و харфін жартыдауысты و шығар деп күдіктенуге орын жоқ.
3) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тұмсық, сұйық, жұмыс деген сөздерде: 1-нші сөзде «т»-ның соңында,
2-нші сөзде «с»-ның соңында, 3-нші «ж»-ның соңында
естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «у» харфімен жазылады.
Араб харфінен бұл үшін «و» харфін алып, үстіне «‘» (үтір)
қойып, «ؤ» жасап отырмыз.
Бұл жерде айтып ескертерлік бір сөз бар, ол мынау: жоғарыда
айтып едік, «و» харфі дауысты «о» ды бысы мен жарты дауысты
у дыбысы үшін – екеуіне бірдей жүреді деп. Солай бола тұрса
да осы үшінші пункттегі «ؤ» дыбысы мен жарты дауысты و ды бысы – екеуінің үні жақын болғандықтан, оңайлық үшін
жарты дауысты «و» орнында «ؤ» харфін жұмсаймыз. Асылын-
да дұрысы арабтың жарты дауысты و харфін қазақ тілінде де
жарты дауысты дыбыс үшін жұмсау. Бұлай айту араб әліппесін
оқытқанда, балаларды шатастырмасқа да жақсы. Бұл туралы
мұғалімдер һәм басқалар не пікір айтар екен?
4) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тазы, тары, жабы деген сөздерде: 1-нші сөзде, з-ның соңында, 2-нші сөзде