1. Жарты дауысты дыбыстар: р, л, у, и.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты дыбыстардың таңбаларын айырту.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты «у» жана «и», «р», «л»-ларды айырту.
Бай байға құяр, сай сайға құяр. Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек. Ауру қалса да, әдет
қалмайды. Денсаулық зор байлық.
Айналдырған ауру алмай қоймас. Сарт байыса там салар,
қазақ байыса, қатын алар. Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды
қойып бар. Ат аяғын тай басар. Аюдан қорыққан тоғайға бар-
мас. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Тай тулап
үйірінен шықпас. Ішің удай ашиды, еш амал жоқ етуге.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауысты
дыбыстардың таңбаларының астын сызып көрсетіңдер.
Той – тондынікі, ас – аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң,
құу боласын, бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боласың. Ақсақ
қой түстен кейін маңырайды. Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не
себер? Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді. Бір байдың жұртына
екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады. Атты
қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса, қой арам
өлер. Отпен ойнасаң, күйерсің; баламен ойнасаң шаршарсың.
Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап үйірден шықпас.
Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір; арық атқа
қамшы үйір. Байтал шауып, бәйге алмас. Екі кеменің құйрығын
ұста, жетсін бұйрығың.
Достарыңызбен бөлісу: |