Байланысты: nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy
6-ТАРАУ ЗАТ П ЕН ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫ
Іуі41-сурақ. 3am алмасу деген не, оның қуат (энергия) алмасуымен байланысы қандай? Tipi организм өлі табиғаттан өзінің күрделі химиялық құрамы-
ның салыстырмалы түрақтылығьш сақтау мүмкіңдігімен ерекшеленеді.
Осының арқасында организмнің тіршілік өрекеті атқарылады.
Организмнің өрбір торшасының молекулалық құрамы үздіксіз жа-
ңарып отырады. Олардың біразы толық бүзылады да, жаңа молеку-
лалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге ұшырай-
ды. Осындай өзгерістер үстінде кейбір заттар өзінің биологиялық
құны н толық жояды да, тез алмастырылады. Сол себепті кез келген
организм өзінің тіршілік өрекетін сақтау үшін сьіртқы ортадан қүры-
лымдық материалдарды қабылдап отыруға мөжбүр болады. Тірі
организмдегі осындай химиялық жөне физикалық өзгерістер жиын-
тығын зат алмасу деп атайды.
Жеке торшалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организмге сырт-
қы ортадан қорек қүрамында келген қоректік заттардың өзгерістері-
мен, торша цитоплазмасыньщ қүрамына енуімен байланысты. Демек,
зат алмасу дегеніміз тіршілік процестерінің химиялық қозғалысы.
Энергия алмасуы деп организмде энергия түрлерінің бір-біріне
ауысуын, түрленуін жөне қуатты заттардың жинақталып, пайдала-
нылуын айтады.
Тірі организмге төн қасиеттердің бірі - құрылымдық өзгерістер
мен энергия алмасуының түтастығы. Торша құрамындағы химиялық
затгар бір жағынан құрамының тұрақтылығымен ерекшеленсе, екінші
жағьшан ферменттердің өсерімен ьщырап, түрленіп, энергия көзіне
айналып отырады. Демек, зат пен энергияның алмасуы бір-бірімен
тығыз байланыста жүреді, олар біртұтас процестің екі қүрамасы.
142-сурақ. Ассимиляция және диссимиляция деген не, олардың ¥анаболизм және катаболизм процестерімен уқсастыгы мен айыр- машылыгы қрндай? Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты ассимиля
ция жөне диссимиляция процестерінің жиынтығы. Ассимиляция - зат
алмасу процесінің қорекгік заттарды қабылдаумен, оларды дененің
құрылымына - тірі материяға (торша цитоплазмасына, организм қоры-
на) айналдырумен байланысты бөлімі. Ол бірнеше сатыда атқарыла-
ды: 1) сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау; 2) қабыл-
данған заттарды организм ұлпалары мен торшалары сіңіре алатын
128
қосылысқа айналдыру; 3) торша құрылымын, биоіюгиялық белсенді
заттарды түзу, ескірген қүрылымдарды алмастыру, жаңарту; 4) қара-
пайым заттардан күрделі қосылыстар түзу; 5) денеде қор жинау.
Демек, ассимиляция анаболизмге ұқсас түсінік, бірақ ол торшадан
тыс жүретін процестерді (қорек қабылдау, денеде қор жинақтау т.б.)
қамтиды. Анаболизм — ұлпалар мен торшалардың қоректік заттарды
сіңіріп, организмге төн дене құрамын, тіршілік өрекетгері үшін қажетгі
қосылыстарды түзуді қамтамасыз ететін физиологиялық-биохимия-
лы қ процестер жиынтығы. Бүл процестер бос энергияны пайдалану,
шығындау нөтижесінде атқарылады. Демек, анаболизм - эндоэнер-
гиялық процесс. Анаболизм ассимиляциямен салыстырганда тар угым. Биологиялық мөні жағынан анаболизм қарапайым алғы заттард&н
ферментгік жолмен торшаға төн күрделі қосылыстардың-қүрамалар-
дың (полисахаридтердің, нуклеин қышқылдарының, белоктардың,
майлардың) түзілуі. Демек, ол өр түрлі “сөрелерден” басталып, белгілі
бір межеде, белгілі бір өнім түзумен аяқталады. Бұл процестер
нәтижесінде торша өсіп, оның құрылымы күрделенеді.
Диссимиляция - зат алмасу процесінің тірі материяны ыдырату-
мен, бұзумен байланысты бөлімі. Диссимиляция да бірнеше сатыда
өтеді: 1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау); 2) күрделі
қосылыстарды қарапайым затгарға ыдырату; 3) үлпа мен торшаның
ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу; 4) қуатгы заттарды ыдыратып,
энергия бөлу; 5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шы-
ғару. Диссимиляция катаболизм процесін қамтиды. Катаболизм нөтижесінде торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым затгарға
ыдырап, энергия босайды. Бүл энергияны организм өзінің тіршілік
өрекетін сақтау, атқару, өніп-өсу үшін жүмсайды жөне түрлеңціреді -
энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, жылу энергия-
ларына) айналдырады. Катаболизм белгілі бір “сөреден” басталып
(нақтылы бір қосылыстың - белоктың, көмірсудың, майдьщ ыдырауы-
нан басталып), өр түрлі межеде - өр түрлі өнім түзумен аяқталады.
Ассимиляция мен диссимиляция - егіз, бір-бірімен тығыз байла
нысты процестер. Олар бірінсіз бірі атқарылмайды. А ссимиляция
болмаса диссимиляция жүрмейді, диссимиляция жүрмесе - ассими
ляция тоқтайды.