нәтижесінде үйексіздену процесі жүріп, қоздырушы постсинапстық
потенциал (Қ П С П ) туындайды да, тітіркеніс атқарушы қүрылымға
беріледі. Бүл процесті қамтамасыз ететін медиаторлар: ацетилхолин,
норадреналин, глутамин және аспарагин қышқылдары, глицин, гам-
ма-аминді май қышқылы т.б.
Орталық синапстардың (нейронаралық синапстар) нерв - ет си-
напстарынан ерекшелігі, олардың көпшілігі тежеуші синапсқа жата-
ды. Демек, оларда бөлінген медиаторлар гиперүйектену процесін
жүргізіп, тежеуші постсинапстық потенциал (ТПСП) тудырады, өздері
жанасқан нерв торшаларының белсенділігін басады.
Электрлік жолмен өрекет ететін синапстар қарапайым нерв жүйесі
төн жануарларда — омыртқасыздарда кездеседі. Алайда олар сүт қорек-
тілер, тіпті приматтар миында да кездеседі. Құрсақтық даму бары-
сында олардың саны кеми түседі.
Элекгрлік синапстарда синапстық саңлау тар (2-4 нм) келеді жөне
оны белоктан қүралып, ерекше арналар түзетін көпіршелер қиып
өтіп отырады. Бүл арналар арқылы бейорганикалық иондар мен май-
да молекулалар оңай өтеді. Осымен байланысты мүндай синапстарда
электрлік кедергі томен (мардымсыз) болып, пресинапстық потен
циал постсинапстық мембранаға оңай, өшпей өтеді.
ОНЖ -де электрлік синапстар аз болғанымен, олар жүрек етінде,
ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттерінде, эпителийлі және безді
үлпаларда көптеп кездеседі.
Химиялық жөне электрлік синапстар бір-бірінен көптеген функ-
ционалдық қасиеттерімен ерекшеленеді.
1. Х имиялық синапстарда тітіркеністің бөгелу мерзімі 0,2-0,5 мс
құраса, электрлік синапстарда бөгелу қүбылысы болмайды.
2. Х имиялық синапстарда тітіркеніс бір бағытта - пресинапстық
мембранадан постсинапстық мембранаға өткізілсе, электрлік синап-
ста ол көбінесе қос бағытта өткізіледі.
3. Х имиялық синапстар постсинапсты қ қүрылымдарда қозу
процесін де, тежелу процесін де тудырады, ал электрлік синапстар
тек қана қозу процесін тудырады.
4. Химиялық синапстарда, электрлік синапстармен салыстырған-
да, өрекет ізі жақсы рақ сақталады.
5. Химиялық синапстар, электрлік синапстармен салыстырғанда,
температура ауытқуларына сезімтал келеді.
Жануарлардьщ эволюциялық даму деңгейіне байланысты бір ней-
рондағы синапстар саны бірден бірнеше мыңға дейін аутқуы мүмкін.
Мысалы, теңіз тышқаны миының қыртысының 1 г массасында 4 1 0 11
шамасында синапс болса, адам миында бүл көрсеткіш 110,8-ге жетеді.
230
Достарыңызбен бөлісу: