Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет96/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ЕСІМДІК
Есімдік дегеніміз есімдердің яғни зат есімнің, сын есімнің 
орнына  жүретін  сөздер.  Мәселен,  мұғалім  дегеннің  орны-
на  «мен»  деймін,  саған  сөйлегенде  атыңды  атаудың  орнына  
«мен»,  «сен»,  «ол»  деген  сөздер  зат  есімнің  орнына  жүретін 
себептен есімдік болады.
Есімдік  қазақ  тілінде  5  тарау  болады:  1.  Жіктеу  есімдігі; 
2.  Сілтеу  есімдігі;  3.  Сұрау  есімдігі;  4.  Жалпылау  есімдігі;  
5. Танықтық есімдігі.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ
Жіктеу  есімдігі  дегеніміз  сөйлеген  кезде  сөйлеушінің, 
тындаушының  һәм  бөгдедегілердің  жігін  ашатын  сөздер. 
Сондықтан  жіктеу  есімдігі  үш  жақты  болады:  1.  Сөйлеуші 
үшін «мен» дейді, бұл бірінші жақ. 2) Тыңдаушыға сөйлеуші 
«сен» дейді, бұл екінші жақ. 3) Сөйлеуші өзі мен тыңдаушыдан 
басқаны «ол» дейді, бұл үшінші жақ.
Сыпайылап  сөйлегенде  сөйлеуші  өзін  «мен»  деудің  ор-
нына  «біз»
22
  дейді,  тыңдаушыға  «сен»  деудің  орнына  «сіз» 
дейді, бөгде кісіні «ол» деудің орнына «о кісі» (ол кісі) дейді. 
Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» екінші жақ болады, 
«о кісі» үшінші жақ болады.
Жіктеу  есімдігінің  жалғыз  ғана  жалғаулары  емес,  өзі  де 
азырақ өзгеріңкірейді. Мәселен:
22
 
 
Көпше айтылғанда «біз» деп сөйленеді.


145
«Мен» деген сөз   Жекеше  
 
 
Көпше
Атау   
кім? мен 
   
біз
Ілік жалғау  
кімнің? менің   (меннің орнына)  біздің
Барыс жалғау   кімге? маған  
(менге орнына)  бізге
Табыс жалғау   кімді? мені 
   
бізді
Жатыс жалғау   кімде? менде  
   
бізде
Шығыс жалғау  кімнен? менен   (меннен орнына)  бізден
«Сен» деген сөз  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет