Байланысты: nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy
дөңгелек жөне сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім түтіктер (үлу) терезесі дейді. Одан сөл төменірек орналасқан сопақша тесікті -
сага (кіреберіс) терезесі деп атайды.
Іш кі қүлақ, немесе иіытырмақ (лабиринт), самайдың қайырш ық
сүйегінің ішінде жатады (54- сурет). Ол бірінің ішінде бірі орналасқ-
ан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құры-
лымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринтгің ітнінде эндолим фа (ішкі с ү й ы қ ) болады.
Сүйекті лабиринт үш қүрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді
түтіктен (үлудан) жөне жартылай дөңгелек түтіктерден, — түрады.
Саға мен иірімді түтік есту мүшесін құрайды. Ал сағада орналасқан
қапшықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибула-
лы қ) аппараты болып табылады. Демек, ішкі қүлақта есту жөне тепе-
тендік мүшелері орналасқан.
Сага - кішкентай қуыс. Ол сопақша жөне дөңгелек қапшықтарға
бөлінеді. Сопақіиа қапиіық жартылай дөңгелек түтіктермен, ал дөңге- лек қапиіық - иірімді түтікпен жалғасады.
Иірімді түтік (үлу) - орталық білікті бойлай спираль төрізді екі
айналым жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембра-
насы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша
тесікген басталатын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне жөне иірімді түтік өзегіпе, - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді
түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік — геликотрема, - арқылы
жалғасады жөне олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді
түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүнда дыбыс толқынын қабыл-
дайтын Корти мүшесі орналасады.
55-сурет . Үлудың (иірімді түтіктің)
көдценең кесіндісі;
1
-саға (фисгибула) өзегі,
2
-дабыл өзегі, 3-жабынды табақша,
4-үлу (иірімді түтік) өзегі,
5- Рейснер мембранасы,
6
- негізгі мембрана, 7- үлу
нервы,
8
-түкті торшалар.
5
284
Корти мүшесі - күрделі құрылым (55-сурет). Ол негізгі мембра-
наның ішкі беткейін бойлай орналасқан есту торшапары мен сүйеніш т орш алардш құралады. Есту торш аларыны ң ұш ы нда жіңіш ке
кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқыньшьщ өсерін қабылдайды.
Осы торшалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші
ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.
Қ ұлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы
дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен
сопақш а тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады.
Одан өрі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сұйы ққа та-
райды. Осы толқын өсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген
есту торшаларьшың түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл
торшаларда қозу пайда болады. Қозу процесі үлу жүйкесінің үштары-
нан есту жүйкесіне беріледі де, одан өрі есту жолымен сопақш а ми,
аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орнала-
сқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.
295-сүрақ. Вестибулалық аппарат дегеніміз не, ол қандай қызмет атқарады? Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық
аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағьі
жағдайын бағдарлауды жөне тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.
Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағыт-
та орналасады. Әр түтікгің бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген
бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жар
тылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецеп-
торлық торшалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі
жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозға-
лыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолим
фа осы рецепциялық торшаларды толқытады, қозу тудырады. Осы-
дан ми құрылымдарына қимыл бағытының өзгерістері жайлы ақпа-
рат жіберіледі.