақ  тілінің  сарфы,  2-ші  жылдық».  Орынбор, 
1915)
А.Байтұрсынұлының екінші жылдық оқушыларға арналған «Тіл-
құрал» оқулығы 1915 жылы Орынбор қаласынан «Тіл-құрал» (Қазақ 
тілінің сарфы) 2-ші жылдық» деген атаумен жарық көрді.
Бұл оқулық бірінші жылдық (1914) оқулыққа қарағанда анағұрлым 
күрделі, нақты грамматикалық мысалдармен толықтырылған. Мұнда: 
51
 
Төте жазуға қатысты (Құраст.).


363
«Тәуелді қалып – оңаша тәуелдік, ортақ тәуелдік; Зат есімнен туған 
сөздер; Сын есім  жай шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай; 
Сан есім  есептік сан есім, реттік сан есім, сан есім жалғаулары; 
Есімдік  жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, танымдық 
есімдігі; Етістік, етістер  сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, 
өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шағыс етіс, дүркінді етіс, 
өсіңкі етіс; Райлар  тұйық рай, билік рай, ашық рай, шартты рай, 
ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал 
рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, азалы рай, теріс рай; көсемше, 
есімше,  етістіктен  туған  сөздер;  Үстеу  –  нықтаулық  үстеу, 
сынаулық үстеу, өлшеулік үстеу; Демеу; Жалғаулықтар; Одағайдан 
туған  сөздер»  деген  атауларды  қолданып,  әрқайсысына  жеке-жеке 
мысалдар келтірген.
Мұнда  А.Байтұрсынұлы  қазіргі  тілімізде  кездеспейтін  кейбір 
жаңа  атауларды  да  қолданысқа  енгізген.  Мысалы:  «Беделді  етіс, 
шағыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс; Райлар – билік рай, ереуіл рай, 
реніш рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал рай, мұң рай, көніс рай, 
қайрау рай, азалы рай, теріс рай» деген атаулар қазіргі қолданыста 
жоқ екендігі мәлім.
«Тіл  тағылымын»  жинағында  (1992)  қайта  жарық  көрген  бұл 
оқулықтың  түпнұсқасы  табылмағандықтан,  1922  жылы  Ташкент 
каласынан «Тіл-құрал (қазақ тілінің сарфы, екінші жылдық)» деген 
атпен  екінші  рет  жарық  көрген  нұсқасымен  салыстырылды.  Салы-
стыру  барысында  кітаптың  ішкі  маз-мұнында  ешқандай  өзгерістер 
кездеспеді, тек қазіргі әріпке көшірілгенде кейбір сөздер, сөйлемдер 
өзгертіліп, қысқарып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет