6
Ұлттық кітапхананың сирек қор бөлімінде «Тіл – құрал»
оқулығының әр жылдардағы жарық көрген басылымдары
тіркелген яғни 1914-1928 жылдарда аталмыш оқулықтың (үш
кітап) 25 рет басылғаны анықталды.
Қазақ тіл білімі, әдебиеттануы ғылымдарының негізін
қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлының әр сөзін түпнұсқа-
сына сай орнына келтіруді басты мақсат деп санадық.
Тәуелсіздік заманының ғалымдары «Ұлт ұстазы» деп мой-
ындап, дәріптеген А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» атты
ғылыми еңбегі ғалымның зерттеушілік ойларының халықтың
білім беру саласына, қазақ баласының білімін, ілімін ашуға
бағындырылғанының нақты дәлелі екені анық.
Нағыз ғылыми еңбек өз ұлтына, еліне қызмет ету қажеттілі-
гінен тууы абзал екенін А.Байтұрсынұлы осы «Тіл – құралымен»
ғылыми қауымға үлгі етіп берді. Олай болса, ғалым ұсынған
қазақ тілін оқыту жүйесін, тіл үйретудегі басты құралдың осы
уақытқа дейін А.Байтұрсынұлыныкі екені айтылмай, қолданып
келген терминдерінің қасиетін қадірлеп, меңгеретін кез келді.
А.Байтұрсынұлы қазақша әліппе жасап яғни араб алфавиті-
нің негізінде ұлттық әліппеге реформа жасап, өзгеріс енгізіп,
қазақ тіл білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптасты-
рып және оның негізгі салаларын:
Дыбыс жүйесін (фонети-
ка);
Сөз жүйесін (мор фология);
Сөйлем жүйесін (грамматика)
тұңғыш рет зерттеп, ғылыми негізін салып берді. Бұл іргелі
зерттеулер бірнеше оқулыққа арқау болып, кезінде өз заман-
дастары тарапынан лайықты бағасын алып қана қоймай, күні
бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. А.Байтұрсынұлының
лингвистикалық еңбектерінде қазіргі қазақ тілі теориясының
негізі қаланып, бізге үйреншікті категориялар алғаш рет
қалыптастырылып, қолданысқа енгізілді.
Теоретик А.Байтұрсынұлы таза ғылыми зерттеулермен шек-
телмей, күнделікті сұранысты өтейтін оқулықтар жазу арқылы
да білім беру саласына нақты үлес қосуға мән бергені яғни
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданыстан шықпайтын
өміршең оқулықтары арқылы қалың қазақ елінің игілігіне асы-
руы – шынайы зиялы іскерліктің үлгісі болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: