Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет53/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Дағдыландыру.  Төменде  жазылған  сөйлеулердің  әрқай-
сысының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балаларды 
дағдыландыру керек.
Ақыл  жастан  шығады,  асыл  тастан  шығады.  Жоқтық 
ұят емес, байлық мұрат емес. Мал – жаным садағасы, жан – 
арым садағасы. Жалғыз ағаш үй бол мас, жалғыз жігіт би бол-
мас. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сай сайға 
құяды,  бай  байға  құяды.  Өзен  өзенге  құяды.  Күн  ортақ,  ай 
ортақ жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. 
Сабыр  түбі  сары  алтын,  сарғайған  жетер  мұратқа,  асыққан 
қалар  ұятқа.  Шалқайғанға  шалқай  Пайғамбардың  ұлы  емес; 
еңкейгенге  еңкей  атаңнан  қалған  құл  емес.  Атаң  жаман  кісі  
еді. Ат бергеннің құлы еді; енең жа ман кісі еді. Мәскеудің қара 
күңі  еді.  Іш  қазандай  қайнайды,  күресуге  дәрмен  жоқ;  қоян 
қолтық алысып, жырылсаң да арман жоқ.
10
 «Бұғау» – кісен.


69
СӨЙЛЕМ МЕН СӨЗ
Бір  сөйлемнің  ішінде  бірнеше  сөз  болады.  Мәселен:  «Аш 
бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз 
бар: 1) аш, 2) бала, 3) тоқ, 4) баладай, ойнамайды.
Алайық,  «Тоқ  бала  аш  болам  деп  ойламайды»  де ген  сөй- 
лемді. Мұның ішінде: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам, 5) деп,  
6) ойламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет