Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


ІІ. ЖАЙ СЫН 1) «Аласа адам» деген сөз Жекеше



Pdf көрінісі
бет93/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ІІ. ЖАЙ СЫН
1) «Аласа адам» деген сөз
Жекеше Атау 
қандай адам? 
аласа адам
Ілік жалғау 
қандай адамның? 
аласа адамның
Барыс жалғау 
қандай адамға? 
аласа адамға
Табыс жалғау 
қандай адамды? 
аласа адамды


135
Жатыс жалғау 
қандай адамда? 
аласа адамда
Шығыс жалғау 
қандай адамнан? 
аласа адамнан
Көпше Атау 
қандай адамдар? 
аласа адамдар
Ілік жалғау 
қандай адамдардың?  аласа адамдардың
Барыс жалғау 
қандай адамдарға? 
аласа адамдарға
Табыс жалғау 
қандай адамдарды?  аласа адамдарды
Жатыс жалғау 
қандай адамдарда? 
аласа адамдарда
Шығыс жалғау 
қандай адамдардан?  аласа адамдардан
2) «Семіз мал» деген сөз
Жекеше Атау   
қандай мал?   
семіз мал
Ілік жалғау 
 
қандай малдың? 
семіз малдың
Барыс жалғау   
қандай малға?   
семіз малға
Табыс жалғау   
қандай малды?  
семіз малды
Жатыс жалғау   
қандай малда?  
семіз малда
Шығыс жалғау   
қандай малдан? 
семіз малдан
Көпше Атау   
қандай малдар? 
семіз малдар
Ілік жалғау 
 
қандай малдардың?  семіз малдардың
Барыс жалғау   
қандай малдарға? 
семіз малдарға
Табыс жалғау   
қандай малдарды? 
семіз малдарды
Жатыс жалғау   
қандай малдарда? 
семіз малдарда
Шығыс жалғау   
қандай малдардан? 
семіз малдардан
Мұнан  көрінеді:  жалғаулар  сын  есімге  жалғанбай,  соңын-
дағы зат есімге жалғанатындығы.
Дағдыландыру. Жай сынды сөздерді жалғаулату. Мәселен: 
бай қазақ, сараң кісі, қара сиыр, торы aт, қызыл шапан, ақ 
көйлек, зерек бала уа ғайри сондай сөздер.
Тек  сынын  көрсететін  сөздерге  де  жалғаулар  осылайша 
жалғанады яғни нәрсенің тегі атаушы сөзге жалғанбай, нәрсенің 
өзі атаушы сөзге жалғанады. Мысалмен көрсетейік.
2) «Алтын ақша» деген сөз
Жекеше Атау 
қандай ақша? 
алтын ақша


136
Ілік жалғау 
қандай ақшаның? 
алтын ақшаның
Барыс жалғау 
қандай ақшаға? 
алтын ақшаға
Табыс жалғау 
қандай ақшаны? 
алтын ақшаны
Жатыс жалғау 
қандай ақшада? 
алтын ақшада
Шығыс жалғау  қандай ақшадан? 
алтын ақшадан
Көпше Атау 
қандай ақшалар? 
алтын ақшалар
Ілік жалғау 
қандай ақшалардың?  алтын ақшалардың
Барыс жалғау 
қандай ақшаларға? 
алтын ақшаларға
Табыс жалғау 
қандай ақшаларды? 
алтын ақшаларды
Жатыс жалғау 
қандай ақшаларда? 
алтын ақшаларда
Шығыс жалғау  қандай ақшалардан?  алтын ақшалардан
Ескерту.  «Қандай  ақша?»  деген  сөздердің  орнына  «не 
ақша?» деп те сұралады. Хәтте, тек сынында «қандайдан» гөрі 
«не» деп сұрау көбірек жұмсалады.
Дағдыландыру. Тек сынын көрсететін сөздерді жалғаулату. 
Мәселен: күміс қасық, ағаш аяқ, қайыс жүген уа ғайри сондай 
сөздерді.
Сын есімнен туған сөздер.
Түбір  сын  есімдер  заттың  сындарын  көрсетеді  Нәрсенің 
сыны қалыпты күйінен тысқары болса яки сыннан өтетін басқа 
нәрсе я іс болса, сын есіміне һәр түрлі жұрнақтар жалғанады.
§ 1. «-лау» (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақ сын есіміне 
жалғанады,  анық  сол  сын  еместігін  көрсету  үшін.  Мәселен: 
«Сары»  деген  сөзге  «-лау»  жұрнағын  жалғап  «сарылау»  деп, 
анық  сары  еместігін  көрсетеміз;  «Кір»  деген  сөзге  «-леу» 
жұрнағын жалғап «кірлеу» деп, анық кір еместігін көрсетеміз; 
«Ұзын» деген сөзге «-дау» жұрнағын жалғап «ұзындау» деп, 
онша  ұзын  еместігін  көрсетеміз;  «Күрең»  деген  сөзге  «-деу» 
жұрнағын  жалғап  «күреңдеу»  деп,  анық  күрең  еместігін 
көрсетеміз; «Ақ» деген сөзге «-тау» жұрнағын жалғап, «ақтау» 
деп,  анық  ақ  еместігін  көрсетеміз;  «Көк»  деген  сөзге  «-теу» 
жұрнағын жалғап «көктеу» деп, анық көк еместігін көрсетеміз 
уа ғайри сондай.


137
Дағдыландыру.  «-лау»  (-леу,  -дау,  -деу,  -тау,  -теу)  жұр-
нақтары жалғанарлық сын есімдер тапқызып, жалғату.
§  2.  «-шыл»  жұрнақ  сын  есіміне  жалғанады,  сол  сынға 
бейімдігін  көрсету  үшін.  Мәселен:  «Ақ»  деген  сөзге  «-шыл» 
жұрнағын жалғап, «ақшыл» деп, ақ түске бейімдігін көрсетеміз; 
«Көк» деген сөзге «-шіл» жұрнағын жалғап «көкшіл» деп, көк 
түске бейімдігін көрсетеміз.
Кей сын есімдерге «-шыл» орнына «-ғыл», «-ғылт» жұрнақ-
тар жалғанады. Мәселен: «Сары»  «сарғыл» яки «сарғылт»; 
«сұр»  «сұрғыл» яки «сұрғылт»; «боз»  «бозғыл» яки бозғылт; 
«қызыл»    «қызғыл»  яки  қызғылт;  «торы»    «торғыл»  уа  
ғайри сондай.
Кей  сын  есімдерге  «-ғылт»  орнына  «қылтым»  жұрнақ 
жалғанады. Мәселен: «ащы»  «ашқылтым», «тұщы»  «тұш-
қылтым».
Дағдыландыру. «-шыл», «-ғыл», «-ғылт», «-ғылтым» жұр-
нақтар жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
§ 3. «-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ сын есіміне 
жалғанады, сол сыннан шыққан дерексіз заттың есімін көрсету 
үшін. Мәселен: «Жақсы» де ген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап 
«жақсылық» де ген заттың есімін көрсетеміз; «Игі» деген сөзге 
«-лік»  жұрнағын  жалғап  «игілік»  деген  заттың  есімін  көрсе-
теміз; «Араз» деген сөзге «-дық» жұрнағын жалғaп «араздық» 
деген  заттың  есімін  көрсетеміз;  «Тең»  деген  сөзге  «-дік» 
жұрнағын  жалғап  «теңдік»  деген  заттың  есімін  көрсетеміз; 
«Тоқ»  деген  сөзге  «-тық»  жұрнағын  жалғап  «тоқтық»  деген 
заттың  есімін  көрсетеміз;  «Зерек»  деген  сөзге  «-тік»  жұрна-
ғын жалғап «зеректік» деген заттың есімін көрсетеміз уа ғайри 
сондай.
Дағдыландыру.  «-лық»  (-лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік) 
жұрнақтар жалғанарлық сөздер тапқызып жалғату.
§  4.  «-шылық»  (-шілік)  жұрнақ  сын  есіміне  жалғанады, 
сол  күй,  қалып  болғандығын  көрсету  үшін.  Мәселен:  «Тар» 
деген  сөзге  «-шылық»  жұрнағын  жалғап  «таршылық»  деп 


138
тар күй, қалып болғандығын көрсетеміз; «Еркін» деген сөзге 
«-шілік» жұрнағын жалғап «еркіншілік» деп еркін күй, қалып 
болғандығын көрсетеміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру.  «-шылық»  (-шілік)  жұрнақтарын  жалғар-
лық сөздер тапқызып, жалғату.
Ескерту. «Кішкене», (азғана) деген сын есімдер қос сөздер: 
кішкене  кіші, гәнә, азғана  аз, ғана.
§ 5. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ сын есіміне жалғанады, 
сол түрде болдыру үшін. Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-ла» 
жұрнағын  жалғап  «жақсыла»  дейміз,  жақсы  түрде  болдыру 
үшін; «Әдемі» деген сөзге «-ле» жұрнағын жалғап, «әдеміле» 
дейміз, әдемі түрде болдыру үшін; «Жаман» деген сөзге «-да» 
жұрнағын  жалғап,  «жаманда»  дейміз,  жаман  түрде  болды-
ру  үшін;  «Тең»  деген  сөзге  «-де»  жұрнағын  жалғап  «теңде» 
дейміз,  тең  болдыру  үшін;  «Ақ»  де ген  сөзге  «-та»  жұрнағын 
жалғап  «ақта»  дейміз,  ақ  түрде  болдыру  үшін;  «Тегіс»  деген 
сөзге «-те» жұрнағын жалғап «тегісте» дейміз, тегіс болдыру 
үшін.
Дағдыландыру.  «-ла»  (-ле,  -да,  -де,  -та,  -те)  жұрнақтар 
жалғанарлық сөздерді тапқызып, жалғату.
§ 6. «-ар» (-ер) жұрнақ сын есіміне жалғанады. Coл түрде 
болу үшін. Мәселен: «Ақ» деген сөзге «-ар» жұрнағын жалғап 
«ағар»  дейміз,  ақ  түрде  болу  үшін;  «Көк»  деген  сөзге  «-ер» 
жұрнағын жалғап «көгер» дейміз, көк түрде болу үшін.
Бұл жұрнақтар орнына «-ай» (-ей) жұрнақтар да жалғанады. 
Мәселен:  «Қоңыр»  деген  сөзге  «-ай»  жұрнағын  жалғап 
«қоңырай» дейміз, қоңыр түрде болу үшін; «Көп» деген сөзге 
«-ей»  жұрнағын  жалғап  «көбей»  дейміз,  көп  күйінде  болу 
үшін.
Ескерту:  «-ар»  (-ер),  «ай»  (-ей)  жұрнақтар  аяғы  дау ысты 
сөздерге «-р» болып жалғанады. Мәселен: қысқақысқар, ескі
ескір.
Дағдыландыру. «-ар» (-ер), -ай (-ей) жұрнақтар жалғанар-
лық сөздер тапқызып, жалғату.


139
§  7.  «-сын»  жұрнақ  сын  есіміне  жалғанады,  сол  сынды 
сияқтану үшін. Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-сын» жұрнағын 
жалғап  «жақсысын»  дейміз,  жақсы  сияқтану  үшін;  «Үлкен» 
деген сөзге «-сін» жұрнағын жалғап, «үлкенсін» дейміз, үлкен 
сияқтану үшін.
Дағдыландыру.  «-сын»  жұрнағын  жалғарлық  сөз дер 
тапқызып, жалғату.
ІІІ. СAH ЕСІМ
Сан  есім  нәрселердің  есебін  һәм  ретін  көрсететін  сөздер. 
Есебін  көрсететін  сөздер.  Мәселен:  Бір,  екі,  үш,  төрт,  бес, 
алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, ал-
пыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, миллион, түмен. Бұлар 
есептік деп аталады.
Ретін көрсететін сөздер. Мәселен: Бірінші, екінші, үшінші, 
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, 
оныншы,  жиырманшы,  отызыншы,  қырқыншы,  елуінші,  ал-
пысыншы,  жетпісінші,  сексенінші,  тоқсаныншы,  жүзінші, 
мыңыншы, миллионыншы. Бұлар реттік деп аталады.
Есептік  сан  екіге  бөлінеді:  Бірі    жоғарғы  көрсетілген 
қалыпта  айтылады.  Ол  жай  есептік.  Екіншісі    зат  есімге 
тіркелмей сөйленетінігінен басқарақ айтылады: бір–біреу, екі–
екеу, үш–үшеу, төрт–төртеу, бес–бесеу, алты–алтау, жеті–
жетеу  делініп.  Бұлайша  айтылу  жетіге  шейін-ақ  бар.  Бұлар 
жадағай есептік деп аталады.
Есептік  үлкендете  саналады.  Мәселен:  «он  бір»  дегенде 
әуелі үлкенін айтып, сонан соң кішісін айтамыз: ол «онның» 
«бірден»  үлкендігінен.  «Елу  алты»  дегенде  әуелі  «елуді  ай-
тып,  сонан  соң  «алтыны»  айтамыз:  ол  «елудің»  «алтыдан» 
үлкендігінен. «Жүз елу» дегенде, әуелі «жүзді» айтып, сонан 
«елуді» айтамыз: ол «жүздің» «елуден» үлкендігінен.
Реттік  те  үлкендете  саналады.  Мәселен  «он  бірінші»  де-
генде, әуелі «онды» айтып, сонан соң «бірінші» дейміз. «Жүз 
елуінші»  дегенде,  «жүзді»  «елуіншіден»  бұрын  айтамыз. 
Реттікпен саналғанда есептікпен саналғандай айтылып келіп, 


140
ең ақырғы сөздің аяғына реттік жұрнағы «-ншы» жалғанады. 
Мәселен:  «мың  тоғыз  жүз  он  төртінші»,  «мың  тоғыз  жүз  он 
бесінші» дегендей.
Бұлардан  басқа  нәрсенің  бүтіні  емес,  бөлімтігінің  санын 
көрсететін  сөздер  бар.  Олар  темілдік  аталады.  Темілдік  сан: 
жарты,  жарым,  ширек.  Қазақтың  тілінде  темілдік  санның 
есімі тіпті аз.
Сан  есім  жалғаулары  зат  есім  сын  есім  жалғауларымен 
бірдей. Айтылуына қарай жалғаулар я тікелей санға жалғанады, 
я жанындағы басқа есімге жалғанады. Жадағай есептік басқа 
есімге  қосарланып  айтылмайтын  болғандықтан,  жалғаулар 
оларға  қай  кезде  де  өзіне  жалғанады.  Мысалдар  алып, 
қарайық.
 
І. ЖАЙ ҚАЛЫП
Жадағай септік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет