кезенде өр түрлі органикалық заттар түзіліп, қоректік заттар қуат
көзі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылып, ескірген құры-
лымдардың ьщырауы барысында көптеген аралық жөне ақырғы зат
алмасу өнімдері пайда болады.
Зат алмасудың соңғы, үшінші кезеңі организмде пайда болған зат
алмасу өнімдерін бөліп шығару болып табылады.
Организмде қалыпты жағдайда өтетін зат алмасу процесін
жалпы
зат алмасу деп атайды. Ол жоғарыда баяндалған процестер мен
кезендерді қамтиды да, көптеген сыртқы жөне ішкі факторларға бай-
ланысты өзгеріп отырады.
Т о л ы қ ты н ы ш ты қ пен аш қары н ж ағдайы нда организм нің
тіршілікгік маңызы зор физиологиялық процестерін қамтамасыз ететін
зат алмасу деңгейін
негізгі зат алмасу дейді. Негізгі зат алмасу процесін
зерттеу үшін үш түрлі шартгы сақтау керек: толық тыныштық, ашқа-
рын жағдайы, сыртқы ортаның бейтарап температурасы (18-20°С).
Малға төжірибе жүргізгенде бұл шарттарды сақтау өте қиы н, сон-
дықтан негізгі зат алмасу деңгейі тек адамда ғана анықталады. Жану-
арларда жалпы зат алмасу деңгейін зертгейді. Негізгі зат алмасу деңгейі
дене массасыньщ немесе беткейінің өрбір өлшеміне 1 сағат не 1 төулік
ішінде жүмсалатын кДж не ккал энергиямен сипатгалады. Ер адамда
негізгі зат алмасу деңгейі дененің 1 кг массасына 1 сағатта 4,19 кДж
немесе 1 ккал болады.
Қоректік затгардың ас қорыту ағзаларынан сіңірілгеннен кейінгі
күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын
аралық зат алмасу деп
атайды. Оның арқасында организм өзінің тіршілік өрекетін қамтама-
сыз ететін жөне әр түрлі өнімдерді өндіруге қажетгі затгар мен энер-
гияны игереді. Қорекгік заттардың организмге қажетгі құрамаларға
(компоненттерге) айналуын қамтамасыз ететін химиялық өзгерістер
тіркесін
алмасу (метаболизм) жолы, ал оны ң нөтижесінде түзілген
аралық не соңғы өнімдерді
алмасу өнімдері, немесе
метаболиттер
деп атайды. Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, май-
лардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді.
Белгілі бір жұмыстьщ атқарылуын, өнімнің (сүт, салмақ, жұмыргқа,
жүн) өндірілуін қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейін
өнімдік зат алмасу деп атайды. Мысалы, 1 кг шөпті қорыту үшін
сиыр 461 кДж энергия жүмсайды.
>
144-сурақ. Зат алмасу процесінің қарқынына қандай факторлар
эсер етеді?
Организмдегі зат пен энергия алмасу процесінің қарқыньша көпте-
ген факторлар эсер етеді, оған ықпал етпейтін бірде-бір не сыртқы,
не ішкі фактор болмайды. Зат алмасу процесі организмнің күйіне
130
(жасына, жынысына, салмағына, аумағына, бойына, қоректену, жүмыс
жөне физиологиялық жағдайына т.б.) жөне де қорш аған орта жағ-
дайларына (температура, атмосфералық қысым, дымқылдықт.б.) қарай
өзгеріп отырады. Жас организмде, сақа организммен салыстырғанда,
зат алмасу процесі қарқынды жүреді. Бүл жас организмде осу, даму
процестерінің басым болуымен байланысты. Зат алмасу процесі ана-
лы қ дарақтармен салыстырғанда аталық дарақтарда қарқьшды жүреді.
Мысалы, бұқаларда сиырмен салыстырғанда зат алмасу деңгейі 10-
26%-ға, қабандарда мегежінмен салыстырғанда 20%-ғад қораздарда
мекиенмен салыстырғанда 20-80%-га жоғары болады. Дене жұмысы,
лактация, жүктілік зат алмасу қарқынына өсер ететін неіізгі фактор
лар болып табылады.
Зат алмасу процесінің қарқыны дененің мөлшеріне байланысты да
өзгереді. Майда жануарларда ірі жануарлармен салыстырғанда дене
салмағының өр килограмына ш аққанда зат алмасу қарқы нды рақ
жүреді. Оның себебі дене массасының өр өлшеміне ш аққанда оның
беттік аумағы неғұрлым көп болса, соғұрлым жылу көбірек бөлінеді.
Осымен байланысты дене массасының өр өлшеміне ш аққанда зат
алмасу процесі жылқымен салыстырғанда егеуқұйрықта 7, тышқаңца -
20 есе күшті жүреді.
Баяңцалған заңцылық негізінде Рубнер зат алмасу қарқынына эсер
ететін бірден-бір фактор дененің бетгік аумағы деп санап, “беткей
заңын” ұсынған. Бірақ зат алмасу қарқынына тек дененің беткейінің
мөлшері ғана емес, организмнің эюлюциялық даму барысында қалып-
тасқан ерекшеліктері де эсер етеді. Мысалы, қасқыр мен ит денесінің
беттік аумағы шамалас болғанымен, олардың организмдеріндегі зат
алмасу кдрқыны өр түрпі. Томмэ зерттеулеріне сөйкес қойды қырыққан-
нан соң зат алмасу процесі орта есеппен 12,6 пайызга жоғарылайды.
Зат алмасу процесінің қарқыны төулік ішінде де өзгеріп отырады.
Оның ең төменгі мөлшері ертеңгісін байқалады да, күңдіз күшейіп,
түнге қарай төмендей бастайды. Зат алмасудың төуліктік ауытқула-
ры организмді бірқалыпты тұрақты жағдайда үстағанның өзінде де
сезіледі. Демек, эволюциялық даму барысында сыртқы орта жағдай-
ларьша бейімделу нөтижесіңце зат алмасу процестерінің қарқынында
белгілі ырғақтылық қалыптасады. Оған зат алмасу процесінде мау-
сымдық ырғақтың болуы да дөлел болады. Жаз бен көктем айларында
күз бен қыс айларына қарағанда зат алмасу процесі қарындырақ жүреді.
Зат алмасу қарқыны организм қоректеніп, торшалардың қоректік
затгарды сіңіруімен байланысты да күшейеді. Бүл құбылысты
қоректің
Достарыңызбен бөлісу: