Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сырт-
қы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал
көру пигменті болады, ал ішкі буында торшалардағы қуат алмасуын
қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецеп
торлар буыңдары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана ар-
қылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибрилл алардан, құралған шоғыр
өтеді. Ішкі буыннан өсінділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецеп-
торлардан олармен түйісетін
қос ерісті (биполярлы) торшаларга беріледі.
Қос өрісті торшалар
туйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады.
Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті
торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды)
торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал
өрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сиг-
налды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан ш ыққан
сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары
жеке-жеке беріледі.
Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл
жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен торт
төмпешікгің алдыңғы екі төмпешігіне бағытгалады. Ал соңғы құры-
лымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шар-
лары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағыціының
орталығына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: