Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-шы» жұрнағын
қостырып, туынды сөз еткізу.
Аң, өлең, нан, үй, пеш, аяқ, қазан, темір, көмір, қырман,
орақ, ат, бие, сиыр, балық, ойын, жыр, домбыра, қобыз, сыр-
най, арба, қарауыл, отын, шалшық, алтын, күміс, сыр, балта,
бата, ара, етік, тігін, ой, той, төсек, өтірік, қала, базар, бас.
3. Жұрнақ «-шыл». Бұл жұрнақ та жуан-жіңішке сөздерге
бірдей жалғанып, бірдей жазылады, жуан сөздерде жуан бо-
лып айтылады, жіңішке сөздерде жіңішке ай тылады. Мәселен:
қазақ-қазақшыл, жетек-жетекшіл, қара-қарашыл, күн-күн-
шіл, қайғы-қайғышыл.
Достарыңызбен бөлісу: |