Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет59/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

129-сурақ. Ащы ішекте қандай процестер журеді?
Қарында  өнделген қорек жеке-жеке үлеспен ащы  ішекке  өтеді. 
Ащы ішек үш бөлімге - ұлтабар ұшына (жіңішке ішекке), аш ішекке, 
мы қы н  ішекке  бөлінеді.  Ащы  ішекте  қоректік  заттар  ең  соңғы 
өнімдерге дейін ыдырап, денете сіңеді. Мүндай күрделі процестердің 
атқарылуына ішек қуысына ферментгерге бай ас қорыту сөлдерінің 
бөлінуі  жөне  іш ектің  кілегей  қабы ғы ны ң  құры лы м ды қ  ерекш е- 
ліктері эсер етеді.
Ащы ішек ас қорыту жолының ең үзьга бөлігі.  Оның ұзындығы 
ірі қарада 40-49 м, түйеде 20-25 м, қойда 24-26, жылқы мен шош қа- 
да 20 м шамасында, сыйымдылығы ас қорыту жолы сыйымдылығы- 
ның 20-30 пайызын қүрайды. Ащы ішек қуысына өт, үйқы , безінің 
сөлі жөне ішек сөлі қүйылады.  Осы сөлдер қүрамындағы фермент- 
тер өсерімен ішек куысында белоктар - 
амин  қышқылдарына,  көмірсулар  - 
моносахаридтерге, майлар - глицерин 
мен  май  қышқылдарына  ыдырайды, 
демек  соңғы  ыдырау  өнімдері  пайда 
болады.  Аталған  өнімдер  ас  қорыту 
жолының  осы бөлімінде денете үлкен 
қарқынмен сіңеді. Оған ішекгің кілегей 
қабығының құрылымдық ерекшелік- 
тері мүмкіңдік береді. Кілегейлі қабық- 
тың ішек қуысына қараған бетінде ора- 
сан көп  микроскопиялық өсінділер - 
бурлер болады  (24-сурет).  Бұл бүрлер 
бір қабат призма төрізді торшалармен 
көмкерілген.  Олардың дөнекер ұлпа- 
дан құралған нөзік түлға сүйеніші бо­
лады да, оның ішінде қан тамырлары- 
ньщ капиллярлары, лимфа тамырлары,
2 4 -сур ет .
  Іш ек бүрінің құры лы сы .
1-микробүрлер, 2 -жүйке талшықтары,
3 -артерия, 4 -вена, 5 -лимфа
тамырлары, 6-бірыңғай салалы еттер.
I l l


нерв ұиггары, бірыңғай салалы ет талшықтары орналасады. Кілегейлі 
қабықтың 1  см2-де 2500-ге дейін ішек бүрлері орын тебеді. Сондық- 
тан ішектің ішкі беткейі барқыт түгіне үқсас.  Осыдан ішектің copy 
(сіңіру) беткейі 20 еседен артық ұлғаяды, адамда ол шамамен 200 м2.
Соңғы  жылдары  электрондық  микроскоп  көмегімен  ішектің 
кілегейлі қабығын түзетін энтероциттердің беткейінде субмикроско- 
пиялық өсінділердің болатыны анықталған. Оларды микробурлер деп 
атайды.  Әрбір торшаның бетінде  3  мыңға дейін микробүр  болады. 
Олардың өрқайсысының үзындығы 0,55-1,1 мкм, жуандығы - 0,05 - 
0,08 мкм шамасында. Іш ек кілегей  қабығының 1  мм2 50-200 милли- 
онға дейін микробүрлер болады. Энтероцит беткейіндегі микробүрлер 
жиьштығын кірпікт і көмкерме деп те атайды. Түйеде микробүрлер 
ұлтабар ұшынан бастап кездеседі (Т.Несіпбаев, Е.Б.Бегаилов).  Осы 
микробүрлер ішектің сіңіру беткейін тағы да 30 есе ұлғайтады.
Сонымен,  ащы  ішекге  қорекгік заттар  ақырғы  өнімдерге дейін 
ыдырап, суда оңай еритін қосылыстар,  — соңғы өнімдер түзіледі де, 
олар орасан үлкен сіңіру беткейі арқылы қан немесе лимфаға сіңеді.
130-сурақ. Ac қорыту процесінде бауыр қандай рөл атқарады?
Бауыр  -  ас  қорыту  жүйесінің  ең  ірі  безі,  паренхималы  мүше. 
Оның негізін бауыр бөлікшелерін түзетін гепатоциттер (бауыр тор- 
шалары) құрайды. Әрбір бөлікшелер ішінде қан капиллярларының 
торы орналасады. Бауыр торшаларынан от капиллярлары бастау алып, 
онда осы торшаларда түзілген өт бөлінеді. Капиллярлар тоғыса келіп 
өт  өзекшелерін,  олар  өз  кезегінде  бауыр  өзектерін  құрайды.  Бұл 
өзектер бірігіп, жалпы бауыр өзегін, ал ол өт қабы өзегімен бірігіп, 
өт өзегін түзеді. Өт өзегі ұлтабар ұшына ашылады.
Бауырда  өт  толассыз  түзіледі,  себебі  от  бауыр  торшаларының 
түзіндісі ғана емес, бөліндісі де болып табылады. Өггің қүрамында ас 
қорыту процесіне қатыспайтын холестерин, лецитин, холин, дезок- 
сихолин, литохолин, өт пигментгері (билирубин,биливердин) сияқты 
зат алмасу өнімдері де  болады. Ал,  ішек қуысына от тек ас қорыту 
үстінде қорек қабылдаумен байланысты бөлінеді. Қорекгену аралы- 
ғьщда өт өт қапшығында жиналады. Жылқыда, түйеде, бұғыда, кеп- 
терде, егеуқүйрықта өт қабы болмайды, оның рөлін.бауыр өзегінің 
кеңіген жері - өт цистернасы атқарады. Сондықтан организмде өттің 
екі түрі болады: бауыр өті жөне қапіиық өті. Олар бір-бірінен негізінен 
физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Қапшық өті  қоюлау, қоңыр- 
қай келеді де, оның тұтқырлығы мен тығыздығы бауыр өтімен салыс- 
тырғанда  жоғары  болады.  Оның  себебі  өт  қабынан  судың  едөуір 
мөлшері  кері  сорылады.  Қ апш ы қ өтінің құрамында  85%  су болса, 
бауыр өтінде бұл көрсеткіш 97,5% құрайды. Қапш ық өтінің сутекіік
112
көрсеткіші  5,5-6,5,  тығыздығы  1,035-1,045,  ал  бауыр  өтінде  бүл 
көрсеткіш тиісінше  - 7,4 -  8,0 жөне  1,010 -  1,015.
Ac  қорыту  процесінде  өт  маңызды  рөл  атқарады.  Өт үйқы   безі 
сөлі мен ішек сөлі қүрамындағы ферментгердің өрекетін жанданды- 
рады,  оның құрамындағы  өт қыш қылдарының тұздары  майларды 
эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардьщ ыдырау 
өнімдерінің сіңуін  қамтамасыз  етеді.  Өт  іш ек қимы лы н  күшейтіп, 
қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысыңца фер- 
менттер өрекетіне қолайлы жағдайлар туғызады,  майда еритін А, Д, 
Е, К   дөрмендөрілерінің сіңуін жеңілдетеді.
Төулігіне  адам 700-1200 мл,  ит -  200-  300 мл,  қой   -  800-  100 мл, 
ш ош қа -  2,5  -  3 л, жылқы  -  5-6 л,  ірі қара -  7-9 л өт бөледі.
Бауыр зат алмасу процесінде де маңызды орын алады, тосқауыл- 
ды қ (барьерлік) қызмет атқарады.  Бауырда гликоген жинақталады, 
амин қышқылдары күрделі биохимиялық өзгерістерге үшырап, жылу 
түзіледі, зат алмасу процесінің барысында түзілген уытгы затгар (ам­
миак, индол, фенол, скатол, крезол т.б.) залалсызданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет