Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет63/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

136-сурақ.  С іңіру  деген  не,  ас  қоры т у  ж олында  ол  қалай 
атқарылады ?
Сіңіру деп өр түрлі заттардың торшалар қабаты мен торшааралық 
саңлаулар арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физио- 
логиялы қ процесті айтады.  Сіңіру процесі дененің барлық ұлпала- 
рында орын алады, дегенмен оны атқаруға құрылысы мен қызметіне 
байланысты ас қорыту жолының эпителийі жақсы бейімделген.
Сіңіру процесін қамтамасыз етуде торша мембранасы мен торша- 
аралық затгар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кездегі деректерге сөй- 
кес қоректік  затгарды сіңіру процесі үш түрлі жолмен атқарылады. 
Су,  аммиак, түрлі дөрілер,  бөгде затгар физика зандылықтары  (ос­
мос,  сузілу (фильтрация),  диффузия)  негізінде  сіңіріледі.  Бүл құбы- 
лысқа торша мембранасында мөлшері 4 ангстрем шамасында майда 
жасушалардың  болуы  мүмкіндік  береді.  Қоректік  заттардың  біраз 
бөлігі  пиноцитоз құбылысы нөтижесінде  сіңіріледі  (25-сурет).  Бүл 
жағдайда оларды жеке торшалар қарбып алып, одан өрі ішкі ортаға 
өткізеді.  Пиноцитоз құбылысы өсіресе жаңа туған жас организмде 
кең  орын  алады.  Осының  нөтижесінде  уыз  құрамындағы  жоғары 
молекулалы глобулиндер ішектің кілегейлі қабығынан еш өзгеріссіз 
табиғи  күйінде  өтеді.  Іш екгің кілегейлі қабығынан жұмыртқа мен
25-сурет.
С іңіру  процесінің 
схемасы: 
1-сіңетін затгар;
2- тасымалдағыш;
3 -торшааралық саңлау;
4-цитоплазмалық 
тордың микротүтіктері;
5-  пиноцитоз;
М - сіңіру процесін 
энергиямен 
қамтамасыз ететін 
митохондрия;
Ф - сорылатын затгы 
тасымалдаушьщан 
ажырататьш фермент; 
БМ - базальдық мемб­
рана;
Д Ү - дөнекер үлпа
сүт құрамындағы белоктар да өзгеріссіз өтеді.
120
Қоректік заттар негізінен иондық, концентрациллық градиентке 
қарсы бағытта сіңіріледі. Демек, бұл торша мембранасынъщ белсенді 
қызметінің арқасында, арнаулы тасымалдағыш заттардың қатысуы- 
мен атқарылатын ьфықсыз сіңіру жолы. Сіңіру кезінде қоректік зат­
тар  молекуласы  бірнеше  мембраналық  тосқауылдан  өтеді.  Олар  - 
энтероцитгің ішек қуысына қараған апикальдық мембранасы, тор- 
шаның цитоплазмалық торының микротүтіктері, осы торшаның ка- 
пиллярға қараған негіздік (базальдық) мембранасы жөне капилляр- 
дың базальдық мембранасы. Бүл механизмге сөйкес алдымен қоректік 
заттар молекуласы энтероцит беткейінде арнаулы тасымалдаушы бе- 
локпен  байланысады.  М айларды ң  ыдырау  өнімдері  мембрана 
липидтерімен қосылады.  Осьщан пайда болған қосылыстар кешені 
АТФ-пен жанданьш (активтеніп), мембрананың іпгкі беткейіне ығыса- 
ды да, онда арнаулы ферменттер өрекетіне ұшырап субстрат молеку­
ласы тасымалдаушьщан ажырайды. Субстрат молекуласы цитоплаз- 
маның микротүтіктері арқылы торшаның базальдық мембранасына 
қарай  жылжып,  одан  өтеді де,  қан   немесе  лимфаға  сіңіріледі.  Ал, 
босанған  тасымалдаушы  торшаның  апикальдық  мембранасының 
беткейіне кері оралады да, баяндалған құбылыс қайталанады.
Академик А.М.Уголев энтероциттің апикальдық мембранасьшда 
бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдау­
шьщан қүралған фермент-тасымаддаушы кешені болатыны жайлы 
болжам айтқан. Бұл теорияға сөйкес ьщьфау өнімдері кещстікте ша- 
шырамай бірден ферментгерден тасымалдаушыға беріледі. Сол себепті 
мембраналы қ ас қорыту барысында түзілген мономерлер  ішекке 
дайы н  күйінде  құйылған  мономерлерден  шапшаң  сіңеді.  Мұндай 
ырықсыз тасымалдау жолымен табиғи субстратгар - амин қы ш қы л- 
дары, моносахаридтер, пурин жөне пиримидин негіздері сіңіріледі.
137-сурақ.  Ac  қорыту жолынан  қоректік заттар қандай  өнімдер 
турінде сіңіріледі?
Ac қорыту жолының түрлі болімінің сіңіру қабілеті өр түрлі. Ауыз 
қуысында сіңіру процесі айтарлықтай жүрмейді,  мүнда тек кейбір 
дөрілер ғана сіңеді. Қарында да сіңіру процесі онша қарқынды бол- 
майды.  Бұл жерде негізінен су,  кейбір минералды затгар,  глюкоза, 
спирт сіңеді.  Қоректік затгардың ыдырау өнімдері  күйіс  малының 
алдыңгы қарнында қарқыңды сіңіріледі. Алдьгңгы қарынньщ кілегейлі 
қабы ғы   қ ан   тамы рлары мен  ж ақсы   ж абды қталған  ж өне  он ы ң  
беткейіндегі бүрлер, үялар, қартпалар сіңіру беткейінің ауданын өл- 
деқайда ұлғайтады.  Мес қарында Ү М Қ ,  аммиак,  несепнөр,  калий, 
хлор, фосфор иондары жақсы сіңіріледі. Қатпаршақта су мен Ү М Қ
121


қарқынды сорылады. Қатпаршаққа өткен Ү М Қ-ның 70 пайызы осы 
бөлімде сіңіріледі.
Сіңіру процесі  ұлтабар  ұшында да  (жіңішке  ішекте)  онша  қар- 
қынды жүрмейді. Қоректік затгар негізінен аш жөне мықын ішекте 
сіңіріледі. Оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшелікгері 
мен  ащы  ішекте денеге  жеңіл  сіңетін  ыдырау  өнімдерінің  түзілуі 
м үмкіндік береді.  Іш ек бүрлері пішіні жағынан адамның саусағы- 
на үқсас,  оны ң биіктегі 0,2-1  мм шамасында.  Кілегейлі қабықтың 
1  мм2-де 20-40, ал  1  см2-де - 2500-ге дейін бүр болады. Адамда ішек 
бүрлерінің жалпы саны  4  млн.  жетеді.  Әр  бүрдің беткейі  бір  қабат 
цилиндрлі эпителиймен көмкеріледі де, оның ортаңғы жағында лим­
фа тамырлары (синус) орналасады. Эпителий мен синус аралығында 
майда қан  тамырлары,  нерв жөне бірыңғай салалы ет талшықтары 
орналасады. Ac қорыту кезінде бүрлер оқтын-оқтын жиырылып, бо- 
саңсып отырады да, лимфа синусы мен тамырларда жинақталған зат- 
тарды сығып шығарьш отырады. Бүрлердің қимылын мейснер өрімі 
мен  вилликинин  гормоны  реттейді.  Ішектің кілегей  қабығындағы 
қыртыстар  мен  бүрлер  оның  сіңіру  беткейін  20-25  есе  үлкейтеді. 
Іш ек бүрлерінің жалпы ауданы адамда 40 м2, сиырда -  17 м2, жылқы- 
да —  12 м 2,  итте  -  0,52 м2-ге жетеді.
Ішекгің өр бөлімінде қорекгік затгардьщ сіңірілу қарқыны өр түрлі 
болады. Белоктар мен нуклепротеидтер аш ішек пен мы қы н ішекте 
қорытылып, сіңіріледі; көмірсулар, минералды заттар, дөрмендөрілер 
үлтабар ұшы мен аш ішектің алдыңғы бөлімдерінде, майлар аш ішекгің 
ортаңғы бөліктерінде қорытылып, сіңіріледі. Өг қышқылының тұздары 
мен натрий иондары мықын ішекте сіңіріледі.
Азотты заттардың ыдырау өнімдері ішектен негізінен амин қьпн- 
қылдары,  кей жагдайда майда  молекулалы  полипептидтер  түрінде 
қанға сіңіріледі. Амин қышқылдарыньщ сіңу жылдамдығы өр түрлі 
болады. Оның себебі тасымалдаушьшың бір түрі өр текті амин қыш- 
қылдарының тасымалдануын қамтамасыз етеді,  осыдан жеке амин 
қьппқылдары арасында бөсекелестік байқалады.
Көмірсулардың ыдырау өнімдері қанға глюкоза, фруктоза, галак­
тоза түрінде сіңіріледі.  Глюкоза мен фруктоза оңай фосфорланатын 
қасиетгеріне байланысты қанға шапшаң сіңеді. Аталған өнімдер ырық- 
сыз (белсенді) тасымалдау нөтижесінде,  ал басқа моносахаридтер - 
диффузия  арқылы  сіңеді.  Күйіс  малында  көмірсулардың  ыдырау 
өнімдері қарында ҮМҚ, ал аш ішекге - моносахаридтер түрінде сіңеді.
Майлар - глицерин мен май қышқыддары, немесе май эмульсия- 
сы түрінде сіңіріледі. Глицерин суда жақсы еритін болғандықтан оңай 
сіңіріледі. Май қышқылдары суда ерімейді, сондықтан олардың сіңуі 
үшін өт қышқылдары қажет. Орташа ұзындықты тізбектен құралған
122
май қьппқылдары (СІ2) өт қьппқылдарыньщ қатысуымен тікелей қанға 
сіңеді. Үзьш тізбекгі май қьппқылдары, моно-, диглецеридтер, холес­
терин  өт  қы ш қы лым ен  қосылыс  түзген  соң  тасымалдаушылар 
өрекетінің арқасында эпителиоциттерге  өтеді.  Бейтарап майлар да 
мембрана арқылы эпителиоциттерге сіңеді. Бұл торшаларда үш гли- 
церидтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеидті қабықпен кап­
тал ады да, хиломикрон түзіледі. Хиломикрон қүрамында 87 % үшгли- 
церидтер, 7 % фосфаттар,  1  % белок,  5 % холестерин болады. Хило- 
микрондар лимфаға сіңеді.
Су ас қорыту жолының барлық бөлімінде сіңіріледі,  бірақ оның 
сіңірілу қарқыны аш ішекте қарынмен салыстырғанда  10 есе артық 
болады.  Судың сіңірілу қарқы ны  ерітіндінің осмостық  қысымына 
байланысты. Гипертониялық ерітінділерден су сіңірілмейді, керісінше 
су қаннан химусқа өтіп, ерітіндінің концентрациясы төмеңдейді. Осы­
дан кейін ғана сіңірілу процесі басталады. Изотониялық ерітінділерден 
судың сіңірілу қарқыны оңдағы еріген затгардьщ сорылу жылдамды- 
ғына төуелді. Гипотониялық ерітінділерден су жылдамырақ сіңіріледі. 
Сіңірілу процесінің барысьшда иондар арасында бөсекелестік бай- 
қалады.  Калий  иондарының  артық  мөлшері  кальцийдің сіңірілуін 
бөгейді, ал кальций май жөне өт қышқылдарымен қосылыс түрінде 
төуір сорылады.  Темір,  мыс,  мырыш,  йод,  кобальт,  бром жөне т.б. 
микроэлементтер бейорганикалық жөне органикалық қосылыстар 
түрінде сіңіріледі.
Ащы ішекке еөл құрамында бөлінген су тольц'ымен кері сорыла­
ды.  Демек,  ас  қорыту жолының  бұл  бөлімінде  судың  алмасуы  өте 
қарқынды жүреді. Мысалы, адам ішегінен төулігіне 10 л дейін (кейбір 
жағдайда  15-20 л) су сіңіріледі, оны ң 5-8 л іш ек қуысына сөл қүра- 
мында, ал қалғаны қорекпен келген су болып табылады.  Сиырдың 
ащы ішегінен төулігіне  150-180 л су өтеді, оны ң тек 10 пайызы гана 
нөжіс құрамында бөлінеді.
Тоқ  ішекте  сіңіру  процесі  аяқталады.  Ac  қорыту жолының  бұл 
бөлімінде су,  Ү М Қ,  моносахаридтер,  амин қышқылдары,  аммиак, 
несепнөр т.б.  заттар сіңіріледі.  Күйіс малының то қ  ішегінде судың 
20  пайызы,  белоктың  -  6,  көмірсулардың  -  10  жөне  липидтердің 
16 пайызы сіңіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет