Дауыссыз таңбалар: ب (б) پ (п) ت (т), ج (ж) د (д), ر (р), ز (з),
س (С), ش (ш), غ (ғ), ق (қ), ك (к), َـك (г), ڭ (ң), ل (л), ن (н), و (у), ي (й).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уыссыз таңбалардың астын сызып көрсетіндер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына
түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар.
Не ексең, соны орарсың. Тас пен ұрғанды аспен ұр. Құлақ
естігенді көз көрер, ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек.
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген
жомарт емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды ке-
лер. Өгізді өрге салма, қанатың талар; жаманға жүзің салма,
сағың сынар. Адасқанның артындағысы білер; жаңылғанның
жанындағысы білер.
12
Дыбыстар қандай түрге бөлініп, қалай аталса, олардың таңбалары
да солай бөлініп, солай аталады.
73
Дауыссыз дыбыстар түрлі қасиеттеріне қарай өзара бірнеше
түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |