Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет59/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

2. Қатаң дыбыстарб, п, т, с, ш, қ, к
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң дыбыс- 
тардың таңбаларын айырту.
Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Берсең 
аларсың, ексең орарсың. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. 
Базарға бар да бағың сына. Ұлың өссе ұлықтымен ауыл бол, 
қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Ата көрген оқ жонар, ана 
көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Бүркіт 


74
қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін талайды. Қуда сүт жоқ, 
жылқыда өт жоқ.
Сынау.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  қатаң  дыбыстардың 
таңбаларының астын сызып көрсетіңдер.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман кел-
се жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы 
төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес. 
Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа, 
келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ. 
Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер 
басыңа.  Аш  тамағым,  тыныш  құлағым.  Тез  қасында  қисық 
ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса, 
қой арам өлер. Ит семірсе иесін қабар. Ат аунаған жерде түк 
қалады. Аман бол са бұл басым, тағы шығар бұл шашым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет