Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет145/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

даушы  қүрылымнан  -  рецеп- 
т ордан,  өт кізгіш   бөлікт ен 
(жүйкелік  жолдан) және мидың 
үлкен жарты шарларының қыр- 
тысында  орналасқан  орталық 
бөлімнен түрады (53-сурет).
Талдағыштар  сезім  мүше- 
лерінің  орналасқан  орнына 
қарай сырқы жөне ішкі болып 
бөлінеді. Сыртқьі талдагыштар- 
дың қабылдаушы аппаратгары 
контактылық (түйіспелі) жөне 
дистанциялық (алшақтық) экс- 
терорецепторлардан құралады. 
К о н т ак ты л ы қ   р ец еп то р л ар  
т іт ір к е н д ір г іш п е н   т ік е л е й  
түйіскенде ғана қозады.  Олар- 
га тері рецепторлары (ауырсыну, 
температуралық, жанасу) жөне 
дәм сезу рецепторлары жатады.
278
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы  аппаратгарын интеро (ішкі)- 
жөне проприорецепторлар (бүлшық ет, буын байламы, сіңір рецеп­
торлары) құрайды.  Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен 
ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдап, талдауға арналған. 
Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
291-сүрақ.  Талдагыштарга қандай  қасиет тән?
Эволюцйальіқ даму барысында өрбір талдагыш тітіркендіргіштің 
белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген,  сондықтан өр талдағыш- 
тьщ өзіне төн ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдагыштар­
га төн ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына  мыналар жатады.
Жогары сезімталдық қасиет. Талдагыш рецепторларының қозу та- 
балдырығы томен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш өсеріне 
өте сезімтал келеді.
Арнаулылық, талгамдылық қасиет. Әрбір талдагыш рецепторы тек 
белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабыддауға бейімділік танытады, белгілі 
энергия түріне ғана жауап береді.  Көру талдағышының рецепторы 
үшін үйреншікті тітіркендіргіш - сөуле, есту талдағышы үшін - ды- 
быс толқыны т.с.с. болып табьшады.  Бірақ талдағыштарда қозу өте 
күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер өсерінен де туындай- 
ды.  Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солгын, көмескі болады.
Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу процесі туын- 
дап үлгермей түры п-ақ тітіркендіргіш өсерінен өзінің функционал- 
ды қ күйін өзгерте бастайды.
Созылыңқы,  жалгасқан өсерге жауап беретін қабілет. Талдагыш- 
тар рецепторы іітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт 
оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал багыттап оты- 
рады. Осының нөтижесінде таддағыштар арқылы эсер мерзімінің ұзақгы, 
оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.
Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш өсері қайталанған сайын 
анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған өсерді 
қабылдау қабілеті күшейеді.
Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тіііркендіргіш күші мен сипа- 
тына талдагыш рецепторы қажымай-ақ өзінің функционалдық күйін 
өзгертіп, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыш- 
тық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.
Контрастық  қүбылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланы­
сты өзгереді.  Мысалы, толық тыныштық жагдайында өлсіз дыбыс- 
тың өзі күшті естіледі.
Түйсік ізін сақтау қасиеті. Беліілі бір түйсік тітіркендіргіш өсері 
(затгың бейнесі, өуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалгаса- 
ды. Мысалы, жарқ еткен сөуле оның өсері тоқтаганнан кейін де біраз 
уақыт сезіліп түрады.
279


292-сурақ. Көздің қүрылысы қандай және көру түйсігі қалай пайда 
болады  ?
Көру  талдағышы  ең  жақсы  дамыған  құрылым.  Оның  қызметі 
нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы 
заттардың түсін,  пішінін,  көлемін жөне  оларға дейінгі ара қаш ы қ- 
тықты ажыратады.
Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажы- 
ратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың 
ең жоғары деңгейіне жеткен.
Көру талдағышының негізгі мүшесі-көз алмасы. Ол бас сүйектің 
алдынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру 
мүшесі оптиқалық, фоторецепциялық жүйелерден жөне қосымша қор- 
ғағыш аппаратган құралады.
Көз алмасы шар пішінді құрылым. Оның алдына қарай шығыңқы 
келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі 
деп атайды.  Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең 
сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық  жөне 
ішкі -  торлы қабық.
Сыртқы  қабы қты ң  алдынғы  бөлігін  “қасаң  қабық“  деп  атайды. 
Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат өйнегіне үқсас келеді. Қасаң 
қабы қ арқылы көздің ішіне ж арық сөулесі сындырылып өткізіледі. 
Осы  фиброзды  қабы қты ң артқы  бөлігін  а қ   қабы қ деп  атайды.  Ақ 
қабы қ көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр- 
тын қаптап, нерв қабы н түзеді.
А қ қабықты  астарлай тамырлы қабы қ орналасады.  Бұл қабатга 
көзді қоректендіретін қан  тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабық- 
тъщ қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңгы бөлігін нүрлы қабық 
деп  атайды.  Көздің түсі осы  нүрлы  қабықтағы  бояғыштарға  (пиг- 
менттерге) байланысты болады.  Нұрлы қабықтың ортасында  қара- 
шық  деп аталатын тесік болады.  Ол  арқылы жарық сөулесі  көздің 
ішіне өтіп, торлы қабы ққа жетеді.  Нұрлы  қабықта сақиналы жөне 
сөулелі бағытта орналасқан ет талшықтары болады.  Сақиналы еттер 
жиырылғанда көз қараш ығы тарылады,  сәулелі еттер жиырылған- 
да  - ол кеңейеді.  Осының нөтижесінде көз алмасының ішіне өтетін 
ж арық  сөулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жа- 
р ы қ  күшіне бейімделеді - көз адаптациясы  жүреді.
Қ араш ы қты қ артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет