12
және осыларды дүниеге келтіргенінше, жүзеге асырмайын-
ша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін
еместігін де жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар» бо лып,
күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды
түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы 1910 жыл-
дардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса ба-
стайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар
да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ
тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс
жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен
қазақ тілінің фонетикалык құрамын зерттеді.
1929 жылы 1-мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде)
«Өмірбаянында»: «...
1901 жылдардан бастап, бала оқыт-
қан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді
толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға кел-
геннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен
грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін
қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жо-
лында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын
бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік
құрылысын өзге тілдердің [жағымсыз] әсерінен тазартуға
әрекеттендім. Төртіншіден, «қазақ прозасынң (яғни іс қағаздар
тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби си-
паттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу
ушін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік
өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады (Архив
КазПИ им. Абая. Опись Л-1, связка № 6 «Б», д. 209).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер ту-
ралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен
«Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. «Айқаптың»
1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты
көлемді мақала жазып, онда: қазақ дыбыстарын білдірмейтін
Достарыңызбен бөлісу: