70
СӨЗ
БЕН БУЫНДАР
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, «ат» деген
сөзде бір-ақ буын бар; «а-та» дегенде екі буын бар; «а-та-лар»
дегенде үш буын; «а-та-лар-ға» дегенде төрт буын; «а-та-ла-
ры-ма» дегенде бес буын сөз буын санына қарай бір буынды,
үш буынды, төрт, буынды, онан көбі көп буынды сөз деп ата-
лады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту.
Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер,
тай, тайау, тайғақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш,
ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай,
сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, неме-
ре, нағашы, құдаша, қаз, қарға, қара құс, қарлығаш, жапалақ,
балықшы, жағалтай, күйкентай, безгелдек, қызғаншақ, қор-
ғануға, сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, сол-
қылдауға, сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшы-
ратуға.
Достарыңызбен бөлісу: