Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет117/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

238-сурақ. Ж уйке тамырлар (нерв) қалай ж іктеледі?
Қызметіне қарай жүйке тамырлар сезімтал, қозгалтқыш жөне аралас 
болып  үш  топқа  бөлінеді.  Сезімтал  жүйке  тамырлар  тітіркеністі 
дененің шеткей аймақтарынан  жүйке жүйесінің орталық бөліміне 
өткізеді, сондықтан оларды орталыққа тепкіш, немесе афферентгік 
жүйке тамырлар, деп атайды.  Бұл жүйке тамырлар тек сезімтал тал- 
шықтардан  қүралады.  Қозгалтқыш  жүйке  тамырлар  тітіркеністі, 
керісінше, орталықтан шетке, орындаушы мүшелерге қарай өткізеді. 
Оларды  орталықтан тепкіш,  немесе  эфферентгік жүйке тамырлар, 
дейді. Бұлар қозгалтқьпи талшықтардан қүралады. Ал, аралас  жүйке 
тамырлар құрамында тітіркеністі қарама-қарсы багытта өткізетін ор- 
талыққа тепкіш және орталықтан тепкіш талшықтар болады.
Қ ұры лы м  ерекш еліктеріне  қ ар ай   ж үйке  там ы рлар  үлпекті 
(миелинді) жөне үлпексіз (миелинсіз) больш бөлінеді.  Үлпект і тал- 
шықтар миелин жене Ш ван қабықтарымен, ал үлпексіз талшықтар - 
тек Шван қабыгымен қапталады.  Үлпекті талшықтар жуандау (диаметрі 
1-25  мкм), ал үлпексіз талшықтар - жіңішкелеу (0,5  -  2 мкм) келеді.
Құрылысы мен қызметіне қарай шеткі үлпекті жүйке талшықта- 
ры А, В, С деп аталатын үш топқа бөлінеді. А  тобының талшықтары 
жуан,  диаметрі  4-20  мкм  шамасында  болады.  Бүл  топқа  қаңқа 
еттерінің қозгалтқыш нерв талшықтары мен жанасу, қысым жөне ет 
пен буын рецепторларынан басталатын орталыққа тепкіш жүйке тал- 
шықтары  жатады.  В  тобы  диаметрі  3  мкм  шамасындагы  жіңішке 
талшықтар. Оларга  афферентгік талшықтар мен вегетативтік жүйке 
талшықтары жатады. С тобының талшықтары жүқа миелин қабыгы- 
мен  қапталады.  Олардың  диаметрі  2  мкм  шамасында.  Бүл  топқа 
ауырсыну мен температуралық тітіркеністерді өткізетін афференттік 
талшықтар жатады.
225


ғыш болып табылатын иондық сорап қызметінің арқасында концен- 
трациялық градиентке қарсы тасымалданады. Осы сорап қызметінің 
нәтижесіңце торша  ішінде торшааралық сұйықпен салыстырғанда 
калий иондарының концентрациясы 50 есе көп, натрий иондарының 
концентрациясы 8-10 есе аз болады. Мембрананың калий иондарына 
деген өтімділігі жоғары болғандықтан олар торша сыртына толассыз 
шығып отырады да, торша ішінде аниоңдар қалады. Аниондар мемб- 
рананың ішкі беткейіне электростатикалық күшпен тартылып, оған 
теріс заряд береді.  Сондықтан иондардың трансмембраналық айыр- 
масы пайда болып, торша мембранасының ішкі беткейі теріс, сыртқы 
беткейі оң зарядталады.
Әрекет потенциалы мембраналық потенциалдың қысқа мерзімдік 
тербелісі (реверсия) нөтижесінде туындайды. Бұл процесс  екі сатыда 
өтеді. Үйексіздену сатысьщда қозған учаскеде мембрананьщ натрийлік 
арналары ашылып,  натрий  иондары торша ішіне өтеді де,  мембра- 
наны ң  сыртқы  беткейі  теріс,  ішкі  беткейі  -  оң  зарядталады.  Қозу 
шыңында мембраналық потенциал деңгейі +30- +40 мВ жетеді. Кері 
үйектену  сатысында  мембранадағы  натрийлік  арналар  жабылып, 
калийлік арналар ашылады. Иондар алмасуының нөтижесінде мемб- 
рананың бастапқы заряды қалпына келеді. Осыдан соң гиперүйекге- 
ну  (күшті  үйектену)  процесі  жүріп,  мембраналық  потенциал  ты- 
ныштықтығы деңгейден  шамамен  10  М В-қа,  немесе  -  80  мВ  көр- 
сеткішіне дейін төмендейді.
Нерв импульсі талшық бойымен қозған және қозбаған учаскелер 
арасында  жергілікті  (шектеулі)  токтың  пайда  болуы  нәтижесінде 
таралады. Ет талшығы мен үлпексіз нерв талшықтарында қозу тол- 
қы ны  бірсыдырығы, секундына 3 м жылдамдықпен, ал үлпекті нерв 
талшықтарында секірмелі (сальтаторлы) түрде 30-120 м жылдамдық- 
пен тарайды.
242-сурақ.  Синапс (жалгагыш) деген не, оның щрылымы қандай?
Синапс, немесе жалғағыш, деп қозуды немесе тежелуді біржақты 
өткізетін торшааралық үзілмелі байланыстың ерекше түрін айтады. 
Ол арқьілы қозу толқыны жүйке талшықтарынан атқарушы құрылым- 
ға - жүйке, ет, без торшаларына,- беріледі.
Синапс  негізгі  үш  бөлектен  -  алдыңғы  шептік  (пресинаптық), 
артқы шептік (постсинаптық) мембраналардан жөне синапс сандауы- 
нан, тұрады.  Бітер жерінде аксон ұшы миелин қабығын жоғалтып, 
сөл жуандайды да, бірнеше тарамдар түзеді (43-сурет). Осы тарамдар 
мембранасы  алдыңғы  шептік мембрана деп  аталады.  Оның  ішінде 
митохондриялар  мен  медиаторлы  көпіршікгер  орналасады.  Аксон
228


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет