Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет4/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

А.С.Ісімақова, 
филология ғылымдарының докторы, профессор


7
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
1
(Өмірі мен қызметі туралы)
Ахмет  Байтұрсынұлының  еңбек  жолын  ағартушылықтан 
бастауының  өзіндік  мәні  бар.  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде-ақ 
қазақ  интеллигенциясы  қалыптасты.  Қазақ  жастары  Петер-
бор,  Омбы,  Қазан,  Уфа,  Орынбор,  Троицк,  т.б.  қалаларда 
оқып, мұсылманша немесе орысша білім алды. Олар дәулетті, 
шағын,  кедей  ортадан  шыққанымен,  едәуір  білім  алғандары 
әкімшілік,  сот  орындарында  қызмет  етіп,  бас  пайдасын,  өз 
мүддесін  көздейтін  болды.  Ахмет  Байтұрсынұлының  тілімен 
айтқанда,  «...  байға  мал,  оқығанға  шен  мақсат  боп,  жұрттың 
қамын  ойлайтын  адам  аз  боп»  тұрғанда,  оқу-білімнен  кен-
де, қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жо-
лын  қалап  алғандардың  бірі,  бірі  ғана  емес,  бірегейі  Ахмет 
Байтұрсынұлы  еді.  Ағартушылық  ісі  сол  кезеңдегі  қазақтың 
әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болатын. 
1895-1909  жылдарда  А.Байтұрсынұлы  Қостанай,  Ақтөбе, 
Қарқаралы  уездерінде  ауылдық,  болыстық  мектептерде  бала 
оқытып, екі сыныптық училищелерде сабақ берді. Осы жыл-
дары  А.Байтұрсынұлы  Қостанайдан  Омбыға  барып,  қазақ 
халқының  тарихын,  этнографиясын,  фольклорын,  тілін 
зерттеуші  А.Е.Алекторовпен  танысады.  Мұхтар  Әуезовтің 
жазғанына  қарағанда,  оның  бұл  танысуы  қазақ  халқын  оқу-
білімге  тарту  жөніндегі  миссионерлердің  ниет-пиғылдарын 
жақын  білуіне  көмектесті,  соның  нәтижесінде  өзінің  бұл 
мәселедегі  көзқарасы  мен  мақсатын  айқындайды  (М.Әуезов. 
Ахаңның елу жылдық тойы (юбилейі), «Ақжол» газеті, 4 ақпан 
1923 жыл, № 270).
Бес  жылдай  (1913-1918)  өз  қаражатымен,  сол  кезең  үшін 
үлкен  данамен  (8  мың  дана)  шығып  тұрған  «Қазақ»  газеті 
ең  алдымен,  қазақ  халқының  ұлттық  азаттығы  мен  мәдени 
әлеуметтік  дамуы  үшін  күрескен  және  қазақ  қоғамының 
мүдделерін көздейтін мәселелер көтеріп, оларға әлеуметтік үн 
бере білген орган болды. Газет әсіресе, тіл мәселесін бірінші 
орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамытуды, ол үшін 
қазақ балалары сауатын ана тілінде мектеп ашып, ана тілінде 
оқыту  керектігін,  ұлт  мектептеріндегі  оқу-тәрбие  ісін  дұрыс 
жолға қоюды жиі жазды.
1
 
«Тіл – құрал». I тіл танытқыш кітап. Сөз басы.


8
А.Байтұрсынұлы  1920  жылдардың  басында  әртүрлі 
мемлекеттік  басқару  істеріне,  қоғамдық  жұмыстарға  бел-
сене  араласа  жүріп  те,  оқытушылық,  ұстаздық  қызметін 
тоқтатпады.  Ол  1921-1926  жылдары  Орынбордағы  Қазақтың 
халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928 
жылдары  Ташкенттегі  Қазақ  пе дагогика  институтында  қазақ 
тілі мен әдебиетінен сабақ береді, лекция оқыды.1928 жылдың 
соңында яғни қыркүйек айында Алматыда Қазақ мемлекеттік 
универ ситеті  деп  аталған  жоғары  оқу  орны  ашылады.  Бұған 
сабақ  беруге  Мәскеу,  Ташкент  сияқты  орталықтардан  ма-
мандар  шақырылады.  Солардың  бірі  болып  Ташкенттен 
А.Байтұрсынұлы  келеді.  Қазақ  мемлекеттік  уни верситеті 
директорының  1928  жылғы  қазан  айының  15  жұлдызындағы 
№ 14 бұйрығымен осы жылғы қазанның бірінен бастап Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып 
жұмысқа алынады. Бұл жоғары оқу орны осылайша «универ-
ситет» деп (ҚазМУ) 1930 жылдың 24 желтоқсанына дейін ата-
лып келіп, 1930 жылғы желтоқсанның 25-сіндегі бұйрығымен 
(№  114)  «Қазақтың  мемлекеттік  педагогикалық  ин ституты 
бойынша» деп жариялайды. Бұл бұрынғы Абай атындағы пе-
динститут (ҚазПИ) еді.
ҚазПИ-де  А.Байтұрсынұлы  1929  жылғы  шілденің  5  жұл- 
дызына дейін істейді. 1929 жылы маусымның 2 күні тұтқынға 
алынғандықтан, қызметтен босату туралы ректордың бұйрығы 
шығады. Ал тұтқынға алыну тарихы мынадай еді:
1920 жылдардың соңғы кезіндегі Қазақстан Компартиясы-
ның бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин 1919 жылғы ВЦИК-тің 
қаулысына және В.И.Лениннің «көшпелі халықтардың малын 
тартып  алып,  кедейлерге  бөліп  беруге  асықпау  керек»  деген 
ескертпесіне  қарамастан,  1928  жылдың  күзінде  Қазақстанда 
мал-мүлік конфискациясын жүргізіп, әрі қарай астық дайын-
дауды тездету мақсаты деп «Голощекиннің қызыл керуені» де-
ген науқанды іске асырғаны, сөйтіп, қазақ елін мейлінше тонап, 
ашаршылыққа ұшыратқаны белгілі. А.Байтұрсынұлы қазақ да-
ласында  жүргізілген  бұл  конфискацияны  жұтпен  бірдей  деп 
ашық айтты! Сұлтанбек Қожанов: «Жетті [елді] күйзелтулер!» 
деп тікелей наразылық білдірді. «Кіші Октябрь» деп аталған 
осы  саясатының  теріс  болғанын  сезген  Голощекин  өзіне 
қарсылық білдірген қазақ қайраткерлері мен интеллигенттеріне 


9
«ұлтшыл»  деген  айып  тағып,  олардың  көзін  біржола  жоюды 
қолына алды. Әсіресе төңкеріске дейін қалыптасқан қазақ зия-
лыларына  шүйлігіп,  ОГПУ  олардың  30-ға  жуығын  қамауға 
алады.  Солардың  бірі  –  «ұлтшылдардың  рухани  көсемі»  Ах-
мет Байтұрсынұлы 1929 жылдың 2 маусымында ұсталып, өзін 
Архангельскге, отбасы – жұбайы Александра (Бадрисафа) мен 
қызы Шолпан Томск об лысына жер аударылды.
А.Байтұрсынұлының «ағартушылыққа байланысты білдір-
ген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынба-
ды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын, бала оқытудың 
жолдарын газет-журнал беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе 
бұл  реттегі  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  хал-жағдайды  жақсы 
көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» де ген бас 
мақала жарияланады. Мұны жазған А.Байтұрсынұлы болатын. 
Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық 
тұрмыс жағдайымен байланыстыра дәлелдейді: «Қазақ жерінде 
өндіріс  жоқ,  шикізатын  сатады,  ал  сол  шикізаттан  жасалған 
өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл – надандықтан 
келген кемшілік», – дейді. «Надандық» деп отырғаны әрине, 
білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен се-
беп – қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол 
мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін 
ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар 
даярлайтын  оқу  орындарына,  мысалы,  Орынбордағы  Учи-
тельская  школаға  қазына  есебінен  (яғни  стипендия  алатын) 
7-8  орын  ғана  берілетіндігі,  оқуға  түскісі  кел ген  балалар  өз 
қаражатымен  оқуға  тиіс  болатындығын  айтады.  Қаражаты 
бар ауқатты қазақтар баласын ақша жұмсап оқытуға ынталы 
еместіктен, кедейлердің шамасы келмегендіктен, сол школаға 
жылына оқуға түсуге 50-60 бала келсе, солардың тек төртеу-
бесеуі  ғана  түсетіндігін  баяндайды  (Орысша  оқушылар.  [Бас 
ма қала]. – «Қазақ», 1913. № 26, 15 тамыз).
Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараң- 
ғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін 
«алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу 
жөн бе?», – деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мек-
теп, сондықтан А.Байтұрсынұлы оқу-білімнің осы бірінші са-
тысына қатты назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» 


10
атты көлемді мақаласын жариялайды. («Қазақ», 1914. № 61, 9 
мамыр). Мұнда ав тор қазақтың бастауыш мектептері қандай бо-
луы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл 
мектептерінің  жай-жағдайы  мәз  емес  екендігін,  оларда  про-
грамма, оқу құралдары дегендердің жоқтығын, мұғалімдердің 
жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп миссионерлік сая-
саттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана тілінде 
ашуы  керек.  Атап  айтқанда,  бастауыш  мектеп  «бес  жылдық 
болсын,  алғашқы  үш  жылда  балалар  ана  тілінде,  кейінгі  екі 
жылда орыс ша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мек-
тептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, 
шаруа-кәсіп, жаратылыс [тану] пәндері жүретін болсын» деп 
нақты ұсыныстар айтады.
Оқу мәселесін А.Байтұрсынұлы жан-жақты сөз етеді. Бірде: 
«Қазақта  балаларды  оқытатын  әзірге  жосықтар  (программа-
лар)  мен  кітаптар  (оқулықтар)  жоқ»  дей  келіп,  оларды  жазу 
қажеттігін және арнаулы педагогтік білім алатын оқытушылар 
даярлау керектігін жазса, енді бірде, «білімнің бас құралын – 
кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-
ағарту ісін жандандыруға болатынын айтады.
А.Байтұрсынұлы ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі 
кезінде  де,  Қазан  төңкерісінен  кейін  де  ешбір  тоқтатпаған. 
«Алашорда»  кеңесінің  (үкіметінің)  Оқу-ағарту  жайындағы 
комиссиясының председателі болып, қазақ халқының жаппай 
сауатын  ашып,  білім  беру  программасын  жасайды.  Ал  1919 
жылдардан кейін, кеңес үкіметі тұсында да, әсіресе алғашқы 
кезенде  қазақ  даласында  оқу-ағарту  ісінің  экономикалық 
жағынан  әлде  де  қиыншылық  кешіп  отырғанын,  ол  үшін  не 
істеу  керек  екендігін  «Қызыл  Қазақстан»,  «Жаңа  мектеп» 
сияқты  журнал  беттерінде  білдіріп  отырған.  Мысалы,  1923 
жылғы  «Қазақ  арасында  оқу  жұмыстарын  қалай  жүргізу 
керекң атты мақаласында: «Школдар ашуға үкіметтің шама-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет