Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет62/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

СӨЗ ТҰЛҒАЛАРЫ
 
1. Түбір сөз    
4. Қосалқы сөз
 
2. Туынды соз    
5. Қосымшалар
 
3. Қос сөз
Түбір  сөз  дегеніміз  –  бастапқы  мағынасындағы,  бастапқы 
тұлғасындағы сөз. Мәселен: бас, тас, шаш, қол. 
Туынды  сөз  дегеніміз  –  бастапқы  тұлғасы  да,  бастапқы 
мағынасы  да  өзгерген  сөз.  Мәселен,  бастық,  тастақ,  шашақ, 
қолтық.
Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын бір өңкей есімді 
сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі нәрсенің көбін қамти 
атайды.  Екіншілері  нәрселерді  айыра  атайды.  Алдыңғысы  – 
жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы – жалқылағыш қос сөз деп 
айтылады.
Жалпылағыш қос сөздер: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, 
киім-кешек,  жүн-жұрқа,  бақа-шаян,  құрт-құмырсқа,  бұта-
бұтанақ,  жер-су,  түйе-мүйе,  бұзау-мұзау,  қой-қозы,  тағысын 
тағылар.
Жалқылағыш  қос  сөздер:  жел-бау,  төсек-ағаш,  жүк-аяқ 
піспек-сап, шеге-балға, қауға-шелек, асыл-бек, ес-құл, төре-тай, 
ер-батыр, есен-аман, өмір-қожа, шекті-бай, тағысын тағылар.
  Қосалқы  сөз  дегеніміз  –  өз  алдына  мағынасы  кем,  басқа 
сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына шығатын сөз. Мәселен: 
да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
  Қосымшалар  дегеніміз  –  сөз  емес,  сөзге  жалғанатын  бу-
ындар. Бұларда өз алдына мағына жоқ, басқа сөзге жалғанбай 
бөлек  айтылмайды  да,  сондықтан  бұлар  қосымшалар  деп 
аталады.  Қосымшалар  екі  түрлі:  Біреулері  жалғанған  сөздің 
тұлғасын  ғана  өзгертіп,  мағынасын  өзгертпейді.  Екіншілері 
жалғанған  сөзінің  тұлғасын  да,  мағынасын  да  өзгертеді. 
Сондықтан  бастапқысы  қосымшалар,  тысқарғы  жалғаулар 
не  тікелей  жалғау  деп  аталады;  екінші  қосымшалар  ішкергі 
жалғаулар не тікелей жұрнақ деп аталады. 
Түсінікті  болу  үшін  мысал  келтірейік:  Алайық,  «жылқы» 
деген сөзді, «-шы», «-ның» деген қосымшаларды. Жылқы де-


77
ген сөзге «-шы» қосымшасы да, «-ның» қосымшаны да қосып 
байқайық:  қайсысы  жұрнақ  бо лып  шығар  екен.  Жылқы  – 
жылқышы,  жылқы  жылқының.  «Жылқышы»  дегенде  сөздің 
бастапқы мағынасы да, тұлғасы да өзгерді. «Жылқышы» деген 
сөз енді мал табының есімін көрсетпейді, адам табының есімін 
көрсетеді.  «Жылқының»  дегенде  сөздің  тұлғасы  өзгерілді, 
мағынасы  өзгерген  жоқ:  «жылқының»  деген  сөз  бәрібір  мал 
табының  есімін  көрсетіп  тұр.  Айтылғаннан  енді  мәлім  бол-
ды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның» қосымша жалғау 
екендігі.
Ескерту.  Жалғау  аз,  жұрнақ  көп.  Жалғау  түбір  сөзде  де, 
туынды сөзде де болады. Жұрнақ*
13
 түбір сөзде жоқ, туынды 
сөзде ғана болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет