Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет71/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

149-сурақ. Нуклеин қыіиқылдары деген не? Олардың қурылысы жайлы 
не білесіз?
Нуклеин қышқылдары -  маңызды биополимерлер.  Оларды  1869 
жылы ірің қүрамынан алынған лейкоцитгер ядросынан 
Швейцария 
химигі Ф.Мишер бөліп алған.  Кейінірек бүл қосылыстар өсімдік пен 
барлық жануарлар торшалары, вирустар мен бактериялар қүрамында 
табылған.
Табиғатта нуклеин қышқылдарының екі түрі - дезоксирибонук- 
леин (ДНК) жөне рибонуклеин (РНК) қьпиқыддары кездеседі. Олар- 
дың атгары қүрамындағы пентозалы қанттың табиғатына байланыс­
ты. Д Н К  молекуласында пентозды қант дезоксирибоза, ал РН К  мо- 
лекуласында  -  рибоза  кездеседі.  Д Н К   мен  Р Н К -ны ң  бірнеше  түрі 
болады. Олар қүрылысы мен қызметі жағынан ерекшеленеді. Эр орга­
низм тек өзіне ғана төн нуклеин қышқылдарының жиынтыгын үстай- 
ды. Бүл қышқылдар генетикалық ақпаратгың сақталуын жөне үрпақ- 
тан үрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Д Н К  негізінен торша ядро- 
сының хромосомаларында (торшадағы Д Н К -н ы ң  99%-ы) жөне ми- 
тохондрияларда орналасады.  РН К  ядрошықтар, рибосомалар, мито- 
хондриялар мен цитоплазма құрамьша енеді.
Д Н К  молекуласы  бір-біріне  спираль  (ш иырш ық)  түрінде  орала 
орналасқан қосарланған полинуклеотидтік тізбектен қүралады. Әр
137


тізбек нуклеотидтерден түзіледі. Нуклеин қышқылдары молекулала- 
ры құрамында нуклеотидтер саны өртүрлі. Тасымалдаушы РН К  мо- 
лекуласында олардың саны 80-ге жуық болса, Д Н К  молекуласында 
ондаған мыңға жетеді. Д Н К -ны ң кез келген нуклеотидінің қүрамы- 
на аденин, гуанин, тимин, цитозин азотты негіздерінің бірі, дезокси- 
рибоза  жөне  ф осф ор  қы ш қы лы ны ң  қалдығы  енеді.  Р Н К -н ы ң  
нуклеотидтерінің құрамына азотты негіздер -  аденин,  гуанин, ура- 
цил,  цитозиннің бірі, рибоза жөне фосфор қыш қылының қалдығы 
енеді. Демек, нуклеотидтер тек азотгы негіз сипатымен өзгешеленеді. 
Цитозин,  тимин,  уроцил  -  пиримидин  негіздеріне,  ал  аденин  мен 
гуанин - пурин негіздеріне жатады.
150- 
сурақ.  Д Н К  мен  РН К  қурылысында,  қурамында,  қасиеттері 
мен қызметтерінде қандай өзгешеліктер болады?
Д Н К  мен  РН К  тек құрылысы,  торшада  орнығуы  жағынан  ғана 
емес, қасиетгері мен атқаратын қызметгері жағынан да ерекшеленеді.
Д Н К  молекуласы бір-біріне спираль түрінде бұрала орналасқан 
қос  полинуклеотидтік тізбекген құралса,  РН К  молекуласы жалғыз 
полинуклеотидтік тізбекген құралады. Д Н К  мономері -  рибонукле- 
отидгер. Дезоксинуклеотидтер құрамында азотгы негіз (аденин, гуа­
нин,  тимин,  цитозин), дезоксирибоза жөне фосфор қышқылының 
қалдығы болса, рибонуклеотид құрамына азотгы негіз (аденин, гуанин, 
урацил, цитозин), рибоза жөне фосфор қьппқылыньщ қалдьпы енеді.
Д Н К   нуклеотидтері  аденилді  (А),  гуанилді  (Г),  тимидилді  (Т), 
цитқдильді, ал РН К  нуклеотңдтері аденилді (А), гуанилді (Г), уридилді 
(У) жөне цитидильді (Ц) типке жатады.
Д Н К   молекуласы  тұрақты  жөне  репликациялануға  (еселенуге) 
қабілетгі, ал РН К  молекуласы өзгеріш (лабильді) және репликацияла- 
нуға қабілетсіз. Д Н К  торша ядросы мен митохондрияларда, ал РН К  - 
ядрода, цитоплазмада, рибосома мен митохондрияларда орналасады.
Д Н К  гендік ақпаратты сақтап, ұрпаққа береді, ал РН К  (ақпарат- 
ты қ жөне тасымалдаушы РНК) белок биосинтезін қамтамасыз етеді. 
Д Н К  Р Н К -ны ң құрылымын,  ал  РН К  түзілетін белок молекуласы- 
ның құрылысын анықтайды.
151- 
сурақ.  Торша қурамында РНК-ның қандай турлері болады және 
олар қандай қызмет атқарады?
Торша құрамында РНК-ның бірнеше түрі болады. Олар бір-бірінен 
молекуласының  мөлшерімен,  құрылымымен,  орнығу жағдайымен 
жөне қызметімен ерекшеленеді. Торша құрамындағы РН К -ны ң ша- 
мамен 10%-ын кіші молекулалы тасымалдаушы РН К  (тРНК) күрай- 
Ды.  Генетикалық  ақпаратқа  сөйкес тР Н К  белок түзілетін жерге  — 
138
рибосомаға белгілі бір амин қышқылын жеткізіп береді. Демек, тРНК- 
ның жалпы саны жиырмадан асады. Олар бір-бірінен нуклеотидгердің 
тізбектелу ретімен ерекшеленеді.
Торша РН К -сы ны ң 85%-на жуығын рибосомалық Р Н К  (рРНК) 
құрайды.  Олар  рибосомалар  құрамы на  енді де,  құраушы  қызмет 
атқарады.  Р Н К -ны ң  бұл  түрі  белок  биосинтезі  барысында  амин 
қышқылдарын пептидтік тізбекке бірікгіретін рибосоманьщ белсенді 
орталығын қүрауға қатысады.
РН К  түрлерінің арасында маңызды орынды ақпараттық немесе 
матрицалық Р Н К  (иРН К) алады.  РН К -ны ң жалпы мөлшерінің 5% 
шамасында  ғана  болғанымен,  олар  белок синтезінің Д Н К  кодына 
сөйкес жүруін қамтамасыз етеді. Әр иРН К  белоктың белгіпі бір түрінің 
түзілуіне жауап береді.  иРН К  молекуласы Д Н К -н ы ң  белгілі бір ген 
орныққан бөлігінде түзіледі де, болашақ синтезделетін белоктың құры- 
лымы  жайлы  ақпаратгы  нуклеотидтердің  тізбекгегі  орналасу  реті 
түрінде қабылдап (көшіріп) алады. Олар осы ақпаратты рибосомаға 
тасымалдап, белокты синтездеу кезінде оны жүзеге асырады.
Сонымен,  торшада  РН К -ны ң  барлық  тобы  қызметі  жағынан 
бірлескен  жүйе  құрып,  сол  торшаға  тән  белоктардың  синтезделу 
процесін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет